Батыс Сібір жазығы

Батыс Сібір Жазығы туралы Ақпарат

Батыс сібір жазығы , Батыс Сібір ойпаты — дүние жүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі. Аумағы 3 млн. км2-ге жуық. Солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара теңіз жағалауынан бастап, оңтүстігінде Сарыарқа мен Алтай тауларының етегіне дейінгі аралықты қамтиды. Батысында Орал тауларынан бастап, шығысында Орта Сібір қыратты тауларына дейін созылып жатыр. Жазықтың солтүстігіндегі мореналық төбелер мен қырқалар аралығында кең аңғарлар кездеседі. Олар оңтүстікте аласа жалдарға ұласады. Жазықтың абсолюттік биіктігі 50 м-ден (солт-нде) 300 м-ге дейін (оңт-нде) өзгереді. Батыс Сібір жазығына Васюган жазығы, Барабы жазығы, Есіл жазығы, Ертіс жазығы, Құлынды даласы енеді. Жазық Батыс Сібір плитасының жас эпигерциндік платформасынан қалыптасқан. Платформаны құрлықтық және теңіздік қалың шөгінділер жауып жатыр. Бұл шөгінділер ірі мұнай және газ кен орындарына бай. Оңтүстігінде (Қазақстан аумағында) жазықтың көпшілік бөлігі қалыңд. 500 – 1200 м болатын мезозой-кайнозой кезеңінің шөгінділерінен түзілген. Өзен аңғарлары төрттік кезеңнің қиыршықты, малтатасты аллювий қабатынан тұрады. Батыс Сібір жазығының климаты тым континенттік. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 28°С, шілдеде 4°С-тан (Солтүстік Тундра белдемінде) 22°С-қа дейін (оңтүстігнде орманды-далалы белдемде) өзгереді. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм, оңтүстігіндегі далалық белдемде 600 мм-ге дейін жетеді. Батыс Сбір жазығында 2000-нан астам өзен бар. Олардың ірілерінде (Об, Енисей, Ертіс, т.б.) кеме қатынайды. Көлдер де көп. Өзенаралық ірі аңғарларында Чаны, Үбі (Ресейде), Сілетітеңіз, Теке, Шағалалытеңіз, Қызылқақ, Қалибек көлдері (Қазақстанда) орналасқан. Олардың көбінің суы ащы. Жазықтың солт-ндегі тундралық және орманды тундралық белдемде шыршалы-қылқанды орман өседі. Оңтүстігіндегі қара және қызыл қоңыр топырақты орманды-далалы және далалық белдемінің көпшілік бөлігі егін танаптары үшін жыртылған.

Батыс Сібір жазығы
Батыс Сібір жазығы:
1. Есіл жазығы
2. Құлынды даласы
3. Барабы жазығы
4. Васюган жазығы
5. Сібір Увалдары
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау