Сократтық сауал қою

Сократтық сауал қою (ағылш. Socratic questioning, немесе Сократ майевтикасы)[1]Сократтың атымен аталатын философиялық әдіс, Сократтық әдістің бір нақты формасы. Сократ оқушыларымен пікірталас және талқы жүргізген кезде жауапқа жетелейтін сұрақтар қоюға бағытталған білім беру әдісін қолданды. Шәкірттерінің бірі болған Платонның айтуынша, Сократ "ойлы сұрақтар қоюдың жетілген тәжірибесі шәкірттерді/оқушыларды идеяларды тексеруге жетелеп, сол идеялардың негізділігін анықтауға қабілетті етеді" деп сенді.[2] Платонның пікірінше, оқытудың осы қатаң әдісі қолдану дегеніміз оқушы білімің ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін мұғалім өзін білімсіз күйде көрсетуге тиіс.[3] Сөйткен кезде студент қайшылықтарды мойындай алады, дұрыс емес немесе шала, жалаң идеяларды жаңартады және қажетті ойды сыни түрде анықтай біледі. Мұнда, Платонның "нағыз білім сырттан алынбайды, іштен оятылады" деген идеясының да мәні зор. Яғни ұстазы шәкіртінің жан дүниесінде нағыз білімнің бар екеніне, тек оны сұрақтар арқылы оятуға тиісті екеніне сенуге тиіс.

Сократ бюстінің қима суреті. (Виктор Вагер ойған, Батыс Австралия университеті, Кроули, Аустралия. 2004 ж.)31°58′36″ о. е. 115°49′04″ ш. б. / 31.9768361° о. е. 115.8177778° ш. б. / -31.9768361; 115.8177778 (G) (O) (Я)

Сократтық сауал қою - ойды көптеген бағыттарда түрлі мақсаттар бойынша өрістетуге болатын жүйелі сұрақ қою әдісі, оның ішінде: күрделі идеяларға бойлауға, заттар ақиқатына жетуге, мәселелер мен проблемаларды тануға, болжамдарды түсінуге, ұғымдарды талдауға, білгеніміз бен білмейтінімізді ажыратуға, ойдың логикалық салдарын қадағалауға және пікірталасты меңгеруге мүмкіндік береді. Сократша сауал қою ойлаудың құрылымдық логикасы бар деген тұжырымға негізделген және ой астарына күмән келтіруге мүмкіндік береді.[4] Сократша сұрақ қою мен сұрақ қоюдың өзін бір-бірінен ажыратудың кілті: біріншісі жүйелі, ғылыми, терең және әдетте негізгі ұғымдарға, қағидаларға, теорияларға, мәселелерге немесе проблемаларға бағытталады.

Сократтық сауал қою білім берумен байланысты және тұжырымдама ретінде соңғы 20 жылда оқытуда кең сұранысқа ие болды. Қазақстан мектептері мен университеттеріндегі кейінгі реформалардың басты мазмұны Сократша сауал қою әдісіне ұқсайтын оқушы/студент белсенділігін арттыруға негізделген.[5] Ұстаздар, студенттер немесе терең деңгейде ойлауға мүдделі кез келген адам Сократша сауал құрастыра алады және олармен айналыса алады.[6] Сократша сауал қою және оның әртүрлі нұсқалары психотерапияда да кеңінен қолданылуда.

Педагогикадаөңдеу

Мұғалімдер сабақ барысында Сократша сауал қоюды қолданған кезде олардың мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін тексеру, оқушылардың берілген тақырып, мәселе немесе сұрақ бойынша білім дәрежесін анықтау, әсіресе, оқушылардың да Сократша сауал қою моделін үлгі етуіне және олардың ұғым, не ақыл жүлгесіне анализ жасай алуына көмектесу болмақ. Оқушылар да, оқытушы/мұғалімдер де Сократша сауал қою әдісін үйреніп, игеруге тиіс, сонда олар күрделі мәселелерге ақылдық ой қорытқанда, өзгелердің ойын түсіну мен бағалауда, сондай-ақ өзінің және басқалардың ойын қадағалауда бұл әдісті қолдана бастайды. Шынтуайтында, Сократ сауал қоюды оқытудың жалғыз ақылға қонымды түрі деп есептеген.

Педагогикалық мақсатыөңдеу

Оқытуда, оқытушы мына екі мақсат үшін Сократша сауал қоюды қолдануға тиіс:

  • Оқушының ойлау қабілетін терең зерттеп, оқушының білетіні мен түсінетінін білмейтіні мен түсінбейтінінен ажырата бастауға көмектесу (осы барыста оқушының интеллектуалды кішіпейілдік қасиетін дамытуға көмектесу).
  • Оқушылардың Сократтық сауал қою қабілетін дамыту, олардың Сократ диалогтарынан нәр алып, күнделікті өмірде өз-өзіне және өзгелерге сұрақ қоя алуына көмектесу. Осы мақсат үшін ұстазар оқушылардың еліктеуі мен қолдануына лайықты сұрақ қою стратегиясын моделдеп беруге тиіс. Тіпті де маңыздысы, ұстаздар оқушылардың терең сұрақтар құрастыруына тіке көмектесуі керек. Сондай-ақ, оқушылардың сұрақ қою қабілеттерін арттыру үшін практика жасауы да маңызды.

Педагогикалық әдістеріөңдеу

Сократтық сауал қою сұрақ қоюдың оқытудағы аса маңыздылығын айқындап берді. Ол жүйелі ойлау мен шашыранды ойлау арасындағы айырмашылықты танытады, әрі жеке адамдарды өз білімі мен идеясының түп-тамырына бойлауға мәжбүр етеді. Сократтық сұрақ қоюды білім беруде жаппай қолдануды дәріптейтін ұстаздар бұл әдістің оқушылар белсенділігі мен дербес үйренуі мен тәуелсіз ізденуіне көмектеседі дейді. Білім беру барысында студенттерге қолданылатын Сократтық сауалдардың мысалдары:
[7]

  1. Оқушыларды өз ойын нақтылауға және ойының бастауларын зерттеуге баулу
    мысалы, 'Неге осылай дедіңіз?', 'Ары қарай түсіндіре аласыз ба?'
  2. Студенттерді жорамалдар арқылы құтқуарлау
    мысалы, 'Әрдайым солай бола бере ме?', 'Не үшін бұл болжам өнімді деп ойлайсыз?'
  3. Аргумент үшін негіз ретіндегі дәлелдер ұсыну
    мысалы, 'Неге олай дейсіз?', 'Бұл дәлелден күмәндануға негіз бар ма?'
  4. Тұжырымның қайшылығын, карсысын, баламасын, перспективасын табу
    мысалы, 'Мұның қарсы аргументі не?', 'Мұның басқа жолын біреу байқай алды ма?'
  5. Мәнін және нәтижесін анықтау
    мысалы, 'Егер ... болса, тағы қандай нәтиже болар еді?', '... қалай әсер етеді?'
  6. Сұрақтың өзіне сұрақ қою
    мысалы, 'Бұл сұрақты мен неге қойдым деп ойлайсыз?', 'Неге бұл сұрақ маңызды?', 'Сіздің қайсы сұрағыңыз ең пайдалы болып шықты?'

Сократтық сауал қою және Сыни ойлауөңдеу

Сократтық сауал қою өнері Сыни ойлаумен тығыз байланысты, өйткені сауал қою өнері ойлау шеберлігі үшін маңызды әдіс. Сократ көзсіз сене бермей, жеке білімді тексеріп тұру керектігін, сондай-ақ білмейтіні мен түсінбейтінін ашық мойындау керектігін қадап түсіндірді. Сыни ойлаудың мақсаты рефлексивті ойлау болып, ол мәлім бір тұжырым бойынша неге сенуге болатынына және нені жасауға болатынына бағытталу есептеледі.[8] Сократтық сауал қою тереңге бойлауға, қызығуға және ойдың растығы мен екіұштылығын бағалауға бағытталу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды жаңа деңгейдегі ойлауға көтереді. Сократтың ойынша, білімнің жетіспеушілігі жамандық емес, бірақ оқушы сыни ойлау әдісін қолданып білмейтінін білуге ұмтылуға тиіс.[9]

Сыни тұрғыдан ойлау және Сократша сауал қою екеуі де мән мен ақиқатты іздейді. Сыни ойлау ойлауымыз бен іс-әрекетімізді бақылауға, бағалауға, қайта құруға және қайта бағыттауға пайдалы ұтымды құралдар ұсынады. Мұны білім беру реформаторы Джон Дьюи рефлексиялық ізденіс деп сипаттады: "Бұл барыста ойланушы бір тақырыпты миында қайта-қайта ой елегінен өткізеді, байыпты және тұрақты түрде ой жүгіртеді".[10] Ал, Сократтық сауал қою болса мақсатқа жету үшін өз-өзін жетелеп, маңызды сұрақтарға нақты бағытталу.

Сұрақ қою, немесе жетектегішті талқылау әдістемесі табиғилықты, ізденгіштікті және нақты мәселе ұсынуды талап етеді.[11] Сократ секілді тәрбиешілер оқушының көзқарасын тыңдап, балама көзқарастарды да қарастыра алады.[11] Оқушыларға барлық мәліметтерді електен өткізуді, бұрынғы білімдерімен байланыс орнатуды, сондай-ақ терең ойлау жолмен мәліметтерді жаңа білімге түрлендіре көшіруді үйрету керек.[11]

Әр түрлі зерттеулер: "қойылған сұрақтар деңгейі ойлау деңгейіне әсер етеді" дегенді ұғындырады.[12] Егер оқытушы сыни ойлау деңгейін жоғарылататын, күрделі ойлар мен сұрақтар қалыптастыруға жұмылдыратын белсенді оқу ортасын әзірлей алса, онда оқушылардың білмейтін білімдерін пайдаланып, оларды күрделі сұрақтар қоюға ынталандыруға болады.[12]

Психологияөңдеу

Сократтық сұрақ қою психотерапияда, әсіресе классикалық Адлер психотерапиясында, логотерапияда, рационалды эмоционалды мінез-құлық терапиясындада, когнитивті терапияда және логика негізіндегі терапияда когнитивті қайта құру әдісі ретінде қолданылады.[13] Мақсат - проблемаларға қатысты адамдардың ойларына негіз болатын болжамдар мен дәлелдемелерді ашуға көмектесу. Когнитивті терапиядағы Сократша сауал қою желісі пациентті мазалайтын автоматты ойларды басқаруға бағытталған:[14]

  • Мәселені ашу: 'Бұл идеяны қандай дәлелдер растайды? Оның шын екендігіне қандай қарсы дәлелдер бар?'
  • Ақылға қонымды алтернативті тұжырым ойластыру: 'Бұл істің басқа түрлі түсініктемесі, немесе бұл туралы басқа көзқарас қандай болуы мүмкін? Тағы басқа себебі бар ма?'
  • Әртүрлі ықтимал салдарын тексеру: 'Нәтижелердің ең жаман, кереметі, дәріптелімдісі және ең шынайысы қандай?'
  • Осы салдарын бағалау: 'Осылай ойлаудың немесе сенудің әсері қандай? Басқаша ойлаудың, немесе осы сенімді ұстанбаудың әсері қандай болуы мүмкін?'
  • Арақашықтық: 'Дәл сол жағдайдағы мәлім бір досыңыз/отбасы мүшесін елестетіп көріңіз немесе олар мәселені осылай қарайтын болса, оларға не айтар едіңіз?'

Сократтық сауал қоюды мұқият қолдану терапевттің бір адамның қайталанған немесе оқшауланған логикасыз ойлауымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, әрі ашық көзқараспен, тіпті ең логикасыз болып көрінетін ойлардың да ішкі логикасына талдау жасауға болады.

Тағы қараңызөңдеу

Дереккөздерөңдеу

  1. Jacques Brunschwig, Geoffrey Ernest Richard Lloyd (eds), A Guide to Greek Thought: Major Figures and Trends, Harvard University Press, 2003, p. 233.
  2. What is Socratic Questioning. Carleton College. Тексерілді, 31 наурыз 2018.
  3. What is Socratic Questioning. Carleton College. Тексерілді, 31 наурыз 2018.
  4. Critical Thinking: What Every Person Needs To Survive in a Rapidly Changing World — Foundation for Critical Thinking. — P. 360. — ISBN 0-944583-08-3.
  5. Нұраддин Садықов: Қазақстандық жоғары білімге реформа қажет
  6. Paul, R. and Elder, L. (2006). The Art of Socratic Questioning. Dillon Beach, CA: Foundation for Critical Thinking.
  7. 'Outstanding Teaching'. UK.
  8. Developing Minds: A Resource Book for Teaching Thinking, 3rd Edition.
  9. Sofos, Manolis. "Critical Thinking: A Historical Overview". Thinking for Career Practical Approach (2): 1-5. 
  10. Holden, James (2002). "Inquiry and the Literary Text: Constructing Discussions in the English Classroom". Classroom Practices in Teaching English 32: 9. http://files.eric.ed.gov/fulltext/ED471390.pdf. Retrieved 5 March 2015. 
  11. a b c Van Aswegen, EJ; Brink, HIL; Steyn, PJN (November 2011). "Application and evaluation of a combination of socratic and learning through discussion techniques". Curtionis 24 (4): 68–77. 
  12. a b Yang, Ya-Ting; Newby, Timothy; Bill, Robert (January 7, 2010). "Using Socratic Questioning to Promote Critical Thinking Skills Through Asynchronous Discussion Forums in Distance Learning Environments". The American Journal of Distance Education 19 (3): 164. doi:10.1207/s15389286ajde1903_4. 
  13. Clark, Gavin I.; Egan, Sarah J. (December 2015). "The Socratic method in cognitive behavioural therapy: a narrative review". Cognitive Therapy and Research 39 (6): 863–879. doi:10.1007/s10608-015-9707-3. 
  14. Judith S. Beck Cognitive Therapy: Basics and Beyond — Guilford Press, 1995. — P. 109. — ISBN 978-0-89862-847-0.
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау