Қатар

(Катар бетінен бағытталды)
Координаттар: 25°16′10″ с. е. 51°12′46″ ш. б. / 25.26944° с. е. 51.21278° ш. б. / 25.26944; 51.21278 (G) (O) (Я)

Қатар (араб.: قطر[ˈqɑtˁɑr], жергілікті [ɡitˁar]), ресми — Қатар мемлекеті (араб.: دولة قطرДәвләт Қатар) — Парсы шығанағының Қатар түбегінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 11400 км²-ге, ал халық саны 724 мың адамға (1999) тең. Ресми тілі – араб тілі. Астанасы – Доха қаласы. Мемлекеттің саяси құрылымы – абсолюттік монархия. Мемлекет басшысы, әрі әмір шейхі — Тамим ибн Хамад әл Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған. Саяси партиялары жоқ. Ұлттық мерекесі 3 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1971). Ақша бірлігі – Қатар риалы.

Қатар мемлекеті
دولة قطر
Герб
БайрақЕлтаңба
Әнұран: «As Salam al Amiri» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні3 қыркүйек 1971 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліараб тілі
ЕлордаДоһа
Ірі қалаларыДоһа
Үкімет түріабсолюттік монархия
Әмір
Премьер-министрі
Тамим ибн Хамад Әл Тани
Халид бин Халифа Әл Тани
Мемлекеттік діні ислам (суннизм бағыты)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 158-ші орын
11 581 км²
0,8
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2010)
Тығыздығы

2 641 669[1] адам (140-шы)
1 699 435[2] адам
176 адам/км² (76-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

357,338 млрд.[3] $ (51-ші)
128,702[3] $ (1-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

183,807 млрд.[3] $ (56-шы)
66,202[3] $ (6-шы)
АДИ (2018) 0,856[4] (өте жоғары) (37-ші)
ВалютасыКатар риалы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.qa
ISO кодыQA
ХОК кодыQAT
Телефон коды+974
Уақыт белдеулері+3

Табиғатыөңдеу

Жері шөлейтті жазық болып келеді. Тұрақты ағатын өзендері жоқ. Климаты тропиктік, құрғақ, қысы мен жазы қуаң, ыстық. Қаңтардағы орташа температура 16С, шілдеде 32С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм.

Тарихыөңдеу

Қатар түбегін адамдар біздің заманымыздан бұрын 2 – 3-мыңжылдықта қоныстана бастаған. Алғашқы жазба мәліметтер біздің заманымыздың бас кезінен бастап кездеседі. Оны оқтын-оқтын ирандықтар жаулап алып отырды. 7 ғасырда елді арабтар жаулап алып, Араб халифаты құрамына енгізді. Халифат ыдырағаннан кейін (10 ғасыр), аумағы Карматтар мемлекетінің құрамында болып, 13 – 14 ғасырларда Бахрейн әмірлігінің қол астына қарады. 16 ғасырда Қатарды Бахрейн әмірлігімен бірге португалдар, кейінірек Осман сұлтандығы басып алды. 17 ғасырдан бастап ел түрік, парсы мемлекеттері мен араб билеушілері (Оман шейїтары, Сауд әулеті, тағы басқа) арасындағы күрес нысанына айналды. 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап елдің шағын бөлігіне Тани әулеті иелік ете бастады. Бұл әулет 19 ғасырдың аяғында елді біріктірді, бірақ 1868 жылы ағылшындармен өз тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін шарт жасасты. 18711914 жылы Осман сұлтандығы қайта бағындырды. 1914 жылы елді ағылшындар басып алып, 1916 жылы Қатар Британия протектараты болып жарияланды. 1930 жылы ел аумағынан аса мол мұнай қоры табылып, шет ел компаниялары ағыла бастады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1960 – 68 жылы халық толқулары қайта күшейіп, билік басындағылар ауысып, ағылшын әскерлері елден шығарыла бастады. 1970 жылы 10 сәуірде уақытша конституция қабылданып, мамырда алғашқы үкімет құрылды. 1971 жылы 1 қыркүйекте Қатар тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасына қабылданды. 1991 жылы Қатар Қарулы Күштері БҰҰ шеңберінде жүргізілген Ираққа қарсы соғыс қимылдарына қатынасты.

Әкімшілік бөлінісіөңдеу

Толық мақаласы: Катардың әкімшілік бөлінісі
Қатардың әкімшілік картасы

Қатар 8 муниципалитетке бөлінген[5] (араб.: بلديات‎ — баладийят).

МуниципалитетӘкімшілік орталығыАуданы,
км²
Тұрғындары,
адам (2020)[6]
Тығыздығы,
адам/км²
ISO коды
1Әд-ДоһаДоһа2341 186 023QA-DA
2Әд-ДайианӘд-Дайиан236100 083QA-ZA
3Әл-ХорӘл-Хор1551140 453QA-KH
4Әл-УәкірәӘл-Уәкірә2520265 102QA-WA
5Әр-РайанӘр-Райан2450826 786QA-RA
6Әш-ШамалӘш-Шамал90216 730QA-MS
7Умм-СалалУмм-Салал310149 701QA-US
8Әш-ШаханияӘш-Шахания3309161 240QA-US
Барлығы11 5712 846 118

Экономикасыөңдеу

Негізгі байлығы – мұнай (табиғи қоры – 778 млн. тонна). Елдегі ұлттық табыстың 90%-ын мұнай өнеркәсібі береді. Мұнай өнеркәсібі “Қатар петролеум”, “Шелл оф Қатар”, тағы басқа компаниялардың қолында. Мұнайдан басқа табиғи газ өндіріледі, балық ауланады. Тұрғындардың 35%-ы өнеркәсіпте, 3%-ы ауыл шаруашылығында, 60%-ы қызмет көрсету салаларында қызмет етеді. Жерінің 0,7%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылады. 1997 жылы ұлттың байлық мөлшері 7,4 млрд. АҚШ доллapы, жан басына шаққанда 20100 доллар деңгейінде болды. Мұнай салалары бойынша жетіспейтін жұмыс күшін сырттан әкеледі. Сырттан мәшінелер, құрал-саймандар, мал, тамақ өнімдері, тұтыну және химия тауарлары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестіктері: Жапония, Италия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сауд Арабиясы. Қазақстан мен Қатар арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнаған. 1998 жылы 23 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қатарда ресми сапармен болып, әмір Хамад бен Халифа әл-Танимен және елдегі аса ірі бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді. Екі жақ мұнай өңдеу және тасымалдау, инвестиция мен банк, туризм, әуе байланысы, тағы басқа салалар бойынша өзара келісімдерге қол қойды. Осы кездесуден кейін екі ел арасында сауда-экономикалық байланыстар жедел дами бастады.

Дереккөздерөңдеу

  1. Population structure. Ministry of Development Planning and Statistics (31 January 2017).
  2. Populations. Qsa.gov.qa. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 шілде 2010. Тексерілді, 2 қазан 2010.
  3. a b c d World Economic Outlook Database, April 2018 – Report for Selected Countries and Subjects. International Monetary Fund (IMF) (April 2018). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 мамыр 2018.
  4. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  5. Qatar Municipalities. Qatar Ministry of Municipality and Urban Planning. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 желтоқсан 2011.(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Qatar Census 2020 Main Results  (ағыл.). Planning and Statistics Authority.
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау