Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр

Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр (туған жылы белгісіз – 1471 жыл) — XV ғасырдағы көшпелі Әбілхайыр ордасының билеушісі. Шайбани әулетінен шыққан Әбілхайыр ханның баласы. 16 ғасырдағы жазба деректерге қарағанда, Шейх-Хайдар бен Әбілхайыр хан тағына әкесі қайтыс болғаннан кейін тікелей мұрагерлік жолмен отырған.

Шейх Хайдар
Лауазымы
Ту
Әбілхайыр Ордасының 3-ші ханы
1469 — 1471
ІзашарыЕдігер хан
ІзбасарыКүш-Хайдар хан
Өмірбаяны
ДініИслам
Дүниеге келуібелгісіз
Қайтыс болуы1471
ӘкесіӘбілқайыр хан

Бірақ Шадидің “Фатхнама” атты еңбегінде Әбілхайыр қайтыс болған соң хан тағына Иодгар (Ядғар, Жәдігер) ие болды деп көрсетілген. Дегенмен, әр түрлі деректердің барлығы Шейх-Хайдар бен Әбілхайырдың өзбек ұлысында билік құрғанын баяндайды. Бірақ ол елде берік тәртіп орната алмады. Соңында әскер басылары да Шейх-Хайдар бен Әбілхайырды тастап кетуге мәжбүр болды. Оның осындай әлсіздігін пайдаланған Жошы хан әулетінің өкілдері Айбақ хан мен Ахмед ханның әскерлері Шейх-Хайдар бен Әбілхайырға шабуыл жасап, оны талқандады. Осы шайқаста ханның өзі де қаза тапқан.

Дереккөздер

🔥 Top keywords: