Қуан Лекеров

Қуан Лекеров (1896, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы — 23.5.1955, Алматы) — әнші (драм-тенор). ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артісі (1939).

Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике Шаншар бұтағынан шыққан.

Алғашқы ұстаздары шешесі Бәдігүл мен әнші Қ.Байжанов. Жастайынан “әнші бала” атанған Лекеров майталман әншілерден (Ұ.Айтбаев, Иса Байзақов, М.Уәлиқызы) тағылым алған. 1930 ж. Алматыға шақыртылып, Қазақ радиосында әнші болды. Қазақ мемлекеттік академия драма театрының сахнасында Жапал (Мұхтар Әуезов, “Еңлік-Кебек”), Ақан (Ғабит Мүсірепов, “Ақан Сері - Ақтоқты”), т.б. бейнелерді сомдады. 1940 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясында әнші болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары арнаулы концерттік топтың құрамында майдан жауынгерлеріне арналған концерттерге қатысты. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Біржанның, Жарылғапбердінің, сондай-ақ қазақ композиторларының әндері болды.

Үнтаспаға жазылған әндері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.[1]

Дереккөздерөңдеу

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау