Шаңырақ

киіз үйдің жоғарғы бөлігіндегі күмбезді крест жəне оны дөңгелек пішіндес қоршалған элемент

Шаңырақ (башқ. сағыраҡ; чув. шăнăркă, қыр. түндүк, бур., моңғ. тооно) — киіз үй күмбезін кереге көзді крестімен дөңгелек ішінде қоршалана аяқталған конструктивті элемент. Күмбездің бүйір элементтерін - уықтарын ұстап тұруы үшін , ойықтан күн жарығының сәулесі пайда болуы үшін және ошақ түтіннің сыртқа шығуына орай арналады.

Ақтөбе алаңындағы Шаңырақ
Киіз үй төбесіндегі шаңырақ


Шаңырақ- киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі. «Ортада темір пеш, тұрбасы шаңырақтан асып шығып жатыр» (Ғ. Сланов, Замана.).[1]

Шаңырақ. Қара шаңырақ. Дәстүр.өңдеу

Қазақ халқы “шаңырақ” деген сөзге көптеген ұғымдарды жатқызады. Мысалы “Пәленшекемнiң ұрпағы пәлен шаңыраққа жетiптi” деп, бiр ауылдың, не бiр рудың есiмiн жобалап отыратын болған.Шаңырақ киiз үйдiң күмбездiк, жартышарлық ұлттық, көркемдік қасиетiн сақтап тұрады. Үйге жарық түсiрiп, үйге жағылған от түтiнiн ауаға шығуын қамтамасыз етедi.Жалпы “Қара шаңырақ” атауы сол киiз үйге деген ежелгiлiк, ескiлiк көз қарас тудыруымен қатар, қасиеттiлiк күш-қуат та бере алатын сөз. Ол сөз сол үй иелерiнiң тамырларының терең, ру басы бабалар тарихымен астасып жатқандығының жҽне олардың ата дәстүрiн жалғастырып келе жатқан адамдар екенiнiң белгiсi, дәлелi секiлдi болып тұрады. “Қара шаңырық” атауы бар үй сол рудың және сол румен қарым-қатынастағы басқалардың да құрмет тұтары, тағзым етерi болып саналады. Қара шаңырақ иесi көп жағдайда аты аталып, марапатталып жатады. Шетте жүрген, қонысы басқа сол қара шаңырақ ұрпақтары мен жек-жаттары қара шаңыраққа сәлем бере келiп, арнайы сыбағалар әкеледi.Жасы үлкендерi еншiлерiн алып бөлек үй болып кеткенде әкенiң кенжесi (сүткенжесi) әке қолында қарашаңырақ иесi боп қалады. Ата-ананы күтiп-бағу кенже баланың мiндетi. Бұл үй еншi алып кеткендерге үлкен үй боп есетеледi.[2]

Құрылысыөңдеу

Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

  1. Тоғын - шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
  2. Күлдіреуіш - Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
  3. Беріктік - Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.
  4. Шаңырақтың көзі - Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.[3]

Мемлекеттік рәміздердеөңдеу

Шаңырақ Қырғызстанның мемлекеттік туында, Қазақстанның және қазақтар тұратын Моңғолия және Баян-Өлгий облысының елтаңбаларында, сондай-ақ 2005 жылғы Қызыл қаласының елтаңбасында бейнеленген.

Дереккөздерөңдеу

  1. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
  2. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау