Структурализм

Структурализм (лат. structura — құрылым, байланыс, рет)– мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 20 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты. Ғылым бағыт ретінде дамуына бірнеше гуманитарлық ғылымның баяндаушылық эмпирик. методтан зерттеудің абстрактілі теоретик. деңгейіне көшуі негізгі себеп болды. Структурализм құрылымдық методтың, моделдеудің, формализациялаудың, математизацияның элементтерін қолдануға негізделген. Құрылымдық метод алғаш рет лингвистикада пайдаланылған, содан соң әдебиеттануда, этнографияда, т.б. гуманитарлық ғылымдарда қолданылды. Ал тар ауқымда структурализм – 20 ғасырдың 60-жылдарында Францияда тараған, құрылымдық методты пайдалануға байланысты пайда болған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығы. Оның негізгі өкілдері – Клод Леви-Стросс, Мишель Фуко, Жак Лакан, Роллан Барт, Л. Альтюссер.

Құрылымдар адамның саналы және бейсаналы іс-әрекетінің нәтижесі, оларды зерттеуші ашуы керек, ал мәдени құбылыстардың ар жағында жатқан құрылымдар тіл, сөз болып кө-рініс береді. Структурализм “адам өлімінің тұжырымдамасы” деген атқа ие болды, өйткені ол адам жайлы, оның бостандығы туралы гуманистік көзқарастарды жоққа шығарды. Структурализм өкілдері бостандық – тек фикция, әрбір әлеуметтік және мәдени нәтиже жалпы құрылымдардан туған: тілден, ми құрылымынан, яғни негізін тірі және өлі табиғаттан табуға болатын құрылымдардан пайда болады деп білді.[1][2]

Дереккөздерөңдеу

  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау