Челси (футбол клубы)

«Челси» (ағылш. Chelsea F.C.; ағылшынша айтылуы: ˈtʃɛlsiː) — Англия чемпионаттарында ойнайтын футбол клубы, Лондонның оңтүстік батысындағы Фулем аймағынан. 1905 жылы құрылған, өз алаңындағы ойындарын "Стэмфорд Бридж" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 41 841 адам.

Англия Челси
Толық атауы

«Челси» Футбол клубы (ағл. Chelsea Football Club)

Лақап аттары

The Pensioners (Зейнеткерлер)[1], The Blues (Көктер)[2]

Құрылған жылы

1905

Стадионы

Англия Стэмфорд Бридж, Лондон

Сыйымдылығы

41 841 [3]

Иесі

Америка Құрама Штаттары Тодд Боэли

Президенті

Америка Құрама Штаттары Брюс Бак

Бас жаттықтырушы

Англия Фрэнк Лэмпард

Капитаны

Испания Сезар Аспиликуета

Рейтингі

3-інші орын — УЕФА рейтингісі бойынша [4]

Сайты

www.chelseafc.com

Жарыс

Премьер-лига

2019/20

4-ші

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
2018/19

Алты рет Англия чемпионы, сегіз рет Англия кубогы иегері атанды. Англия лига кубогында бес рет топ жарды. 2011/12 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды, бұл турнирде топ жарған жалғыз лондондық клуб.

Тарихыөңдеу

ХХ ғасырөңдеу

Клуб 1905 жылы құрылды, бірақ 1950 жылдарға дейін бір де бір жүлде ұтып ала алған жоқ. 1954/55 жылғы маусымда бапкер Тед Дрейктің жетекшілігімен тұңғыш рет Англия чемпионы атанды. Осы табыстан соң Чемпиондар лигасының тұңғыш маусымына қатысуға мүмкіндік алды, алайда Англиядағы ішкі турнирдердегі күнтізбенің тым тығыздығынан аталмыш турнирге қатысқан жоқ.

1960 жылдары бапкер Том Дохертидің тұсында "Челси" түрлі турнирлерде фаворит саналды. 1964/65 жылғы маусымда Лига кубогының финалында сүрінді. Үш рет осы турнирдің жартылай финалына жетті.

1970 жылы тұңғыш рет Англия кубогында топ жарды, финалда "Лидс Юнайтедті" тізе бүктірді. Ал келесі жылы Кубок иелері кубогында "Реал Мадридті" ұтып, тұңғыш рет еурокубоктерде топ жарды.

1970-80 жылдардың тоғысында клубтың жағдайы мәз болмады, "Стэмфорд Бридж" аренасын қайта жөндеу қыруар ақшаны талап етті де, бірнеше белді футболшылары сатылды, нәтидесінде команда Англия екінші дивизионына түсіп қалды. 1982/83 жылғы маусымда тіпті үшінші дивизионға түсіп кете жаздады. Бір маусымнан соң екінші дивизионда жеңімпаз атанып, элитаға қайта оралды. 1988 жылы қайта түсіп кетті де, 1989 жылы жазда тағы көтерілді.

Тоқсаныншы жылдардың ортасына таман клуб ақырындап жоғарылай бастады. Бұл кезең әсіресе бапкерлікке Глен Ходдл келген соң басталды. 1993/94 жылы Англия кубогында жеңімпаз атанды. Бұл шарықтау 1998 жылы шыңына шықты: клуб екінші рет УЕФА Кубок иелері кубогында топ жарды.

ХХІ ғасырөңдеу

2003 жылы жазда команданы ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович сатып алған соң команда бірден Еуропаның үздік клубтарымен бәсекеле алатындай дәрежеге жетті, команда тізгінін Жозе Моуриньо ұстады. 2004/05 жылы Англия чемпионы атанды, Чемпиондар лигасында жартылай финалға шықты. 2005/06 жылы екінші рет Англия чемпионы атанды, алайда Чемпиондар лигасында болашақ жеңімпаз "Барселонаға" жол берді.

2006/07 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында "Ливерпульден" ұтылды. Бір маусымнан соң Жозе Моуриньо қызметтен кетіп, орнына Аврам Грант келді. 2007/08 жылғы маусымда команда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шығып, "Манчестер Юнайтедтен" пенальтилер сериясы арқылы ұтылып қалды.

Сол жылы жазда клубқа бапкер болып әйгілі Луис Фелипе Сколари келді. Алайда 2009 жылы ақпанда ол да қызметтен кетіп, орнына Гуус Хиддинк келді. Маусым қорытындысында "Челси" Англия кубогын ұтумен ғана шектелді. Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Барселонаға жол берді.

2009 жылы жазда клубқа бапкер болып Карло Анчелотти келді де, екі маусым атқарды. Бұл аралықта клуб бір рет Англия чемпионы атанды. 2011 жылы португалиялық Андре Виллаш-Боаш келді, ол клубта ұзақ тұрақтамады, 2012 жылдың көктемінде нашар көрсеткіштері үшін қызметтен босады. Орнына клубтың байырғы ойыншысы Роберто ди Маттео бапкер міндетін орындаушы боп тағайындалды. Ди Маттео үш айдан соң клубты тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атандырды. Осы жеңістен соң Ди Маттео клубтың ресми жаттықтырушысы боп бекітілді. Бірақ 2012 жылы қарашада ол қызметтен кетіп, орнына Рафаэль Бенитес келді. Бенитестің тұсында клуб Еуропа лигасында топ жарды (2013).

2014/15 жылы Жозе Моуриньоның бапкерлігімен Англия чемпионы атанды.

2016/17 жылғы маусымда Антонио Контенің бапкерлігімен Англия чемпионы атанды.

2018/19 жылы Маурицио Сарридің бапкерлігімен араға алты жыл салып, УЕФА Еуропа лигасында топ жарды. 2019 жылы жазда бапкерлікке Фрэнк Лэмпард келді. 2021 жылы қаңтарда клуб көрсеткіштері нашарлап кетті де, Лэмпардтың орнына Томас Тухель тағайындалды.

Құрамыөңдеу

Тамыз, 2021

ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы
1Кепа03.10.1994  Испания
36Гайбриел Слоннина15.05.2004  АҚШ
16Эдуар Менди01.03.1992  Сенегал
40Карло Цигер11.05.2001  Хорватия
ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы
2Марк Кукурелия03.03.1993  Испания
3Мало Гюсто28.12.1990  Франция
26Калиду Кулибали20.06.1991  Сенегал
6Тиаго Силва22.09.1984  Бразилия
15Бенуа Бадиашили26.03.2001  Франция
21Бен Чилуэлл21.12.1996  Англия
24Рис Джеймс08.12.1999  Англия
28Сесар Аспиликуэта28.08.1989  Испания
33Уэсли Фофона17.12.2000  Франция
Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы
5Жоржиньо20.12.1991  Италия
7Нголо Канте29.03.1991  Франция
10Кристиан Пулишич18.09.1998  АҚШ
17Матео Ковачич06.05.1994  Хорватия
19Мейсон Маунт10.01.1999  Англия
20Рахим Стерлинг08.12.1994  Англия
22Хаким Зиеш19.03.1993  Марокко
24Энцо Фернандез17.01.2001  Аргентина
29Кай Хаверц11.06.1999  Германия
15Михаило Мудрик05.01.2001  Украина
ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы
9Пьер-Эмерик Обамеянг18.06.1989  Габон
31Нони Мадуэке10.03.2002  Англия
18Давид Дарто Фофона22.12.2002  Кот-д’Ивуар

Жетістіктеріөңдеу

Ұлттықөңдеу

  • 1 дивизион / Премьер-лига
    • Чемпион (6): 1954/55, 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2014/15, 2016/17
  • 2 дивизион
    • Чемпион (2): 1983/84, 1988/89
  • Англия кубогы
    • Жеңімпаз (8): 1970, 1997, 2000, 2007, 2009, 2010, 2012, 2018
  • Лига кубогы
    • Жеңімпаз (5): 1965, 1998, 2005, 2007, 2015
  • Суперкубок
    • Жеңімпаз (4): 1955, 2000, 2005, 2009

Халықаралықөңдеу

Рекордшыларыөңдеу

Ардагерлерөңдеу

ОйыншыКезеңМатчГол
1 Харрис, РонРон Харрис1961—198079514
2 Бонетти, ПитерПитер Бонетти1959—19797290
3 Терри, ДжонДжон Терри1998—201771767
4 Лэмпард, ФрэнкФрэнк Лэмпард2001—2014648211
5 Холлинс, ДжонДжон Холлинс1963—198459264
6 Чех, ПетрПетр Чех2004—20154940
7 Уайз, ДеннисДеннис Уайз1990—200144576
8 Кларк, СтивСтив Кларк1987—199842110
9 Диксон, КерриКерри Диксон1983—1992420193
10 Маккриди, ЭддиЭдди Маккриди1962—19744105

Сұрмергендерөңдеу

ОйыншыКезеңГолМатч
1 Лэмпард, ФрэнкФрэнк Лэмпард2001—2014211648
2 Тэмблинг, БоббиБобби Тэмблинг1959—1970202370
3 Диксон, КерриКерри Диксон1983—1992193420
4 Дрогба, ДидьеДидье Дрогба2004—2015164381
5 Бентли, РойРой Бентли1948—195659264
5 Осгуд, ПитерПитер Осгуд1964—1979150368
7 Гривз, ДжиммиДжимми Гривз1957—1961132169
8 Миллс, ДжорджДжордж Миллс1929—1943125239
9 Азар, ЭденЭден Азар1983—1992110352
10 Хилсдон, ДжорджДжордж Хилсдон1962—1974109164

Жыл ойыншыларыөңдеу

ЖылЖеңімпаз
1967 Питер Бонетти
1968 Чарли Кук
1969 Дэвид Уебб
1970 Джон Холлинс
1971 Джон Холлинс
1972 Дэвид Уебб
1973 Питер Осгуд
1974 Дэвид Уебб
1975 Чарли Кук
1976 Рэй Уилкинс
 
ЖылЖеңімпаз
1977 Рэй Уилкинс
1978 Мики Дрой
1979 Томми Лэнгли
1980 Клайв Уолкер
1981 Петар Борота
1982 Майк Филлери
1983 Джоуи Джонс
1984 Пэт Нэвин
1985 Дэвид Спиди
1986 Эдвард Недзвецки
 
ЖылЖеңімпаз
1987 Пэт Нэвин
1988 Тони Дориго
1989 Грейам Робертс
1990 Кеннет Монку
1991 Энди Таунсенд
1992 Пол Эллиотт
1993 Фрэнк Синклер
1994 Стив Кларк
1995 Эрланд Йонсен
1996 Рууд Гуллит
 
ЖылЖеңімпаз
1997 Марк Хьюз
1998 Деннис Уайз
1999 Джанфранко Дзола
2000 Деннис Уайз
2001 Джон Терри
2002 Карло Кудичини
2003 Джанфранко Дзола
2004 Фрэнк Лэмпард
2005 Фрэнк Лэмпард
2006 Джон Терри
 
ЖылЖеңімпаз
2007 Майкл Эссьен
2008 Джо Коул
2009 Фрэнк Лэмпард
2010 Дидье Дрогба
2011 Петр Чех
2012 Хуан Мата
2013 Хуан Мата
2014 Эден Азар
2015 Эден Азар
2016 Виллиан

Бас жаттықтырушыларөңдеу

ҰлтыАтыЖылдарыКөрсеткіштеріЖеңіске жеткен турнирлер
МҰТЖСГЖГ%
Тэд Дрейк1952—196142415610316577177236,791 Бірінші Дивизион жеңімпазы, 1 Англия Суперкубогі
Томми Дохерти1962—1967302143649552642247,351 Футбол лигасыгының кубогі
Дейв Секстон1967—197437316510810057043844,231 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 УЕФА кубогінің иегерлерінің кубогі
Джон Нил1981—198520484625832625341,181 Екінші дивизион жеңімпазы
Джон Холлинс1985—198814456375119621438,891 Толық мүшелер кубогі
Бобби Кэмпбелл1988—199116174474028023045,961 Екінші дивизион жеңімпазы, 1 Толық мүшелер кубогі
Рууд Гуллит1996—19988241172415710950,001 Футбол лигасыгының кубогі
Джанлука Виалли1998—200014275382922212352,821 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 Футбол лигасыгының кубогі, 1 УЕФА кубогінің иегерлерінің кубогі, 1 Англияның суперкубогі, 1 УЕФА Суперкубогі
Клаудио Раньери2000—2004199107464635819753,77
Жозе Моуринью2004—2007 & 2013—2015321204694857524063,553 Премьер-лиги жеңімпазы, 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 3 Футбол лигасыгының кубогі, 1 Англияның суперкубогі
Гус Хиддинк2009 & 2015—20164826157925254,161 Футбол ассоциациясының кубогі
Карло Анчелотти2009—20111096720222419461,471 Премьер-лиги жеңімпазы, 1 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 Англияның суперкубогі
Роберто Ди Маттео2012422499915557,141 Футбол ассоциациясының кубогі, 1 УЕФА Чемпиондар Лигасы
Рафаэль Бенитес2012—20134727119974957,451 УЕФА Еуропа Лигасы

Символикаөңдеу

Эмблемаөңдеу

Формаөңдеу

1905-1912
1912-1959
1959-60 және 1962-64
1960-62 және 1964-67
1967-68 және 1985-93
1964 жылдан бері

Демеушілерөңдеу

Басты демеушілер мен форманы дайындаушыларөңдеу

ЖылдарФорманы дайындаушыларБасты демеушілер
1968-1981 Umbroболған жоқ
1981-1983 Le Coq Sportif
1983-1984 Gulf Air
1984-1986болған жоқ
1986-1987 Chelsea Collection* Grange Farm
Bai Lin Tea
1987-1993 Umbro Commodore
1993-1994 Amiga
1994-1997 Coors
1997-2001 Autoglass
2001-2005 Fly Emirates
2005-2006 Samsung Mobile
2006-2008 Adidas
2008-2015 Samsung
2015-2017 Yokohama
2017- Nike

Ғаламдық спонсорларөңдеу

Ғаламдық спонсорлар
Audi — ғаламдық автомобильдік серіктес.
Delta Air Lines — ғаламдық авиатасмалдаушы серіктес.
Газпром — ғаламдық энергетикалық серіктес.
Singha — пиво дайындайтын компания.
Sauber F1 Team — Формулы-1 тобы.

Аймақтық спонсорларөңдеу

Аймақтық спонсорлар
188BET — букмекерлік контора.
Bank Negara Indonesia — ұлттық Индонезия банкі.
EA SPORTS — видеойындарының ресми серіктесі.
Coca-Cola — американдық азықтық компаниясы.
Barbados Tourism Authority — туристік компания.

Дереккөздерөңдеу

  1. Ескірген лақап аты, 1952 жылдан бері қолданыстан шығып келеді; Бұл лақап ат клуб эмблемасындағы сол жылдары (1905-1954) бейнеленген қызыл камзол киген зейнеткер бейнесимен байланысты
  2. Челсидің ресми сайтындағы мақала  (ағыл.). Chelsea FC.
  3. АПЛ нұсқауы 2015/16 (PDF).
  4. УЕФА рейтингі.

Сілтемелерөңдеу

🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау