Лев Давыдович Ландау

(Лев Давидович Ландау бетінен бағытталды)

Ландау Лев Давыдович [1][2][3] [9(22).1.1908, Баку — 1.4. 1968, Мәскеу] — орыс ғалымы, КСРО ұлттық академиясының академигі (1946). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетін бітірген (1927). 1932 жылдан Харьковтегі Украина физика-техникалық институтында, 1937 жылдан КСРО ұлттық академиясының Физикалық проблемалар институтында, 1947 жылдан Мәскеу мемлекеттік университетінде (МГУ-дің) ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. 1926 ж. екі атомды молекулалар спектрінің қарқындылығы туралы өзінің ең алғашқы ғылыми жұмысын жариялады. 1927 ж. тығыздық матрицасы ұғымын тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізді. Ол металдың электрондық диамагнетизм теориясын (1930), антиферромагнетизм теориясын (1936), екінші текті фазалық ауысудың жалпы теориясын (1937), Ю.Б. Румермен біріге отырып, ғарыштық сәулелердегі электрон нөсерінің каскадтық теориясын (1938), сұйық гелийдің асқын аққыштық теориясын (1941), электрондық плазманың тербеліс теориясын (1946), В.Л. Гинзбургпен бірге асқын өткізгіштің жартылай феноменол. теориясын (1950), жоғары энергиялы бөлшектердің өзара соқтығысуы кезіндегі бөлшектердің тасқындап туу теориясын (1953), А.А. Абрикосовпен, т.б. бірлесе отырып кванттық электрдинамика негіздерін (1954 —1955), комбинациялық жұптылықтың жаңа принципін және екі құраушылы (компонентті) нейтрино теориясын (1956), Ферми сұйықтығының теориясын (1956 — 1959), т.б. жасады. Ландау Л.Д көптеген физик-теоретиктердің (И.Я. Померанчук, А.Б. Мигдал, И.М. Лившиц, А.А. Абрикосов, Е.М. Лифшиц, И.М. Халатников, т.б.) мектебін құруына ықпалын тигізді. Ресей ұлттық академиясының Теориялық физика институты Ландаудың есімімен аталады. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1946, 1949, 1953) Нобель сыйлығы (1962) және Лениндік сыйлық(1962), лауреаты болды[4], Социалистік Еңбек Ері (1954). 3 мәрте Ленин орденімен, т.б. орден, медальдармен марапатталған.

A.
Л.Д Ландау.

Дереккөздерөңдеу

  1. Абрикосов А.А., Академик Л.Д. Ландау, М., 1965
  2. Гинзбург В.Л., Лев Давыдович Ландау (К 60-летию со дня рождения), “Успехи физических наук”, 1968, т. 94, в.
  3. Лифшиц Е.М., История открытия и объяснения сверхтекучести жидкого гелия (К 60-летию академика Л.Д. Ландау), “Природа”, 1968
  4. Ларшон М. Нобелевская премия по физике 1962 года: Лев Ландау. 2013 жыл 24-26 сәуір.


🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау