Дуолинго (ағылш. Duolingo) — америкалық онлайн тіл үйрететін сайт және қосымша, сондай-ақ цифрлы тілдік қабілетін тексеру емтиханын қамтитын freemium (шартты түрде тегін) форматтағы тіл үйрететін платформа. 2018 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша тіл үйрену сайты мен қолданба 37 тілде 81 әр түрлі тіл үйрену курстарын ұсынады. Қолданбада бүкіл әлем бойынша шамамен 300 миллион тіркелген пайдаланушысы бар.[2][3][4][5][6]

Duolingo
Түрі

жеке компания

Қызметі

Тіл курстары
Duolingo ағылшын тілі тесті
Мектептерге арналған
электрондық оқу

Компанияның ұраны

Бүкіл әлемге арналған тегін тіл білімі

Құрылды

2011 жылы 30 қараша, 30 қараша 2011; 11 жыл бұрын (2011-11-30)

Құрушы

Луис фон Ан, Северин Хакер

Орналасуы

Питтсбург, Пенсильвания, АҚШ

Саласы

Онлайн білім беру, Кәсіби сертификаттау, Аударма

Қызметкерлер саны

95 [1]

Сайты

duolingo.com

Дуолинго әдісінің тиімділігі статистикалық талдауға негізделіп, компания тағайындаған сыртқы зерттеу арқылы расталды [7]. Нью-Йорк қалалық университеті мен Оңтүстік Каролина университетінің профессорларының зерттеуі бойынша, Duolingo-да 34 сағатта университетте 130 сағатты құрайтын бастауыш семестрлік оқығандай білім береді. Зерттеу сөйлеу дағдыларын өлшемеді. Зерттеу барысында Duolingo-да тіл үйренетін 196 адамның 108-і екі сағаттан аз уақыт ішінде оқудан шығарылды. Сол зерттеу Rosetta Stone қолданушыларына бірдей білім алу үшін 55 пен 60 сағат аралығында сабақ қажет болатындығын көрсетті. BBC және сіз оны білгенге дейін басқа ақысыз немесе арзан курстармен салыстыру жүргізілген жоқ.Duolingo тобы сонымен қатар байланысты өнімдерді дайындайды: Duolingo Test Center[8] және Duolingo for maktab [9].

Тарихы

Жоба 2009 жылдың аяғында Питтсбургта Карнеги Меллон Университеті профессоры Луис фон Ан (reCAPTCHA жасап шығарушы) және оның студенті Северин Хакермен басталып, кейін әрі қарай Антонио Навас, Викки Чеуң, Марсель Уекерманн, Брендан Мидер, Хектор Виллафуерте және Хосе Фуентеспен жетілдірілді.[10][11]

 
Duo - Duolingo компаниясының маскоты

Дуолинго жасауға шабыт екі жерден келді. Луис фон Ан "бір оқпен екі қоянды ататын" басқа бағдарлама жасағысы келді, және оны "twofer" деп атады.[12] Duolingo бастақыда осылай істеген болатын: яғни қолданушыларына шет тілін үйрете отырып, құжаттағы қарапайым тіркестерді аударған. Алайда аударма функциясын кейін алып тастаған болатын.[13]

Дереккөздер

🔥 Top keywords:

Duolingo

Дуолинго (ағылш. Duolingo) — америкалық онлайн тіл үйрететін сайт және қосымша, сондай-ақ цифрлы тілдік қабілетін тексеру емтиханын қамтитын freemium (шартты түрде тегін) форматтағы тіл үйрететін платформа. 2018 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша тіл үйрену сайты мен қолданба 37 тілде 81 әр түрлі тіл үйрену курстарын ұсынады. Қолданбада бүкіл әлем бойынша шамамен 300 миллион тіркелген пайдаланушысы бар.