Вануату

Координаттар: 16°38′00″ о. е. 168°01′00″ ш. б. / 16.63333° о. е. 168.01667° ш. б. / -16.63333; 168.01667 (G) (O) (Я)

Вануату, ресми атауы — Вануату Республикасы (би. -{Ripablik blong Vanuatu}-, фр. République du Vanuatu, ағылш. Republic of Vanuatu) — Тынық мұхиттың оңт.-батыс бөлігіндегі аралдарда орналақан мемлекет.

Вануату Республикасы
би. -{Ripablik blong Vanuatu}-
фр. République du Vanuatu
ағылш. Republic of Vanuatu
Герб
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Long God Yumi Stanap»
Әнұран: «Yumi, Yumi, Yumi»
Тарихы
Тәуелсіздік күні30 шілде 1980 жыл (Франция және Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріағылшын, француз тілі және бислама
ЕлордаПорт-Вила
Ірі қалаларыПорт-Вила, Люганвиль
Үкімет түріПарламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Таллис Мозес
Шарлот Салвай
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 157-ші орын
12 189 км²
Жұрты
• Сарап (2016)
Тығыздығы

272 459[1] адам
19,7 адам/км² (188-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

820 млн.[2] $ (178-ші)
2,850[2] $ (155-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

957 млн.[2] $ (175-ші)
3,327[2] $ (124-ші)
АДИ (2015) 0,597[3] (орташа) (134-ші)
ВалютасыВату (VUV)
Қосымша мәліметтер
ISO кодыVU
ХОК кодыVAN
Телефон коды+678
Уақыт белдеулеріUTC+11:00 және Pacific/Efate

Қысқаша мәліметөңдеу

Жер аумағы 12,2 мың км². Астанасы — Порт-Вила. Халқы 177,5 мың (1997). Негізінен, меланезиялықтар. Ресми тілдері: бислама (пинджин), ағылшын және француз тілдері. Халқының көпшілігі — христиандар. 1980 жылғы конституция бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық Ассамблея. Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (30 шілде 1980 ж.). В. — жанартаулардың атқылауы нәтижесінде пайда болған аралдарда орналасқан ел. Климаты ылғалды-тропикалық. Қысы-жазы орташа температура 20 — 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. 1000 мм. Аралдарда тропикалық ормандар өскен. Бұл аралдарды алғаш 17 ғ-дың бас кезінде португалдықтар ашқан. Кейіннен ағылшын теңізшісі Д. Кук зерттеп, оларға Жаңа Гебридтер деген ат береді. 1906 жылдан бастап аралдарды Ұлыбритания мен Франция бірігіп басқарды. 1980 ж. 30 шілдеде Британия достастығына кіретін тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Халқыныңlfdf 80%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Өнеркәсібі нашар дамыған. 1988 ж. Молекула және Экспириту-Санто аралдарында алмаз, алтын және күміс өндіріле бастады. Соңғы жылдары туризм тез дамып келеді. Жыл сайын 26 мыңнан астам туристер келіп қайтады. Жан басына шаққанда ұлттық табыстың орташа мөлш. 826 АҚШ доллары. Тегін білім беру жүйесі бар. Білім саласына ұлттық бюджеттің 40%-тен астамы жұмсалады (1998). В. блоктарға қосылмау қозғалысына, БҰҰ-на мүше. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Франция, Жапония, Нидерланд.[4]

Дереккөздерөңдеу

  1. 2016 Post-TC Pam Mini-Census Report. Government of Vanuatu (21 July 2017). Тексерілді, 29 желтоқсан 2017.
  2. a b c d World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund.
  3. 2015 Human Development Report. United Nations Development Programme (2015). Тексерілді, 15 желтоқсан 2015.
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау