Маршалл аралдары

Координаттар: 9°10′08″ с. е. 167°38′41″ ш. б. / 9.16889° с. е. 167.64472° ш. б. / 9.16889; 167.64472 (G) (O) (Я)

Маршалл аралдары Республикасы (мш. -{Aolepān Aorōkin M̧ajeļ}-, ағылш. Republic of the Marshall Islands) — Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 181 км². Халқы 68 мың (2000). Халқының көпшілігі микронез. нәсілдік түрге жататын маршалдықтар. Ресми тілі — ағылшын тілі. Діні — христиан-протестант. Астанасы —Маджуро қ. М. А. Р. — президенттік республика. Жоғ. заң шығарушы билікті қос палаталы парламент жүзеге асырады. Ұлттық мейрамы — Конституция күні — 1 мамыр (1979). Ақша бірлігі — АҚШ долл. М. А. Р. 1991 жылдан БҰҰ-ға мүше.

Маршалл аралдары Республикасы
Aolepān Aorōkin M̧ajeļ (мш. -{'
}-)
Republic of the Marshall Islands(ағыл.))
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Jepilpilin ke ejukaan»
Әнұран: «Forever Marshall Islands»
Тарихы
Тәуелсіздік күні21 қазан 1986 жыл (АҚШ-тан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдерімаршалл, ағылшын тілдері
ЕлордаМаджуро
Ірі қаласыМаджуро
Үкімет түріПрезиденттік республика
ПрезидентіДэвид Кабуа
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 189-шы орын
181,43 км²
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

55 000 адам (212-ші)
53 158[1] адам
293,0 адам/км² (28-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

215 млн. $
3,789[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

220 млн. $
3,866[2] $
ВалютасыАҚШ доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.mh
ISO кодыMH
ХОК кодыMHL
Телефон коды+692
Уақыт белдеулері+12

Маршалл аралдары шағын, аласа маржанды атолдар. Негізгі табиғи байлықтары: фосфорит кендері, теңіз өнімдері. Аралдардың климаты — тропиктік, пассатты - муссондық. Айлық орташа температурасы 26 — 33°С аралығында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. — 1800 мм, кейде құрғақшылық та болып тұрады. Өсімдіктер дүниесін кокос пальмалары мен басқа жаңғақтық ағаштар, мәңгі жасыл бұталар құрайды. Жануарлар дүниесі барынша жұтаң.

Тарихыөңдеу

Аралдар аумағын адамдар бұдан 5 — 6 мың жылдай уақыт бұрын қоныстанған. Ежелгі тарихы жөнінде деректер мардымсыз. Маршалл аралдарын 1526 ж. испандық М.Сааведра ашты. Бірақ 1788 ж. аралдарды жан-жақты зерттеген ағылшын капитаны Дж.Маршалл құрметіне Маршалл аралдары деп аталды. Аралдар 17 — 19 ғасырларда Испанияның отары болды. 1885 — 86 жылдары аралдарды Германия өз иелігіне айналдырды. 1914 жылы Маршалл аралдарын жапон әскерлері басып алып, мандаттық жүйемен Жапония мемлекетінің басқаруында болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аралдар әскери қимылдар аймағына енді. Жапония жеңілгеннен кейін БҰҰ-ның қамқорлығына өтіп, 1947 жылдан АҚШ-тың басқаруына берілді. Бикини мен Эниветок атолдары америк. атом қаруын сынайтын полигонға айналды (1963). Аралдар 1979 жылдың 1 мамырда өзін-өзі басқару құқығына ие болды. 1990 жылы БҰҰ Маршалл аралдарының тәуелсіздігін мойындап, 1991 жылы 21 қазанда тәуелсіз мемлекетке айналды.

Экономикасыөңдеу

Экономикасының негізгі салалары — a.ш. (кокос, бұрыш, асқабақ) мен туризм. Туризм тұрғындардың 10%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Өнеркәсібі балық пен копра өңдеумен шектелген. Экспортқа фосфаттар, балық, кокос майы мен копра шығарады. Сырттан машина, құрал-жабдықтар, азық-түліктің кейбір түрлерін, электроника, байланыс, тұрмыстық бұйымдар әкеледі. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 1730 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері — АҚШ пен Жапония.

Дереккөздерөңдеу


🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау