Кемпірбай Бөгенбайұлы

Кемпірбай Бөгенбайұлы (1834-1895), ақын, әнші. Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Наманай бөлімінен шыққан[1].

Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай сынды ақындармен айтысқан. Бұл айтыстар халық арасына кең тараған. Кемпірбайдің шығармалары «Таң» журналында (Семей, 1925, № 1), «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (А., 1931), айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965, 1988), «Бес ғасыр жырлайды» кітабында (1985, 1989) жарияланды. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда келіп, өлеңмен көңілін сұрағаны, оған Кемпірбайдын қайтарған жауабы - көркемдік жағынан қазақ айтысының інжу-маржаны. Әсет қоштасу өлеңіне таңдау жасағанда, осыған баса назар аударған («Әдебиет тарихы», А., 1991). «Өлерде өлеңмен, әнмен қоштасу - көбінесе ақындардың әдеті» - Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңіліне тығылып жүрген сырды ашады» деп, ұлы жазушы ол сырдың қандай сыр екеніне тоқтапған. Кемпірбайды бес жасынан бастап ақындықтың иесі - Дәуіт пайғамбар иектеп, ақындық өнерді дарытқан екен. Өлеңнің көкала үйрек секілді бөлек жаны, бөлек денесі бар. Сол сый енді ақынның кеудесінен ұшқалы жатыр. Арманы - осы қадірлі сыйдың ұрпағына қонбай, мұның әулетінен біржола жоғалып кетуі. Жалғыз арман, мұң - осы. Сөйтіп ұрпақ өнерсіз қалмақ. «Міне, коштаскан жерде жүректегі сыр мен кеңіңде кетіп бара жатқан арманды айтқан жері» деп, зерттеуші қоштасу өлеңіне ғылыми сипаттама берген.[2]

Дереккөздерөңдеу

  1. https://adebiportal.kz/upload/iblock/444/4441c0b93a6e7e908b363b7e87f7a6e6.pdf
  2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8


🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау