Семирамида аспалы бағы

Семирамида аспалы бағыВавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған.

Семирамида аспалы бағы
суреті
Жалпы мәлімет
Мемлекет

Ирак

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hanging Gardens of Babylon

Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.

Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдаттың оңтүстік жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.

Шығу тарихыөңдеу

Навуходоносор II атты Вавилон патшасы (б.з.б 605—569) ең басты жауы - Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы Киаксармен әскери одақ құрады.

Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II-нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.

Жердегі жұмақөңдеу

Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.

Қызықты мәліметтерөңдеу

  • Бақтың әр жағы 4 плетронға тең болған. Плетрон - гректердің ұзындық өлшемі, ол 30,8 м-ге тең, олай болса,бақтың ауданы 123,2 м² болған.
  • Вавилонның көп ғимараттары ашық көк кірпіштермен безендірілген.
  • Бақтарды күту, егу, суару, жерді қопсыту, өсімдіктерді отырғызып, оларды кесу-жүздеген құлдарға жұмыс тауып берді.
  • Патшаның әскери жеңістерінің нәтижесінде оның жаулары да көп болды, осыған байланысты аспалы бақтарды қарулы әскерлер күзетті.
  • Ешкім де сеніммен Аспалы бақта қандай өсімдіктер өскендігі жөнінде айта алмайды, бірақ патша Ашурнасирпала II (б.з.б. 883-859) осы жерден алыс емес Нимруде қаласындағы бақта мирт, арша, бадам, құрма, зәйтүн, паслен, анар, қара өрік, алмұрт, айва, інжір және жүзім өсірген.
  • Бақтарға су Ефрат өзенінен каналдар жүйесі арқылы берілген.
  • Аспалы бақтың әр қабатының табаны саз кірпіштен қаланған, араларына қамыс жайылып, су өтпес үшін оларды қарамаймен және қабатталған қорғасынмен жапқан.
  • Ағаштар көлеңке және ылғалды сақтау үшін бір-біріне жақын егілген. Олар: кипарис, қарағаш, самырсын, емен, ақ үйеңкі, үйеңкі және т.б. Бұл ағаштар: мысалы, пальма мықтылығымен қатар, шірімейтін қасиетті болған, сол қасиеті үшін құрылысқа пайдаланған.

Өсімдіктерөңдеу

Қолда бар сипаттамаларға сәйкес, бақтар гүлдермен, піскен жемістермен, жасанды сарқырамалармен және тығыз жапырақтарға толы террассалармен безендірілген. Вавилондық әдебиетке, тарихи дәстүрге және аймақтың экологиялық-географиялық ерекшеліктеріне негізделген ботаниктердің бақылауы бойынша бақшаларда өсімдіктердің келесі түрлері өсірілген:

Әдебиетөңдеу

  • Мекішев Б .Сүйін.А, Семирамиданың аспалы бағы, кітабы.: Әлемнің жеті кереметі.
  • Өнер әлеміне саяхат, А., 1982; Федосик В.А., Семь чудес света, Минск,05.02.02
  • Әлемнің ұлы кереметтері, Алматы кітап, 2005 жыл. Авторы- Рассел Эш, суретшісі - Ричард Бонсон
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау