Уикипедия:Авторлық құқықтар

Лақап:
УП:АҚҚ
УП:(C)
УП:КӨШІРМЕ

Авторлық құқықтар — автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары. Уикипедияға авторлық құқықпен қорғалған мағлұмат қосылмайды. Қосылған мағлұмат авторының құқығы бұзылған деп анықталса, мағлұмат дереу жойылады.

Мағлұматты басқа тораптардан көшірмеңіз. Тек қоғамдық қазына деп табылатын мағлұматты рұқсатсыз көшіріп, қосуыңызға болады, өкінішке орай, бұған ғаламтордағы тораптардың не суреттердің көпшілігі кірмейді.

Авторлық құқықты сақтауда Уикипедия қатысушыларының іс–әрекеттері төменде келтірілген қағидаларға сәйкес болуы керек:

CC-BY-SA-3.0 және GFDL лицензиясымен қазақ Уикипедиясы текстік материалдар шығарады, таратады, бұл Уикипедияда қайнар көз ретінде сілтеме беріліп өз күшінде болу шарты арқылы ғана мақаланы кез келген (соның ішінде коммерциялық) мақсатта жариялауға және таратуға мүмкіндік береді. Уикипедияда өзгертілмейтін тараулар, кіріспе және қорытынды мәтіндер болмайды.

Берн конвенциясының әдеби және көркем шығармаларды қорғау келісіміне сәйкес авторлық құқық жасырын түрде таратылады[10]. Бұл авторлық құқықты сақтау белгісі қойылмаған шығармалар авторлық құқық объектісі болуы мүмкін екендігін білдіреді.

Мақала жазу барысында сыртқы мәтіндерді қолдану

Уикипедияда келесі шарттардың біреуі орындалған жағдайда мәтін жарық көре алады:

  • егер мәтін әлеуметтік мүлік болса (АҚШ-та немесе өз мемлекетінде);
  • егер мәтін авторлық құқық объектісі болмаса (мысалы, ондай мәтінге заң және басқа да ресми құжаттар, фольклор, көлік қозғалысы мен телебағдарлама күнтізбелері жатады);
  • егер Сіз осы мәтіннің авторы бола отырып, CC BY-SA (немесе GFDL) лицензия шартына сәйкес; оның таралуы, өзгертілуі, қолданылуымен (соның ішінде коммерциялық) келіссеңіз; келісім беру туралы толығырақ қараңыз: Уикипедия:Рұқсат алу ;
  • егер мәтіннің заңды иесі CC BY-SA (немесе GFDL) лицензия шарты бойынша өзінің жеке мәтінін таратуға, өзгертуге және қолдануға келісім берсе;

Назар аударыңыз! Шеттен алып қолдану кезінде қателіктер жібермес үшін авторлық құқықтың нақтылығына көз жеткізген жөн.

Шеттен алып қолдану фактілеріне (нақты мәлімет) жол беріледі.

Дәйексөзді (цитата) орынды жеткізу мақсатына қарай цитатаны қолдану.

Тағы қараңыз:

Уикипедияның ішіндегі мәтіндерді қолдану

Уикипедияның өзге мақалаларын көшіргенде немесе Уикипедияның басқа тіл бөлімдерінен мәтіндерді аударған кезде де авторлық құқықты сақтау керек, міндетті түрде Қолдану шарттары және GNU FDL мен Creative Commons Attribution/Share-Alike 3.0 лицензиясының міндеттемелерін орындап, мақала авторларын көрсету шарт, мысалы алынған мәтіннің сілтемесін беру (өңдеуді талқылауда) немесе материалдың басты авторларын жеке көрсету керек.

Мақала жазу барысында суреттерді қолдану

Қазақ Уикипедиясына суреттер енгізуде суреттерді қолдану ережелері мен суреттерді лицензиялау ережелеріне бағыну керек.

Авторлық құқық бұзылғанда не істеу керек?

Мақалалар

Егер мақаланың мазмұны ашық емес дереккөзінен көшіріліп алынса, (мысалы, копирайтері көрсетілген мекеменің ресми сайты) ондай мақала УП:ЖЖС#М6 критериі бойынша бірден жойылу керек. Ол үшін мақаланың басына {{db-copyvio|url=плагиат дереккөзі}} шаблонын қою керек, ал осы мақаланы құрған қатысушының талқылауына хабарлама {{subst:nothanks-cv|url=плагиат дерекөзі|мақала атауы}} жіберу керек.

Егер мәтін бізге немесе бізден көшіріліп алынғаны нақты белгісіз болса, ашық екендігіне немесе басқа да күмәндеріңіз болса мақаланы жай жоюға ұсыну керек.

Егер авторлық құқықты бұзатын үзінді версияда көрсетілсе, түсіндірмеде жоққа шығарудың себебін көрсетіп өзгерісті жоққа шығару керек немесе өз бетінше қайта жазу қажет.

Файлдар

Файлдарды (сурет) қолдану туралы мағлұмат Уикипедия:Суреттерді қолдану ережелері және Уикипедия:Суреттерді лицензиялау беттерінде толық берілген.

Авторлық құқығы туралы жазылмаған немесе лицензияланбаған суреттерді {{subst:nld}} үлгісімен, ал сол суретті жүктеген қатысушының талқылау бетіне лицензиясыз суреттің апта ішінде жойылатыны туралы мәлімет беретін {{subst:Сурет статусы жайлы сұрау|Сурет:сурет атауы}} үлгісімен көрсету керек.

Ескерту

Плагиат жасаған қатысушының талқылау бетіне {{subst:cv|<плагиаты бар мақала атауы>}} үлгісін істеу керек. Ережеге бағынбаған жағдайда талқылауына {{subst:cv warning}} үлгісін үстеу арқылы ескерту жасау қажет. Авторлық құқықты үнемі бұзылушыларға адал ниет көрсету негізсіз болса, ондай жағдайда бұғаттау қолданылады.

Авторлық құқықты бұзудағы жауапкершілік

Авторлық құқықты бұзған жағдайда Уикипедияның ережелеріне сәйкес әкімшілік жазадан бастап, бұзушының сайтқа мүлдем кіруге рұқсат бермейтін жағдайларына дейін қарастырылған.

Уикипедиядан бөлек авторлық құқықты бұзғандығы үшін әкімшілік, қылмыстық және азаматтық жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік және қылмыстық істер құқық бұзушының орны бойынша, ал азаматтық іс — құқық бұзушының мекен-жайы бойынша анықталады.

Тағы қараңыз

Түсініктемелер

🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау