Непал

Координаттар: 28°04′00″ с. е. 84°17′00″ ш. б. / 28.06667° с. е. 84.28333° ш. б. / 28.06667; 84.28333 (G) (O) (Я)

Непал (непал. नेपाल [neˈpaːl]), ресми атауы — Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы – Оңт. Азиядағы Гималай тауының орталық бөлігіне орналасқан мемлекет. Жер аумағы 147,2 мың км². Халқы 29,4 млн. Негізгі тұрғындары – непалдықтар. Ресми тілі – непали. Халқының 86%-ы индуизм, қалғандары будда, ислам діндерін ұстанады. Астанасы – Катманду қаласы Әкімшілік жағынан 14 аймаққа бөлінеді. Конституция бойынша мемлекет басшысы – король. Жоғары заң шығарушы органы – 2 палаталы парламент (Өкілдер палатасы және Ұлттық ассамблея). Ұлттық мерекесі 28 желтоқсан (1945) – корольдің туған күні. Ақша бірлігі – непал рупиясы.

Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы
संघीय लोकतान्त्रिक गणतन्त्र नेपाल
Sanghiya Loktāntrik Ganatantra Nepāl
Герб {{{Септік}}}
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Анам мен Отан аспан патшалығынан қымбаттырақ»
Әнұран: «सयौं थुँगा फूलका»
Тарихы
Құрылды1768 жыл
Тәуелсіздік күні1 қаңтар 1923 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліНепал тілі
ЕлордаКатманду
Ірі қалаларыКатманду
Үкімет түріФедеративті парламенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Премьер-министрі
Бидхья Деви Бхандари
Нанда Кишор Пун
Кхадга Прасад Шарма Оли
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 93-ші орын
147 181 км²
2,8
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

28 982 771 адам (48-ші)
26 494 504[1] адам
180 адам/км² (62-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

84 млрд.[2] $
2,842[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

7 млрд.[2] $
919[2] $
АДИ (2017) 0,574[3] (орташа) (149-шы)
ЭтнохоронимНепалдық
ВалютасыНепалдық рупия
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.np
ISO кодыNP
ХОК кодыNEP
Телефон коды+977
Уақыт белдеулері+5:45 [4]

Географиялық мәліметтерөңдеу

Эверест-әлемдегі ең биік шың.

Непал жері таулы келеді. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 қатар тау жотасы созылып жатыр, аралықтарында үлкен аңғарлар мен қазаншұңқырлар бар. Н-дың солт. және шығыс шекараларында әлемдегі ең биік шыңдар Джомолунгма (Эверест, 8848 м) және Канченджанга (8585 м) тұр. Климаты негізінен субэкваторлық, муссондық, биіктік белдеулерде – таулық. Оңт-те шілдедегі орташа температура 30°С, таулы аймақтарда –0 – 20°С; қаңтарда 15°С, таулы өңірлерде –0 – 10°С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 2000 мм, қазаншұңқырларда 1500 мм. Өзендерінің (Ганг алабы) ағыны қатты, су құламалары көп. Ірі өзендері: Карнали, Гандак, Коси, Багхмати. Гималай етектері мен тау беткейлерінде муссондық қалың орман өскен. Ылғалды жерін батпақты өңір мен джунгли алып жатыр. Тау беткейлерінде мәңгі жасыл жалпақ жапырақты орман және одан жоғары белдеулерде қылқан жапырақты орман қалыптасқан.

Тарихыөңдеу

Ежелгі заманда Үнді-Ганг жазықтығымен іргелес жатқан ну ормандарды видех, шакья, малла, личхав тайпалары мекендеді. Б.з. бас кезінде Непал алқабында (Катманду алқабы) Невар мемлекеті пайда болды. Ол 8 ғ-да ұсақ ұлыстарға бөлінді. 13 ғ-да Малл әулеті елді қайта біріктірді. 15 ғ-да бұл мемлекет те бөлшектеніп, Карнали өзеннің алабында 22 князьдік (Джумла, Джаджаркот, тағы басқа) және Гандок өз. алабында 24 князьдік (Палпа, Танахун, тағы басқа) өмір сүрді. Дегенмен 1769 ж. қазіргі билеуші король әулетінің негізін қалаушы Притхви Нараян Шах бытыраңқы князьдіктерді қайта біріктірді. 18141815 ж. ағылшындармен соғыста Непал бірқатар жерінен айырылды. 1846 ж. ағылшындардың көмегіне сүйенген рана әулеті билікке келді. 1951 жылғы төңкеріс нәтижесінде Рана әулеті билікті бұрынғы король әулетіне беруге мәжбүр болды. 19601980 ж. елде король әулетінің шексіз билігі орнады. Бірақ экономика жағынан артта қалған Непал үкіметі сыртқы күштердің және ел ішіндегі бұқаралық қозғалыстардың қысымымен 1990 ж. саяси реформалар жүргізуге мәжбүр болып, жаңа конституция қабылдады.

Дініөңдеу

Ресми мәліметтерге сәйкес, халықтың 80,6 пайызы индуизмді ұстанатындар. Тәуелсіз бағалаулар бойынша, индуизмді ұстанатындардың нақты саны небәрі 70%, тіпті одан да аз. Бұл сәйкессіздік ресми түрде индуизмге жататынын жариялағанымен, шын мәнінде анимизм немесе буддизмді ұстанатын көптеген ұлттардың болуына байланысты. Көбінесе нақты сызық сызу қиын, сондықтан бағалаулардың дәлдігі туралы айту мүмкін емес. Бірақ, қалай болғанда да, индуизм Непалдағы басым дін болып табылады.

Халықтың шамамен 10,7%, әсіресе Мустанг Корольдігінде өзін буддистер деп санайды. Сондай-ақ ислам дінін ұстанатын азшылықтар, Кирант (Кирант Мандхам – кират халқының ежелгі нанымы) және жекелеген анимистік нанымдарға жататын азшылықтар бар.

Шаруашылығыөңдеу

Непал – аграрлы ел. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – күріш, бидай, жүгері, картоп, шай, темекі, мақта. Мал шаруашылығы елдің солтүстік бөлігінде басым дамыған. Өнеркәсібінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу басты орын алады. Туризм мен альпинизм дамыған. Экспортқа кілемдер, қарақұмық, қағаз-мақта бұйымдары, майлы дақылдар мен тері шикізаттарын шығарып, сырттан мұнай өнімдерін, машина, құрал-жабдықтар, тұтыну тауарларын алады. Негізгі сауда серіктестері: Тайланд, Үндістан, Германия, Қытай.


Дереккөздерөңдеу

  1. National Population and Housing Census 2011 (National Report). Central Bureau of Statistics (Nepal). Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 сәуір 2013. Тексерілді, 26 қараша 2012.
  2. a b c d Nepal. International Monetary Fund. Тексерілді, 12 наурыз 2016.
  3. Human Development Report. United Nations Development Programme (2017). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 наурыз 2017. Тексерілді, 22 наурыз 2017.
  4. Елде непал уақыт болып тұр.
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау