Ақсу (Арыс алабы)

Ақсу өзеніТүркістан облысындағы өзен.

Ақсу өзені
Aksu river (tributary of Arys).jpg
Сипаттамасы
Ұзындығы133 км
Су алабының
ауданы
766 км²
Су алабыАрыс өзені
Өзендердің
су алабы
Сырдария
Су ағысы
БастауыТалас Алатауы
 • Координаттары42°20′10″ с. е. 70°47′48″ ш. б. / 42.33611° с. е. 70.79667° ш. б. / 42.33611; 70.79667 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы
Орналасуы
Ел Қазақстан
АймақТүркістан облысы Төле би ауданы, Сайрам ауданы
Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Ақсу (айрық) деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

Түркістан облысы Төле би және Сайрам аудандары аумағындағы өзен, Арыс өзенінің сол саласы. Ұзындығы 133 км, су жиналатын алабы 766 км2.

Бастауы

Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады.

Гидрологиясы

Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, орта тұсында аңғарының ені 150 - 200 м-ге, жайылмасы 40 - 50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі - мұздық пен қар суы. Көп жылдық орташа су шығымы Сарқырама ауылы тұсында 9,68 м3/с, кей жылдары төменгі ағысында сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдылығы 200 - 400 мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Өзеннің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады.[1]

Қосымша деректер

Ақсу өзенінің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласының орны бар. Өзеннің "Ақсу" аталуы: тереңдігі 500 метрге дейін жететін аңғардың табанымен жөңкіп ағатын өзен суы жарқабақ, ақшыл жыныстар арқылы өтетіндіктен ақшыл болып көрінеді. Тұрар Рысқұлов ауданындағы "Белые воды" елді мекенінің де атауы осыдан келіп шыққан.[2]

Дереккөздер

  1. Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5
  2. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
🔥 Top keywords:

Ақсу (Арыс алабы)

Ақсу өзені – Түркістан облысындағы өзен.