Сингапур

Координаттар: 1°21′00″ с. е. 103°51′00″ ш. б. / 1.35000° с. е. 103.85000° ш. б. / 1.35000; 103.85000 (G) (O) (Я)

Сингапур Республикасы (ағылш. Republic of Singapore; қыт. 新加坡共和国; малайша Republik Singapura; там. சிங்கப்பூர் குடியரசு) — экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел. Халқы 5,8 миллион адам (2020).

Сингапур Республикасы
ағылш. Republic of Singapore
қыт. 新加坡共和国
малайша Republik Singapura


там. சிங்கப்பூர் குடியரசு

БайрақЕлтаңба
Ұран: «Majulah Singapura
(Алға, Сингапур)»
Әнұран: «Majulah Singapura»
Тарихы
Тәуелсіздік күні9 тамыз 1965 жыл (Малайзиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріағылшын тілі
қытай тілі
малай тілі
тамил тілі
ЕлордаСингапур
Үкімет түріпарламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Халима Якоб
Ли Сяньлун
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 176-шы орын
725,1 км²
Жұрты
• Сарап (2018)
Тығыздығы

5 638 700[1] адам (113-ші)
7,804 адам/км² (2-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

589,187 млрд.[2] $ (36-шы)
103,717[2] $ (3-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

372,807 млрд.[2] $ (31-ші)
65,627[2] $ (7-ші)
АДИ (2017)0,932[3] (өте жоғары) (9-шы)
Валютасысингапур доллары (SGD)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.sg
ISO кодыSG
ХОК кодыSGP
Телефон коды+65
Уақыт белдеулері+8

Сингапур атағы малай тілінің синга — "арыстан" және санскрит тіліндегі пура — "қала" деген сөздерінен құралған.

Тарихыөңдеу

Ертедегі қытай жазуларында Сингапурдың — Шривиджая ежелгі Малай хандығының Суматрада орналасқан бір бөлігі екендігі және явандық аты Суматра болғандығы айтылады.

1963 жылдың 31 тамызында Сингапур өзінің Британиядан тәуелсіздігін жариялады. Одан бұрын Малайзия мемлекетімен 1962 жылғы референдумында біріккен болатын, кейін келе Тунку Абдул Рахман мен Сингапурдағы биліктегі партиялардың өзара келіспеушілігі салдарынан Малайзия Сингапурды өзінен бөліп тастайды.[4]

Үкіметіөңдеу

Сингапур вестминстерлік жүйе бойынша уникамералдық парламенттік республика болып саналады. 1959 жылы Британиядан өзін-өзі ішкі басқару грантін алғаннан кейін Халықтық Қимыл Партиясы (People's Action Party) әр жылғы сайлауды жеңіп келеді. Сингапур заң жүйесі (Law of Singapore - legal system of Singapore) өз бастауын ағылшын заң жүйесінен алады (English common law), бірақ өз ішкі ерекшеліктеріне сәйкес модификациялануы бар, мысалы қазылар алқасы немесе төрешіні алып тастауы сияқты. Халықтық Қимыл Партиясы (PAP) жетістікке және меритократияға деген ұраныменен, білімділігімен (education in Singapore - education system), біліктілігімен әрі мемлекеттік қызметтегі тәжірибелілігі арқылы (Singapore Civil Service - Civil Service) өте беделді, алайда кейбір сыншылардың айтуы бойынша бұл елде адамдардың жеке бастарының бостандықтарына шектеулер қойылатын сияқты.

Модернизациялау 1959-1990өңдеу

1959-1990 жылдары Ли Куан Ю мырзаның басқару уақытында Сингапур үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Осы уақыт аралығында Сингапур даму көрсеткіші жөнінен үшінші дүние елдері қатарынан дамыған елдер қатарына қосылады.

Экономикасыөңдеу

Инвистициялық ахуалы өте жақсы, бәсекелесу деңгейі өте жоғары, экономикалық бостандығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатардағы елдердің тізімінде. Жергілікті халқы білікті, білімді, тәртіпті, тәрбиелі болады. Халықтың дәулетті соңғы уақытта жоғарылай түскен.

Географиясыөңдеу

Сингапур 63 аралдан тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы Пулау Уджонг (Малай: тікелей мағынасы 'пенинсула - аралдың соңы') немесе Сингапур аралы бұл Сингапур арал-мемлекетінің басты аралы. Ел аумағы 714,3 км² (2011 жыл). Оған қоса ел аумағына 58 ұсақ арал да кіреді. Елдің ең биік нүктесі Букит Тима төбешігінің биіктігі 163,3 м. Кенттену процесінің нәтижесінде аралдың ормандары кесілуде. Жағрапиялық қолайлы белдеуде орналасуы Сингапурды "Азия жолтарысына" айналуына себеп болды.

Сыртқы саясатыөңдеу

Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері ынтымақтастыңының (ASEAN) беделді мүшесі. Брунеймен өте тығыз қарым-қатынас ұстануда. Сыртқы сауда-саттық қарым қатынаста Еуропа Одағы, Қытай және АҚШ елдері сәйкесінше орын алады.

Қарулы күштеріөңдеу

Сингапур қарулы күштері Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің арасындағы ең озығы. Оған Армия, Теңіз флоты, Әуе күштері кіреді. Ішкі өнімнің 4.9% пайызы әскерге жұмсалады.

Әу баста Сингапур қарулы күштері Англия және Израил мемлекеттерінің көмегі арқылы құрылады. Израил қорғаныс күштері Сингапур қарулы күштерін жоқ жерден жаттықтырып, қаржыландырып, көмегін аямай аймақтағы ең дамыған әскери күштерінің біріне айналдырып жібереді. Мысал ретінде Сингапур және Израил қарулы күштерінің қарқынды жұмыстары нәтижесінде МАТАДОР анти-танктік қару-жарақ түрі жасап шығарылады.

Халқыөңдеу

Халық саны 10 миллион (2015 жыл).

Халық құрамыөңдеу

Жергілікті халықтың 76,8%-ын қытайлықтар, 13,9%-ын малайлықтар, 7,9%-ын Үндістан елінің өкілдері құрайды. Сонымен қатар араб, евреи, тай, армян, жапон және метистер (евроазиат) де ел халықының белгілі бір шағын тобын құрайды.

Дінөңдеу

Хаджа Фатима мешіті

Халықтың 33% буддизм дінін ұстанады. Христиан діні 18%, Ислам 15% құрайды, 17% ешқандай дін ұстанбайды.

Тілдерөңдеу

Төрт тіл ресми түрде бекітілген, олар: ағылшын, қытай, малай және тамил тілдері.

Білім-беру жүйесіөңдеу

Мектептік білім-беру жүйесі үш сатыдан тұрады:"Алғашқы білім-беру" (Primary education) - 6 жыл, "Орта білім-беру" (Secondary education) - 4 жыл, "Екінді білім-беру" (Pre-university education) - 2 жыл.

Мектеп оқушылары "алғашқы білім-беру" сатысынан соң біріңғай ұлттық тестілеуден өтеді - (Primary School Leaving Examination) өтеді, бұл тест оқушылардың бұдан кейін қай орта-білім алу мектебіне баратынын шешеді. Орта білім-беру кезеңін тамамдағаннан кейін - арнайы "орта білім-беру тестін" тапсырады (GCE 'O' Level exams); жоғарғы оқу-орнына тапсырмастан бұрын тағы бір тестілеу бұл - "озат тестілеу бағдарламасы" (GCE 'A' Level exams) экзамендерінен өтеді.

Мәдениетөңдеу

Шындығында өте әр алуан мемлекет.2006-жылғы Жаһандану индексі бойынша әлемдегі ең жаһанданған мемлекет болып саналады екен.Экономикалық Барлау Бөлімінің сараптамасы бойынша өмір сүру сапасы жөнінен дүние жүзі бойынша он бірінші қатарда келеді екен.

Асханаөңдеу

Ұлттық көкөнісі - дюриан. Қазақ асханасынан басқа барлық асхананы табуға мүмкіншілік бар.

Денсаулықөңдеу

Бұл елде тиімді денсаулық-сақтау ісі жүйеге қосылған. Әлемдегі алтыншы орынды иемденеді (6th overall in the world in its World Health Report).

Мемлекеттің денсаулық-сақтау жүйесі "3M" көзқарасымен сипатталады: Медифанд (Medifund, which provides a safety net for those not able to otherwise afford healthcare), Медисейв (Medisave, a compulsory health savings scheme covering about 85% of the population), және Медишилд (Medishield, a government-funded health insurance scheme). 2008 жылы елдің ден-саулық сақтау шығындарының 31.9% өкімет қаражатынан жұмсалған, бұл елдің Ішкі өнімінің шамамен 3.5% құрайды.

Спорт және тынығуөңдеу

2010 жылғы Жазғы Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары Сингапурда өткен (2010 Summer Youth Olympics).

Медиаөңдеу

Медиа-корп (MediaCorp) өкіметтің бақылауынсыз өтпейді. Каналдары Channel 5 (English channel), Channel News Asia (English channel), Okto (English channel), Channel 8 (Chinese channel), Channel U (Chinese channel), Suria (Malay channel) and Vasantham (Indian channel).

Кабельді жүйесі Starhub Cable Vision (SCV) дүние жүзі каналдары және Singtel's MioTV - IPTV сервисін ұсынады. Singapore Press Holdings - өкіметтің бақылауымен газет-журналдарды бақылаушы ретінде жұмыс атқарады.

Транспорт жүйесіөңдеу

Сингапур Порты әлемдегі ең ірі порттардың қатарына кіреді.аяқ, велосипед, автобус, такси, автопойыз (Mass Rapid Transit). Екі компания SBS Transit және SMRT Corporation қоғамдық көлік жүйесін қамтамасыз етеді. Күніне 25,000 такси тоқтаусыз жұмыс жасайды.

Aвтопойыз (Mass Rapid Transit)өңдеу

Kawasaki Heavy Industries & Nippon Sharyo C751B пойызы MRT(Mass Rapid Transit) жолында

Тағы қараңызөңдеу

Дереккөздерөңдеу

  1. Population and Population Structure. Department of Statistics Singapore.
  2. a b c d World Economic Outlook Database, April 2019 – Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund.
  3. Human Development Indices and Indicators: 2018 Statistical update. United Nations Development Programme (15 September 2018).
  4. Leitch Lepoer, Barbara Singapore as Part of Malaysia. Library of Congress Country Studies. Washington, D.C.: Government Printing Office (1989). Тексерілді, 29 қаңтар 2011.
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау