Ертіс

Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.[1]

Ертіс
Павлодар аумағындағы Ертіс өзені
Павлодар аумағындағы Ертіс өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы4248 км
Су алабының
ауданы
1 643 000 км²
Су алабыСолтүстік Мұзды мұхиты
Өзендердің
су алабы
Обь/Үбі
Су шығыны3000 м³/с (сағасы)
Су ағысы
БастауыАлтай таулары
 • Орналасқан жеріҚытай мен Моңғолияның шекаралары
 • Координаттары47°52′29″ с. е. 89°58′23″ ш. б. / 47.8748583° с. е. 89.9730611° ш. б. / 47.8748583; 89.9730611 (G) (O) (Я) (T)
СағасыОбь
 • Координаттары61°04′50″ с. е. 68°49′50″ ш. б. / 61.08056° с. е. 68.83056° ш. б. / 61.08056; 68.83056 (G) (O) (Я)Координаттар: 61°04′50″ с. е. 68°49′50″ ш. б. / 61.08056° с. е. 68.83056° ш. б. / 61.08056; 68.83056 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі0,03 м/км
Орналасуы
Ертіс бассейні
Ертіс бассейні
Ел Қазақстан,  Моңғолия,  Ресей,  Қытай
Ортаққордағы санаты: Ертіс
 Басқа мағыналар үшін Ертіс (айрық) деген бетті қараңыз.

Қазақстан жерінде Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.

Бастауыөңдеу

Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Алтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.

Гидрологиясыөңдеу

Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.

Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл кент тұсында 25 – 30 км-ге жетеді.

Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйрік, сылан, бекіре, шортан, алабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан, табан, көксерке және байкал омулі жерсіндірілген.[2]

Салаларыөңдеу

Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары

Ресей аумағындағы салалары

Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.f>

Дереккөздерөңдеу

  1. http://www.ic.omskreg.ru/irtysh/rew.htm Мұрағатталған 1 қарашаның 2013 жылы.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Сыртқы сілтемелерөңдеу

🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау