Наймандар

түркі тілді тайпа, қазақ халқы құрамына кіріп, руға айналған

(Найман бетінен бағытталды)

Наймандарқазақ халқын құрған ежелгі ірі түркі тайпаларының бірі. Наймандардың тарихта ірі мемлекет және сол ғасырдың беделді тайпасы болғанын парсы тарихшысы Рашид әд-Дин жазады. Найман тайпасы көптеген хандықтар, ұлы ұлыстар мен қағанаттардың негізін көтерген, соның бірі Шыңғысхан империясы. 15 ғасырдың ортасында Әбілхайыр ордасынан бөлініп, Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек сұлтандарды бірінші қолдаған тайпа. Наймандар Қытай деректерінде Орта Азияның көне және Алтай таулары мен Саян жотасының ең мықты тайпасы ретінде жазылады.[1]

Найман
Найман тайпасының тағы бір ерекшелігі ішіндегі әр рудың өз таңбасы мен ұраны бар.
Ұраны: Қаптағай! - күллі Найман ұрандайтын есім, ішіндегі руларда өз ұраны бар
Лақап атауы: Найман
Шығу тегі: 1-ғасырдан
Жүзі: Орта жүз
Тайпасы : Найман
Бөлімдері  : Төлегетай,Сарыжомарт,Өкіреш
Тараулары   :Матай, Қаракерей,Төртуыл, Садыр, Бағаналы, Балталы, Қаратай Терістаңбалы, Ергенекті , Бура, Көкжарлы, Сарыжомарт, Дүрмен-барлас[2]
Ақсақалы: Алтын Орда биі Найман Аққожа[3]
Қыстаулары: Сарыарқа, Алтай, Тарбағатай, Шыңғыстау
Жайлаулары: Ұлытау, Кішітау, Көктоғай, Шыңғыстау
Веб-торабы: Ертіс пен Іле
A.
Шыңғыс хан қол астындағы наймандардың XIII ғасырда орналасқан жері.

Наймандардың пайда болу тарихыөңдеу

Тарих Еділ қағанның заманынан басталады. Наймандар 3 ғасырда Теле тайпасы ретінде Ғұн мемлекетінің іргетасын көтергені жайлы көнеқытай деректерінде жазылған,Найман тайпасының әр руының өз қағандығы мен хандығы болған мысалға:Шан Матай империясы (Ежелгі Қытай) сияқты мемлекеттер - біздің эрамызға дейінгі II ғасыр наймандардың әр руынан құрылды. Б.з.д Біздің эрамызға дейін, Закавказьедегі Оногор-Найман хандығы, Найман-Боарикс империясы - II ғасыр Б.з.д, Иранның солтүстігіндегі Хан Матаев-Мадия (Медиа) империясы - VI ғасыр Б.з.д д., Мысырдағы Найман-Гиксос империясы - шамамен 18 ғасыр. Б.з.д Б.з.б., Найман қағанаты - IX–XIII ғасырлар аралығы Б.з.д Б.з.д., Садыр-наймандар Тан империясы (ерте ортағасырлық Қытай) - VX ғасырлар, Аттиладағы ғұн-наймандар империясы IV–V ғасырлар аралығы, Қырымдағы Оногор-наймандар мемлекеті (княздігі) - VI ғасыр, шығыс Қазақстандағы Юебань империясы - III–VIII ғасырлар аралығы, Киев қағанаты - X ғасыр, Қараханид қағанаты - IX–XIII ғасырлар аралығы, Жетісудағы Күшлік хан империясы - XIII ғасыр, Найман Ақсақ Темір империясы - XIV ғасыр және басқалар.

Қытай тарихында сақталынған 9–12-ші ғасырлардағы «Қидан деректері (ляушы, 辽史)» мен «Алтын патшалығының деректерінде (жиншы, 金史)» наймандардың бұрынғы аты «жанбон», «жанбақ», «жәнбагі», «жанбағ» (қытайша: 粘拔恩 немесе 粘八噶) деп жазылған. Найман атауын қидандар Алтай тауларындағы сегіз өзенді айнала орналасқан тайпаларға берген, кейін осы атпен Найман аталып кетті. [4]Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Қазіргі уақытта олардың түркі тектес екендігі толық дәлелденген. Көптеген зерттеушілердің пікірінше “найман” атауы моңғолша “сегіз” деген сөзді білдіреді. “Оғыз тайпасынан шыққан наймандар түркі тілдес халық болды. Олар 8-ші ғасырдан бастап “сегіз оғыздар”, кейінірек “цзбу-бу” одағын құрап келді. “Найман” сөзі оларға көрші халықтардың берген атауы” деп жазды Л.Л. Викторова. Әбілғазының пікірінше: “наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық”. “Селенга тас жазуы” деп аталатын 750 жылы тұрғызылған ұйғыр ескерткішінде, “Ляо ши” жазбаларында (8 ғасыр) сегіз-оғыздар туралы мәліметтер кездеседі. Сегіз оғыз жұртын әуелі “найман аймақ” (“сегіз тайпа”) деп 10-шы ғасырда қидандар атай бастаған деген топшылау бар. Кейіннен моңғол империясының дәуірлеуі бұл сөздің негізгі атау орнына қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған. Зерттеушілер бұл тайпа 10-шы ғасырдан “найман” деп атала бастаса да, 13-ші ғасырға дейін бұрынғы “сегіз” аты қосарлана айтылып келгенін алға тартады.

Наймандар өзге мемлекетер құрамындаөңдеу

Наймандар моңғол империясы құрамында.
Джованни Джакомо Де Россидің картасындағы наймандар (1687)

Сегіз оғыздар Түрік қағанатының шығыс бөлігінде орналасты. Шығыс Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін олар біраз уақыт Ұйғыр қағандығының, кейіннен Солтүстік Қытайдан ауып келген қидандардың (Ляо әулеті) қол астына қарады. Осы кезде сегіз оғыз атауының орнына наймандар сөзі орнықты. 12 ғ-дың бас кезінде қидандар Цзинь әулетінен (шүршіттер) жеңіліп, Жетісуға ауған кезде наймандар жеке ұлыс болып қалыптасуға мүмкіндік алды. 12 ғ-дың 2-жартысында олар Орт. Азиядағы ең күшті, жетекші мемл. бірлестіктердің біріне айналып, алыс-жақын елдермен дипломат. қарым-қатынас орнатты (қ Найман мемлекеті). Осы кезеңдегі жазба деректерінде наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан[5] империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедей ханның ұлысына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына дейін орналасты. 15 ғасырдада едәуір бөлігі Әбілхайыр ханның, кейіннен Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. Қалған бөлігі Қазақ хандығын құраған негізгі тайпалармен бірге Моғолстан жеріне ауды. 16 – 17 ғ-ларда кейбір найман рулары Атбасар, Ырғыз аймақтарында өмір сүрген. М.Шайбанимен[6] бірге Мауераннахрға ауған наймандар Сырдарияның төм. ағысындағы Балық пен Мерв аралығы өңірлерінің саяси-әлеум. өмірінде жүзден аса жыл маңызды рөл атқарды. 1620 – 25 ж. Хорезмдегі билік үшін болған тартыстан кейін наймандар бас сауғалап бір тобы қырғыздарға, бір бөлігі Еділ, Жайықтағы Ноғай ордасына, енді бірі Бұхар хандығына бағынды. М.Тынышбаевтың[7] айтуынша, 1680 ж. наймандардың бір тобы Әулиеатадан Ташкентке дейін, Арыс пен Сырдария өңірін,Қаратау сілемдерін қоныстана бастаған. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”[8] жылдарында наймандардың көпшілігі қырылып, қалғаны Самарқанд, Бұхар өңірлеріне ығысады. 1726 ж. наймандар Ресей шекарасына жақын келіп, Сәмеке ханның қол астына өткен. Ол қайтыс болғаннан кейін Абылай билігіне қарай бет бұрып, Алакөл, Зайсан, Алтайға дейінгі алқапқа орын тебеді. Олар қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысты. Қазақ қолы 1750 – 60 ж. Жетісу мен Алтайды жоңғарлардан азат еткенде наймандар Қара Ертіс, Бұқтырмаға дейінгі бұрынғы ата мекенінің бір шетіне ие болып, сонда түбегейлі орнығып қалды. Бұл қоныстану 1810 жылға дейін жалғасты. 1917 ж. Ресей үкіметі жүргізген санақ бойынша Ресей және Қытай империяларының құрамында 830 мыңдай наймандар өмір сүрген.Наймандар Орт. Азияның өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, т.б. халықтарының құрамына енген.

Қазақ халқы құрамындағы наймандарөңдеу

Генадий Волковский[9]:өңдеу

«Наймандар Орта жүздің аса ірі тайпасы»

Қазақ халқының шежіре деректері бойынша наймандар Орта жүзге кіреді. Қазақ халқының құрамындағы наймандардан: терістаңбалы (кейде елата), сүгірші, төлегетай деген рулар бірлестіктері тарайды. Терістаңбалыдан: мәмбет, рысқұл; сүгіршіден: балталы, бағаналы, ергенекті; төлегетайдан: қаракерей, мұрын, төртуыл, матай, аталық (кейбір деректерде кенже), садыр. Келесі бір шежіре нұсқасында наймандардан тоқпан, елата, өкіреш таратылады. Елатадан: келбұға мен кетбұға; өкірештен: төлегетай және сүгірші; төлегетайдан: қаракерей, төртуыл, садыр, матай тарайды. Сүгіршіден: ергенекті, бағаналы, балталы; ергенектіден: көкжарлы, сарыжомарт, бура рулары тарайды. Әр рудың өз рулық таңбасы мен ұраны бар.

Наймандардың ортақ таңбасы – Y (бақан), ұраны – Қаптағай.

Найман Хандығыөңдеу

Батысында Ертіс өзені бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен жәнеоңтүстігінде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғысхан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғысхан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.

Найман хандығының хандарыөңдеу

Және тағы басқа хандар.

Наймандардың діндеріөңдеу

Христиан дініне өтуі:өңдеу

Шамамен 1007 немесе 1008 жылдары Найман ханы Мерв митрополитеніне елшілік жібереді және өз халқымен бірге христиандықтың несториан бағытын қабылдайды. Керейлермен, Онғұттармен және Татарлармен бірге моңғол тайпаларының бір бөлігі Христиан дінін қабылдайды.

Кетбұғаның дініөңдеу

Кетбұға(1184-1260) – ұлы жыршы, қазақ жыраулық өнерінің негізін қалаушы, Шыңғысханның сенімді қолбасшысы, домбыраның әкесі.Найман тайпасының Бағаналы руынан шыққан, Христиан дінін ұстанған.

Наймандардың Ислам дінін қабылдауыөңдеу

Наймандар Алтын Ордада 14 ғасырдың басында Өзбек ханның тұсында Ислам дінін қабылдаған.

Найманнан шыққан Шыңғысханның қолбасшыларыөңдеу

  1. Кетбұға бек
  2. Жүргетай бек
  3. Тоты-Тұлға
  4. Коксу-Сарыбұқа
  5. Желме-Бұқа
  6. Тақай-Бұқа
  7. Мыңқайыр бек
  8. Дөледей-Бұқа
  9. Бөкен-Бұқа
  10. Ұнғыран бек
  11. Кішілік-Бұқа
  12. Дар-Бұқа бек
  13. Марағай-Бұқа
  14. Тұнғытай бек
  15. Сүзеген-Бұқа
  16. Жедер-Бұқа
  17. Тарбұқа бек
  18. Қадай-Бұқа
  19. Құрбан-Бұқа
  20. Бұқа бек
  21. Едіге Танашұлы бек

Және тағы басқалары, Шыңғысханның мыңдаған қолбасшылары Найман тайпасының бектері және Бұқа деген атауды тек қолбасшылар мен сыйлы адамдарға берген.

Найман Әмір Темірдің қолбасшыларыөңдеу

  1. Едіге Танашұлы-бек
  2. Латифаллах-бек
  3. Тұқай-Темір-бек
  4. Темур ходжа-бек
  5. Еркебулан-мырза
  6. Әмір Әубәкир-бек
  7. Әмір Ақ-Буқа
  8. Әмір Әли-Тұтақ
  9. Саадат-әмір

Ақсақ Темірдің бас қолбасшыларының бәрі Найман тайпасынан болды,ол тек өзінің адамдарына сенген деседі.

Найманөңдеу

Аристов «Найман деген Катуни өзенінің бір айрығы еді, сол өзен атыменен қойылған» дейді. Ескі заманда найман көп ел болған, Шыңғыс хан тұсында Таң, Бұйрық деген ағайынды екі хан билеп, екі бөлініп тұрды. Шыңғыс екі ханды да өлтіріп, елін шапқанда, найманның бір бөлегі күнбатысқа барып, осы күнгі моңғол ішінде моңғол болып қалған наймандар - соның нәсілі. Бұл найманның да көбі жер жүзіндегі түрік нәсілдерінде бар. Орта жүздегі Найман, біздің қазақтың ескі сөзінше, Софы мырза дегеннің нәсілі. Оны Баба мырза деген інісі өлтіргенде, Софы мырзаның тоқалының жалғыз баласы Өкіреш қазақ ішіне көшіпті. Осы сөз Әбілғазы ханның сөзіне тура келеді. Себебі Әбілғазының әкесі араб Мұхамедханды өлтіріп, «орнына хан қоямын» деп Софы мырза Самарқандтан Хысырау деген хан нәсілді біреуді алып келгенде, араб Махмұд біліп Хысырауды өлтіріп, Софы мырзаны өзіне нөкер болып тұрған Софының інісі Баба мырзаға бергенде, «мен ханға дұшпан кісіні аға қылмаймын» деп өз ағасын өзі өлтірді деп жазады. Орта жүздегі найманның бергі аталары туралы жазылған Спасский, Аристов, Маевский деген орыс жазушыларының сөзінде жауынгер болып жазылды. Біздің білуімізше, орта жүздегі Найман атасы - Софы мырза, оның баласы - Өкіреш, оның үш баласы - Домбауыл, Сүгірше, Саржомарт. Домбауыл тұқымы жылқысына теріс жағынан таңба басып Терістаңбалы атанды.

Терістаңбалы – Найман елінің ноқта ағасы,

ол ішінен екі руға бөлінеді Бағаналы, Балталы екеуі ағайынды емес бірақ ата қонысы бір болғандықтан екеуі бірге айтылады, арғы аталары туыстас Найман. Сүгіршенің баласы - Қытай, оның баласы - Төлегетай, оның төрт баласы - Қаракерей, Матай, Садыр, Төртұл, бұл төртеуі:

Төлегетайдың төрт арыстаны

Қаракерейдің екі баласы - Байторы, Ерторы. Байторының баласы - Байыс және асырап алған Ақнайман бұл Найман ішінде жеке ру атанды. Ерторының баласы - Байсиық және асырап алған Қарамолда, Байыстың бәйбішеден төрт баласы - Мәмбетқұл, Сыбанқұл, Ахмедқұл, Сары. Мәмбетқұл жас күнінде өкпешіл болып, қыржиып отыра бергеннен Қыржи атанды. Сыбанқұл Сыбан атанып, Ахмедқұл Ақымбет атанды. Байыстың тоқалынан екі баласы - Тума, Тоқбақ және тоқалынан екі бала - Бошатчы, Байғана. Және Байыстың Мақта апай деген бір қызы Тоқтарқожа дегенге тиіп, Байжігіт, Жанжігіт деген екі бала тауып, Жанжігіт әкесімен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт мұнда қалған. Жоғарыдағы Сарының қатынының аты Мұрын екен, Сарының нәсілі сол шешелерінің атымен Мұрын атанды; жоғарғы Байсиықтың төрт баласы - Жанғұлы, Меңлібай, Төбет, Ақбелбеу. Бұл төртеуіменен Қарамолда және асыранды Семіз Найман атанды. Жоғырғы Матайдың үш баласы - Аталық, Кенже, Қаптағай - Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы Қызай атанды.

Найманның тағы бір үлкен елі Сарыжомарт, Сары мырза еліне қаһарман, жомарт болғаннан кейін Сары атына Жомарт жұрнағы қосылып Сарыжомарт атандыЖоғарғы Сарыжомарттың бәйбішесінен - Қаратай және тоқалдың төрт баласы - Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз. Бұл төртеуі нағашысы Уақ ішіне кетіп, күні бүгін ергенекті уақ атанып кетті. Оның себебі, Саржомарттың нәсілі Ергенек таңба салып:

Ергенекті Найман

аталды. Сол себептен бұлар Ергенекті деді. Бірақ халықтың көбі оларды Уақ деп кетті. Саржомарттың тоқалының балалары - Бура және Көкжарлы.[10].

Тарихыөңдеу

Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген атпен әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша: «Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен халық». Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды Түрік қағанаты заманында дүниеге келген ата жазуымызда Моңғолиядағы қазақ ғалымы әрі қайраткері Қ.Сартқожаұлының дәлелдеуінше, «Байырқу», «сегіз оғұз» тайпасы түрінде көрініс береді. Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, «оғұз» сөзінің көне Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге келеді. ( «оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім). Ал «найман» моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғыұз жұртын әуелі «найман аймақ» ( «сегіз тайпа») деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар атай бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан «найман» деп атала бастаса да, ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» аты да қосарлана байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр) наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады.

Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағы» мен «Моңғолдың құпия шежіресінің» көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар деп аталатын саласы мен Халқын гол өзені алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдықтың бас кезінде осы қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта (Онон, Керуленөзендерінің алқабы) хунну, дунхулардың бір сынығы болып табылатын түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен іргелес, кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы сөзден «қытай» атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі мен ықпал-әсері тым етене байқалатын. Түркі тайпаларының қақ ортасында жатқан осы жұрттардың соңыра моңғол тілді атанып кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі құрттай дендеп кеткен жойқын ассимиляйиясына тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес. (Мұндай мысалды алыстан іздеудің қажеті де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған жарты ғасыр ішінде, қазақтың жартысына жуығының орыс тілді болып шыға келгені көз алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында Ұлы Қидан (Ляо мемлекеті) ыдырап, қидандардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, Қарақытай мемлекетін құрғаны белгілі (1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға сіңісіп кетті. Ал сол ғасырдың соңына таман Онон, Керулен алқабын жайлаған тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас көсем бастаған қият тайпасы лау етіп көтеріліп, «тарыдай шашыраған моңғолдың басын қосып», аз уақытта-ақ маңындағы елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне айналды. Моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлы Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс) деген есімді еншілеген керейлердің ханы Торы (Торғыл) екенін айтады. Торыны оған қытайлар берген «Уаң» яки, бір елдің әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі, әрі әкесі Есугейдің андасы болғаннан кейін Торы бұл есімді «жақсы тілек», «жарым ырыс» қылып айтса айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы Татар (тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына бағындырып алғаннан кейін, Керей елінің өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны (Уаң ханды) туған жерінен безіндіріп, ақыры ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ қаза тапты. Ал ауқатты Найман мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары тарихи жылнамаларда жан-жақты жазылып қалған бір хикая.

Темүжиннің әкесі Есүгей батырдың тұсында Найман елін Инанч Білге қаған билеген еді. «Инанч» - сенімді, «білге» - білгір, кемеңгер деген сөз. Сол Инанч білгенің заманында наймандар Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың) қармағынан құтылып, бостандығын алады. Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі баласы байбұқа (қосалқы аты – Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) «үлкен әмірші» (деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған) мен Бүйректің таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу арасындағы араздық ұлысты екіге бөліп тынады. Тай хан үлкені болғандықтан, әкесінің орнында жазық аймақты, Бүйрек таулы өңірді мекендейді. Наймандар мен Шыңғыс хан әскерінің алғашқы шайқасы 1199 жылы Алтай өңіріндегі Үліңгір көлінің маңында өткен еді. Онда Шыңғыс керей ханы Торының шақыруымен одақтас ретінде көмекке келген. Сол жолы Бүйрек хан ойсырай жеңіліп, өзі Енисей қырғыздарына қашып құтылады. Арада үш жыл өтпей жатып, олар тағы да шайқас даласында бас қосқан. Бірақ бұл жолы да Шыңғыс хан мен Уаң ханның тізе қоса қимылдауы Бүйрек ханның ойсырай жеңілуіне мәжбүр етті. Ол басын әзер сауғалап, тағы да қашып құтылды.Бұдан кейін Шыңғыс ханның керейлермен жауласып, Торы ханның (Уаң ханның) түбіне жеткенін жаңа айттық. Оны өлтірген Бүйрік ханның ағасы Тай ханның жасауылдары болатын. Сол хабарға көзі анық жеткен Тай бойын ашу-ыза кернеп: «Күншығыстағы аз моңғол қыр көрсететінді шығарды. Атасынан асыл жаралған Уаң ханды алуан түрлі қырмен қорқытып, безендіріп, өлімге душар етті. Сөйтіп олар бәрін иеленіп, қаған болмақшы ғой, тегі? Күн мен ай аспанды үнемі жарық етіп тұру үшінжаратылған болар. Ал жерде екі қаған бола алмайды. Ендеше сол аз моңғолды байлап әкелейік», - дейді. («Моңғолдың құпия шежіресі»). Сонда Тай ханның кіші шешесі Кербез: «Қайтпексің, ол моңғолдар қоңырсыған иісті, қомыт-қомыт киімді емес пе? Әкеліп қайтесің. Аулап жүргенің жөн ғой. Тек өңі түзу қыз-қатындарын әкеліп, қол-аяғыңды жуындарап, мал сауғызса жетпей ме?» - дейді.Тай хан маңайындағы әлі де моңғолдарға бағына қоймаған меркіт, қатаған, дүрбет тайпалары және бұрын талқандалған керейлер мен татарлардың біраз бөлігімен одақ құрып, Шыңғыс ханға қарсы жорыққа қамданады. Алайда бұл хабарды алысымен, Шыңғыс ертерек қимылдап, одақтастар әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды тас-талқан етеді. Тай хан соғыста қаза тауып, оның ұлы Күшлік аман қалған жұртын бастап, бұл кезде Алтайдың солтүстігінде жүрген ағасы Бүйрек ханға келіп паналайды. Осыдан кейін бүкіл найман елінің қонысы моңғолдың қоластына қараған. «Құпия шежіреде» Тай ханның кіші шешесі Кербез (Күрбесу) ханымды Шыңғыс хан алдына әкелдіріп: «Сен моңғолды сасық депсің ғой. Қандай екен», - деп өзіне тоқал етіп алғандығы жазылады.

Қанаттас отырған ірі көршілері наймандар мен керейіттерді осылайша жеңгеннен кейін бұл өңірде енді Шыңғыс ханды тоқтата алатын күш те қалмаған еді. Аз уақытта ол қазіргі моңғол жеріне сәйкес келетін аймақты түгел бағындырып алды., 1206 жылы киіз туырлықты көшпелілер Онон жағасына құрылтайға жиналып, «тоғыз сирақты ақ ту көтеріп», Шыңғысты Моңғол империясының ұлы ханы етіп көтерді. (Тарихшы И.Қабышұлы сол империя құрылар қарсаңында моңғолдар 200 мың, керейлер 600 мың, наймандар 800 мың болған екен деген дәйек айтады). Осы құрылтайдан кейін Шыңғыс хан Алтайдың күнгейінде әлі де найманның атамекенін қайтарып алуды ойлап жүрген Бүйрек ханға жорыққа аттанады. Ол бұл кезде ештеңеден хабарсыз Ұлық тау қойнауындағы Сақсу өзенің бойында аз адаммен аң аулап, сейіл құрып жүрген еді. Қас қылғандай қалың әскер дәл оның үстінен түседі де, тұтқынға алынып, ата жауы сол жерде оның басын шабады. Оған паналап жүрген Күшлік аман қалған елді ертіп Ертіске қарай қашады. Алайда Шыңғыс хан наймандарға бұл жерде де тыныштық бермейді. 1208 жылы Ертіс жағасында наймандар мен меркіттердің бірлескен күшін тас-талқан қылады. Одан кейін бұл тайпалар Жетісуға қарай бас сауғалайды.

Күшлік хан Бесбалық, Тұрфай аймағы арқылы айналып, бір кезде наймандарды да билеген Қидан мемлекетінің Орта Азияға келіп жаңғырған түрі Қарақытай империясының астанасы Баласағұнға жетеді. Бұл дәуірде Жоңғар тауынан Иранға дейінгі аймақ осы Қарақытай Гурханына (ұлы ханына) қарайтын. Наймандардың Таян сынды ханының баласы Күшлікті Гурхан сарайында ілтипатпен қарсы алады. Жилугу Гурхан оған қызын беріп, жақын адамдарының бірі етеді. Бұл шамада Қарақытай мемлекетінің әлсіреп, бұған дейін оған бағынышты боп келген Хорезм елінің елінің дәуірлей бастаған да кезі еді. Шамасы Гурхан Күшлік төңірегіне жиналуға тиіс наймандарды өз мүддесіне пайдалануды көздеген де болуы керек. Әрі Күшліктің де оған осы тектес уәде бергенін біз Рәшид-әд-диннің «Жылнамалар жинағынан», Қытайдың «Жол қатынас тарихының материалдары» атты еңбегінен ұшырастырамыз. Күшлік хан Жилугуге: «Менің тайпам көп, олар қазір Еміл, Қойлық, Бесбалық жерлеріне келіп қоныстанып отыр. Маған рұқсат берсеңіз, оларды жинап, олардың күшін мен сіздерге көмек беремін», - дейді. Гурхан мұны мақұл көріп, оған қару-жарақ, қаражат береді. Әрине Таян ханның ұлы Күшлік хан Түркістан аймағына келіпті деген хабар осы маңға Шыңғыс ханның қаһарынан ығысып келген наймандарға қатты әсер етті. Олар тез арада Күшлік ханның қоластына жиналып, жойқын күшке айналды. Бұл жағдай енді Күшлікті Гурхан билігін тартып алу ниетіне итермеледі. Және сол кезде талайдан андысулы Мұхаммед Хорезмнің Гурханға қарсы шыққанын естуі мұң екен, Күшлік те ойын жүзеге асырмақ боп Қарақытай әміршісіне қарсы қимылды бастап жіберді. Жасанған әскер қойсың ба, Күшлік көп ұзамай-ақ өз қайын атасының тағына отырды. Осылайша Шыңғыс хан әскерінен күйреген (1204 жыл) Найман мемлекетінің соңғы ханы арада сегіз жыл өтпей жатып, Қарақытай империясының билігін өз қолына алған. Тарихи деректерде наймандар мен керейлердің несториан дінін (христиан дініндегі бір ағым) ұстанғаны айтылады. Күшлік хан Жилугудің қызы Күнкеге үйленгенннен кейін несториан дінінен шығып, будда дініне (пұтқа табынушылық) кіреді. Ол кезде Қарақытай мемлекетіндегі жұрттың дені мұсылман дінін ұстанатын болғандықтан, Күшлік хан тарапынан олар «не несториан, не будда дініне кірсін» деген зомбылық талаптар да қойылып тұрған көрінеді.

Атамекенінен көтере қуып жіберген найман ханы Күшліктің байтақ Түркістан аймағында бұлайша дәуірлеп отырғанынан Шыңғыс хан сірә хабарсыз емес-тін. Тек ол бұл кезеңде Қытайды жаулап алу жорықтарының басы-қасында жүрді. Сол жорықтан қайтысымен, Шыңғыс хан 1218 жылы Күшлікке қарсы әйгілі қолбасшысы Жебе ноян басқарған күшті әскерін жіберді. Жебе ноян Қарақытай еліне жетісімен, баршаға дін, сенім бостандығын жариялады. Бұған дейін де өзіне мұсылмандарды қарсы қойып алған Күшлік шайқастарда шыңдалып келген моңғол әскерлерінің екпініне төтеп бере алмады. Тас-талқан болып жеңіліп, Алтай тауларына қарай қашты. Бірақ Жебе ноян оны қойммай қуалап жүріп, ақыры Сарыкөл маңында қолға түсіріп, өлтіріп тынады. Найман елінің Шыңғыс ханға қарсы жиырма жылдай уақытқа созылған қан кешті күресі осылайша аяқталды.Найман мемлекетінің күйреуі атамекендерінде қалың отырған бұл елдің құрамына кірген рулардың жан-жаққа кең ыдырап кетуіне, басқа тайпалар арасына сіңуіне әсер етті. Олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып қалып, Шыңғыс ханның баласы Үгедей ханның қол астына қарады. Шапқыншылықтан ығысқандары Балқаш төңірегіне, Алакөл маңына, Сыр, Ырғыз алқабына орналасты, оңтүстікте Орта Азия хандықтары жеріне дейін жетті.

Бұл өңірде қоныстанған наймандар ХV ғасырдың соңында Мұхаммед Шайбани ханның ықпалында болды. 16 ғасырда Марыға найманнан шыққан Қобыз би, Жолым билер әмір жүргізді. Найман Назар би Балхты биледі. Нұраталық көшпелілерді найман Ахметәлі басқарды. Шайбан тұқымы Бабаханның бір әскербасысы найман Жанмұхаммед би болды. Шежіреші Әбілғазы найман Сопыр мырзаның 1604 жылы оның әкесі Араб Мұхаммед ханды өлтіру үшін қастандық ұйымдастырушылардың бірі болғанын тілге тиек етеді. Осы мысалдардан-ақ наймандардың Орта Азия аймағында қабырғалы күштердің бірі ретінде әрекет еткенін байқау қиын емес. Бұл наймандар бірте-бірте жергілікті халыққа сіңісіп, өзбек, қарақалпақ қауымдастығының бір тармағы болып кетті. Өзбектерде қазақ-найман, қарақалпақта бағаналы, терістаңбалы, қырғызда бүйе найман, күн найман, мырза найман, жуанбұт найман руларының кездесуі сол араласудың бір нышаны.

Қазақ наймандары 1720 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығынан кейін Орталық Қазақстандағы Тоқырауын алқабынан Алтай мен Жоңғар тауларына дейінгі аралыққа орналасты. М.Тынышбайұлының айтуынша, наймандардың 1810 жылы Қарқаралы мен Шыңғыстайды тастап оңтүстікке қарай сырғуы олардың соңғы қоныс аударуы болған еді. Осы тарихшы наймандардың саны 1917 жылдың қарсаңында Бұқара мен Қытайдағы руластарын қосқанда 830 мың адам төңірегінде деп көрсетеді.Орта жүз елдері арасында дәл наймандардағыдай мол таңбаны кездестіре алмайсың. Олардың ірі рулық бірлестігі ғана емес, кейде жеке руларының өзі де дербес ұран-таңбаға ие. Дәл осы ерекшеліктің өзінде оның сонау бірінші мыңжылдықта «сегіз-оғыз» деп көрініс берген сипатының әсері болуы да ғажап емес. «Сегіз тайпа» - демек, найман жұрты осынша тайпадан құралған. Алайда ғылыми деректерде олар туралы анық мәлімет жоқ.

Тарихи деректерге сүйенсек, «Найман» - қазақ шежірелерінде айтылғандай жеке адамның аты емес. Алайда халық шығармашылығы оны түп бабаның есімі етіп, өзін найманбыз дейтін бар руды (олардың арасында баяғы аласапыран замандарда басқа елдерден келіп сіңіскен жұрттар бар болса да) сол «шалдан» ғана тарқатып қояды.

Қария сөздер бойынша Найманның кешігіп көрген Тоқпан деген ұлы ер жеткен кезде Ұлы жүз Дулат бидің қызы Ақсұлуға үйленген екен дейді. Содан аз уақыт өтер-өтпесте Найманның кемпірі мен ұлы Тоқпан қатар қайтыс болады. Ақсұлу өзі түскен шаңырақтың болашағын ойлап, еліне барып, жақын сіңлілерінің бірі Әлпешті сұрап әкеліп, атасына қосады. Найман Қызейнемен алты айдай ғұмыр кешіп көз жұмады. Екіқабат қалған Әлпеш күн жетіп босанады. Баланың атын Найманнан қалған белгі ғой деп Белгібай қояды. Оның екінші аты - Өкіреш. Найманның әулие келіні Ақсұлу атасының жылын бергеннен кейін Қызынейді Найманның ұлы атасы делінетін Сарманаймен бір туысқан Шумақ дегеннің немересі Елтайға қосады. Оған атамның орнына атам болды деп Ел ата деген ат қояды. Қызыней одан Серкібай деген ұл табады. Ақсұлу Белгібайды тәрбиелеп өсіріп, он бес жасқа толғанда қайным деп оған өзі тиеді. Одан Сүйінше, Сүгірше деген екі ұл табады. Немере сіңлісі Тоқсұлуды кейіннен әпкеме қолқанат болсын деп бір сіңлісі Қаракөзді Белгібайға қосады. Қаракөзден Өтеген туады. Қазақ шежіресінде бар Найман осы төртеуінен тарайды да, тоғыз таңбалы найман аталады.

Қоныстануыөңдеу

Ф.И. фон Страленбергтің 1730 жылғы картасындағы найман тайпасының (Tribus Naiman) қоныстануы

Жалпы Наймандардың қоныстануы сонау Батыс Моңғолиядан Таяу Шығысқа дейін бастау алады, ал Қазақ жеріне келетін болсақ, Алтай жерінің ең үлкен руы ол Найман және Қазақ халқының құрамындағы ең үлкен ру, тайпа болып саналады.

Найман тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қоныстанды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Жезқазған, Құланөтпес, Терісаққан, Қума өзендерінің аңғары, Қорғалжын, Теңіз көлдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларының бойы; бүкіл Шығыс Қазақстан Наймандардың ғасырлар бойы мекен еткен ата-қонысы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы, Көкшетау таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу, Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасор, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі мен Ертіс бойы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.

Наймандар Кіші жүз жерінде де мекен еткен, ол жерлер: Атырау, Ақтау жерінде Ақтаз-Найман руы, Шошқалы, Сарыкөл, Қойбағар көлдерінің төңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңындағы алқаптар, Торғайға құятын Үлкентамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің төмен жағы және Сарыкөл төңірегі.

Оңтүстік Қазақстанда Ұлы жүз жерінде: Іле бойын, Сарқант, Лепсі, Қапал, Талдықорған, Алматы облыстарын және Шымкент, Түркістан өңірлерінің солтүстік-шығыс жерлерін мекен еткен.

Ұрандары мен таңбаларыөңдеу

Қазақтың өзге тайпаларына қарағанда наймандардың әр руы жеке ұраны мен таңбасына ие.

ТайпаТаңбасыҰраныРу
босаға

Наймандар:

шомыш, бақанҚаптағай, Аққожа, Қабанбай
Қаракерей мүйізҚабанбайбайжігіт, сыбан, байыс, мұрын, семіз, қожан, ақнайман,
Матай бөрі (қасқыр)Бөрібайаталық, кенже, қаптағай
Теістаңбалы тарақЖарылғап
Сарыжомарт айҰлан батырбораншы, сарғалдақ, шоңмұрын, қожас, қожамберді, беске, дәулет, шеруші, тенеке
Садыр , арба, бөріАлдияр
Бағаналы багана, Баянбайжұртшы, бабас, қоқан, жәлмен, ақтаз, жылкелді
Балталы балтаТоғас
Бура Ақбантайшеге, алушы, сырдақ
Қаратай Қаратай батыр
Көкжарлы Көкжал Барақ
Ергенекті ергенекКөкше

Моңғолиядағы наймандарөңдеу

Моңғолияда төмендегі рулық фамилияларға ие адамдар мекендейді:

  • Найман — Ұлан-Батыр мен Моңғолияның барлық аймақтарында тіркелген;
  • Бага Найман — Ұлан-Батыр мен Хэнтий аймағы;
  • Баруун Найман — Ұлан-Батыр;
  • Гөөгөө Найм — Ұлан-Батыр және Баянхонгор аймағы;
  • Их Найм — Хэнтий и Дорнод аймақтары;
  • Их Найман — Ұлан-Батыр, Орхон, Туве, Хэнтий аймақтары және т.б.;
  • Найм — Ұлан-Батыр және Дорнод, Дархан-Уул, Булган аймақтары;
  • Наймаа — Ұлан-Батыр, Уверхангай, Дорнод аймақтары және т.б.;
  • Наймаан — Ұлан-Батыр, Ховд аймағы және т.б.;
  • Наймад — Ұлан-Батыр;
  • Найман Тайж — Ұлан-Батыр мен Сэлэнгэ аймағы;
  • Найманууд — Ұлан-Батыр;
  • Наймангууд — Ұлан-Батыр мен Дорнод аймағы;
  • Наймнууд — Баянхонгор аймағы;
  • Наймынхан — Ұлан-Батыр мен Ховд, Хувсгел, Уверхангай аймақтары;
  • Бидгүн — Ұлан-Батыр мен Архангай, Дархан-Уул аймақтары;
  • Бидгүүн — Ұлан-батыр мен Баянхонгор, Сэлэнгэ аймақтары;
  • Бидэгүн — Ұлан-Батыр мен Баянхонгор, Сухэ-Батор, Туве, Архангай аймақтары;
  • Бидэгүүн — Ұлан-Батыр мен Баянхонгор, Дархан-Уул, Говь-Сумбэр, Архангай, Сэлэнгэ, Дундговь аймақтары;
  • Бэдгүүн — Сэлэнгэ аймағы;
  • Бэдэгүн — Баянхонгор, Архангай, Уверхангай аймақтары;
  • Бэдэгүүн — Ұлан-Батыр.

Өзбектердің құрамындағы наймандарөңдеу

Найман тайпасының кейбір рулары өзбек халқының құрамына кіреді. Кейбір ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, XX ғасырдың басына қарай өзбектердің құрамындағы наймандар 17 бөлімнен құралған:

  • полатшы (өзб.пулатчи)
  • алты оғұл (өзб. алти огул)
  • иланлы (өзб. иланли)
  • қостамғалы (өзб. куштамгали)
  • қаранайман (өзб. каранайман)
  • қазақ-найман (өзб. казак-найман)
  • бұрынсап (өзб. бурунсав)
  • көзаяқты (өзб. козаякли найман)
  • қаракөк (өзб. карагук)
  • ағыран (өзб. агран)
  • мамай (өзб. мамай)
  • сағзыл (өзб. сакзил)
  • шымшықты (өзб. чумчукли)
  • садырбек (өзб. садирбек)
  • өкіреш-найман (өзб. укреш-найман)
  • жағарбайлы (өзб. жагарбайли)
  • бағаналы (өзб. баганали)
  • балталы найман (өзб. балтали найман)

Қырғыздардың құрамындағы наймандарөңдеу

Қырғыздардың құрамындағы наймандар елдің оңтүстік аймағын мекендейді (Тәжікстанмен шекараның бойында):

  • байбол
  • боз
  • боз торгой
  • бөө найман
  • кан найман
  • кара найман
  • кожо найман
  • кошон
  • көн найман
  • көкө найман
  • кудайменде
  • отой
  • сарыбай
  • тентек
  • туума
  • чыргоо

Нұсқауларөңдеу

Дереккөздерөңдеу

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ЫСБН 5-89800-123-9, «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ЫСБН 5-89800-123-9, ВЫ том
  3. http://www.elim.kz/article/122/
  4. [1]
  5. Қинаятұлы З., Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: 9 – 12 ғасырлар, Аст., 2001
  6. Маргулан А., Найман // Казахи, Л., 1930
  7. Бейсенбайұлы Ж., Қазақ шежіресі, А., 1994
  8. Муканов М.С., Этническая территория казахов в XVІІІ – начале XX веков, А.-А., 1991
  9. Викторова Л.Л., К вопросу о найманской теории происхождения монгольского литературного языка и письменности (ХІІ – ХІІІ вв.) // Уч. зап. ЛГУ, Серия востоковедческих наук, вып. 12, ғ305, 1961
  10. Шәкәрім Құдайбердіұлы
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау