Гамбия

Координаттар: 13°30′00″ с. е. 15°30′00″ б. б. / 13.50000° с. е. 15.50000° б. б. / 13.50000; -15.50000 (G) (O) (Я)

Гамбия (ағылш. The Gambia, [ˈɡæmbiə]), толық Гамбия Республикасы (ағылш. Republic of The Gambia) — Батыс Африкадағы мемлекет. Африканың құрлық бөлігіндегі ең кішкентай мемлекет болып табылады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалмен шектеседі, ал батысында Атлант мұхиты бойынан жағалық сызығы бар. 1965 жылы Ақпанның 18 күні Гамбия Британ империясынан егемендік алды және Ұлттар достастығына мүше болды. Елордасы — Банжул, Ең үлкен қаласы — Серекунда.Құрлықтағы шекарасының жалпы ұзындығы — 740 км. Аумағы — 11000 км.

Гамбия Республикасы
Republic of The Gambia
Герб Гамбия
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Progress, Peace, Prosperity (Прогресс, Бейбітшілік, Гүлдену)»
Әнұран: «For The Gambia Our Homeland»
Тарихы
Тәуелсіздік күні18 ақпан 1965 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліағылшын тілі
ЕлордаБанжул
Ірі қаласыСерекунда
Үкімет түріПрезиденттік республика
Президенті
Вице-президенті
Адама Бэрроу
Усайну Дарбо
Мемлекеттік дініислам
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 159-шы орын
10 689 км²
11,5
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2013)
Тығыздығы

2 051 363[1] адам (146-шы)
1 857 181 адам
176,1 адам/км² (74-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

3,582 млрд.[2] $
1,686[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

1,038 млрд.[2] $
488[2] $
АДИ (2015) 0,452[3] (төмен) (173-ші)
Валютасыдаласи
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.gm
ISO кодыGM
ХОК кодыGAM
Телефон коды+220
Уақыт белдеулеріUTC+0

Батыс Африкада орналасқан және Африка континентіндегі ең кішкентай мемлекет.Солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде Сенегалмен, ал батысында Атлант мұхитына тіреледі.18 ақпан 1965 жылы Гамбия Британ империясынан тәуелсіздігін жариялады да, Ұлттар достастығына кіреді.

Гамбия Африка континентінде дамымаған мемлекеттердің бірі. Мемлекеттің жалпы өнімі 442 миллион АҚШ доллары, адам басына шаққанда 290 доллардай. Экономикалық белсенді халық саны 2001 жылғы бағалау бойынша 687 мың адам.Одан басқа, мемлекетте денсаулық дәрежесі өте төмен, сол үшін көптеген аурулар туғызады және мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында өлім өте үлкен.Мемлекет жүйесі – республика. Мемлекеттің және үкімет басшысы президент және қарулы күштерінің басшысы болып табылады.Президент халық сайлауында 5 жылда бір лет тағайындалады. Үкімет Президенттен және Призедент тандаған кемінде 15 хатшыдан(министр) тұрады. Әр округтан сайланған, 48 мүшеден және Президент тандаған 5 мүшеден тұратын Халық Ассамблеясы Заң шығарушы орган болып табылады.

Астанасы: Банжул.Ең үлкен қаласы:Серекунда.Мемлекеттік тілі: Ағылшын және т.б. жергілікті тілдер.Билік жүйесі: Президенттік республикасыМемлекет басшысы:Призедент(Яйя Джамме)Жер аумағы: әлемде 159-шы орын, 10380 км²Халқы: 1 360 681 адам(2003 жылғы санақ бойынша)Мемлекеттік валюта: ДаласиШекараның ұзындығы:740 кмМемлекет үш топографиялық бөлікке бөлуге болады:1.Төменгі алап(Мемлекет аумағының 39% құрайды);2. Ойлы-қырлы құмды алап(Мемлекет аумағының 57% құрайды);3.Құмдақ алап(Мемлекет аумағының 4% құрайды);Гамбия климаты – субэкваторлық, ауыл шаруашылығына өте қолайлы болып келеді,өйткені күн сәулесі көп түседі және жаңбыр да коп жауады.Гамбияда 7 ұлттық саябақ және қорық бар:1.Гамбия өзенінің ұлттық саябығы.2.Абуко ұлттық саябағы. 3.Бирджило орманды саябағы.4.Кианг Вест ұлттық саябағы.5.Баоболонг резерваты.6.Ниуми ұлттық саябағы.7.Танджи өзен құс резерваты.Әкімшілік бойынша Гамбия 1 қала, 5 округке бөлінеді, өз кезегінде олар 37 ауданға бөлінеді.1.Банжул – қала.2. Төменгі Өзен(Әкімшілік орталығы – Манса Конко)3.Орталық Өзен(Әкімшілік орталығы – Янянбурех)4.Солтүстік Жағалау(Әкімшілік орталығы – Кереван )5.Жоғарғы Өзен(Әкімшілік орталығы – Бассе-Санта-Су)6.Батыс аудан(Әкімшілік орталығы – Брикема)

Халықтың жалпы саны 1700,0 мың адам. Негізгі бөлігі африкалықтар, олардың ішінде: мандинка, фульбе, волоф, диола, сонинке.Тек халықтын 26% қалада тұрады.Дін бойынша халықтын көбі мұсылман, 90% шақты, ал 9% христиндар, ал қалған 1% дәстүрлі сенімдерді жақтайды.Олар: анимализм, фетишизм, ата-баба аруағына, табиғат құбылыстарына табыну.2.Экономикалық үрдіс.Мемлекеттің экономикалық негізі – аграрлық сектор, шетелдік инвестицияға өте көлемді болып табылады, көбінде ағылшын инвестициялары.Мемлекеттін ЖІӨ-cінің 30% ауыл шарушылығы қамтамасыз етеді,ауыл шаруашылығында 75%-дай халықты қамтамасыз етеді.Гамбия өнеркәсібі дамымаған.Туризм тез қарқынмен дамып жатыр. Әр жылы Гамбияға 8 миллион доллардай жәрдемақы бөлінеді.Ауыл шаруашылығы.Гамбия жерінің 25% ауыл шаруашылығына қолданылады. Басты азықтар мәдиенеттері – жүгері, тары, күріш, құмай. Және де апельсин, банан, бұршақ тұқымдас, кассаву (маниок), манго, папайю, мақта, көкөністер өсіріледі.Одан басқа мал шарушылығы да жақсы дамыған – ірі қара, қой, ешкі, доңыз, есек, жылқы және құстар өсіріледі.Өзен және теңіз балық аулыуы да жақсы дамыған – акула, барракуда, барабулька, бонго, қандауыршөп, камбала, сардинелла, солоро, тарпан, талапия, тунец және анчоус, асшаян, лангуст,устрицалар ауланады.Теңіз өнімдері мен балық аулау көлемі 30 мың тоннаны қамтиды.

Өнеркәсіп.Басты саласы – өңдеу шаруашылығы.Ильменит өңдіру мен алғашқы байыту, ағаш дайындау жүргізіледі. Мемлекетте бірнеше ағаш өңдеу, тері илеу, аяқ киім, мата тігу және құрылыс материалдарын жасайтын кіші өнер кәсіпорындар бар. Тағы да жержаңғақ тазалау, балық және теңіз өнімдері сияқты ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеу, ет, көкөніс консервілерін,пальма майын,алкогольсіз сусын мен сыра өндіру.

Сыртқы сауда. Сыртқы тауар айналымының пайдасы 14,3% ЖӨІ. Экспорттың басты әріптестері: Тайланд(16,5%), Ұлыбритания(15,4%), Франция(14,0%), Индия(12,8%), Германия(9,1%). Экспорттың басты өнімдері: жержаңғақ, пальма майы, балық және теңіз өнімдері, мақта талшықтары.Импорттың басты әріптестері:Қытай(24,6%), Бразилия(16,8%), Сенегал(10,4%),Ұлыбритания(5,8%), Голландия(4,5%). Импорт өнімдері көбінесе көлік пен құрал-жабдық, азық-түлік, жанармай, өнеркәсіптік тауарлар.

Энергетика.Гамбияның энергетикалық жүйесі дамымаған.Электр қуаты Банжул, Барра, Брикима, Джорджтаун, Каур, Кунтаир және Юндум ЖЭС-рында дизельдік генераторлары өңдіреді.2006 жылғы электр қуатының өндірісі 91 миллион киловатт-сағатқа жеті.

Көлік және байланыс. Гамбия экономикасының дамуының басты саласының бірі-көлік инфрақұрылымның дамуы.Темір жолдар мүлдем жоқ.Автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 3,7 мың км, оның ішінде қатты төсем жолдарының ұзындығы 711 км.Ұзындығы 390 км су жолдары бар.Гамбия өзені жыл бойы кеме жүретін болып табылады. 5 кішітонналық кеме мемлекеттің сауда флотын құрайды.Банжул порты басты және жалғыз порт болып табылады. Жалғыз және халықаралық аэропорт Юндуме қаласында, астанасынан 27 км жерде орналасқан.

Қаржы және несие. Гамбияның басты ақша бірлігі – даласи, ол 100 бутуттан тұрады.Айналымға 1971жылы 1 шілдеде енгізілген. Айналымда 1,5,10,25,50,100 даласи және 1,5,10,25,50 бутут тиын айналымға енгізілген. Ақшаның жаңа түрі 1998 жылы енгізілді.

Туризм.Экономиканың басты салаларының бірі, 1960 жылдардан бастап дамуда.Антлант теңізінің жағасындағы 10-ға жуық жайлы қонақүйлер, жергілікті халықтын мәдениетінің өзділігі туристерге көз тартарлық болып келеді.Гамбияда ең қолайлы демалу мерзімі караша мен ақпан аралығы болып табылады. 1990-шы жылдардың ортасындағы политикалық тұрақсыздылық туризмге кері ықпалын тигізді.

Гамбияның климаты Батыс Африкадағы егіншілік үшін ең қолайлы климаттың бірі болып табылады. Климаты субэкваторлық, құрғақ (қарашадан мамырға дейін) және жаңбырлы (маусымнан қазанға дейін) маусымдармен ерекшеленеді. Құрғақ мезгілде Сахарадан соғатын құрғақ желді харматан деп атайды. Оның арқасында Гамбиядағы қыс жауын-шашынсыз жұмсақ, шуақты күндер басым. Қарашадан мамырға дейін ауа температурасы +21-ден +27 °C-қа дейін, салыстырмалы ылғалдылық - 30-дан 60% -ға дейін. Жаз айларындағы орташа температура салыстырмалы ылғалдылығы жоғары +27-ден +32 °C-қа дейін. Жаңбырлы маусым маусым айында басталып, қазан айында аяқталады. Жалпы алғанда, түнгі температура жағалауда ішкі аудандарға қарағанда жоғары. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден аспайды, тіпті жаңбырлы кезеңде де шуақты күндер басым болады.

Дереккөздерөңдеу

  1. The World Factbook: Gambia, The  (ағыл.).
  2. a b c d The Gambia. International Monetary Fund.
  3. 2016 Human Development Report Summary. United Nations Development Programme (2016). Тексерілді, 21 наурыз 2017.
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау