Есенбұға

Есенбұға, Исан Бұға – Моғолстан билеушісі (142961/62). Шағатай әулетінен шыққан. Ата тегі: Шыңғыс ханШағатай— Мамкан — Қара Исун — Барақ — Даводж — Шер Әли оғлан — Уәйіс хан — Есенбұға. Уәйіс хан қайтыс болған соң, оның екі ұлы Жүніс пен Есенбұға арасында билік үшін күрес болып, соңғысы 1429 жылы жергілікті тайпа көсемдерінің және әмірлердің қолдауымен билік басына келеді. Есенбұға көп ұзамай тұрфандық Темірді өзіне найб етіп аламын деп, қол астындағы әмірлердің карсылығына ұшырайды. Есенбұға билік еткен алғашқы жылдары Моголстанда орталық билік әлсіреп, хан беделі төмендеді. Есенбұға дулат тайпасынан шыққан Әмір Саиид Әлидің көмегімен Шығыс Түркістандағы Ақсу қаласына бекінеді. Өз беделін нығайтып алған соң, алғашында Түркістан, Сайрам, Ташкент аймағына (145051), кейін Әндіжан өңіріне (145355) шапқыншылық жорықтар жасайды. Әмір Темір өулетінен шыққан Мауераннаһр билеушісі Әбу Саиид мырза Хорасан бағытындағы саясатын жемісті жүргізу үшін және Мауераннаһрдың шығыс шекарасын Есенбұғаның жорықтарынан қорғау мақсатында ағасы Жүністі оған қарсы пайдаланды. Жүніске Әндіжан өңірінен жер беріп, Есенбұғаның иелігіндегі жерлерге қауіп туғызады. Есенбұға 14571458 ж.ш. Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен Жәнібек хандарға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін беріп, оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 145860 ж. Жүніс ханның Есенбұғаға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Есенбұға қайтыс болған соң, Шығыс Түркістанда оның ұлы Дос Мұхаммед хандық құрған (1461/62-69). 1469 жылдан Моғолстандагы билік Жүніс ханның колына көшеді.[1]

Есенбұға
Лауазымы
Моғолстан ханы
1429-1462
ІзашарыСатұқ хан
ІзбасарыДос Мұхаммед хан
Өмірбаяны
Дініислам
Қайтыс болуы1462 (1462)
ДинастияТоғылық Темір
ӘкесіУәйіс Хан
БалаларыДос Мұхаммед

Дереккөздерөңдеу

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2


🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау