Арыс (өзен)

АрысСырдарияның оң жақ саласы.

Арыс өзені
Арыс өзеніндегі паром өткелі. 1860-шы жылдар. Авторы - Александр Кун.
Арыс өзеніндегі паром өткелі. 1860-шы жылдар. Авторы - Александр Кун.
Сипаттамасы
Ұзындығы378 км
Су алабының
ауданы
14900 км²
Су алабыСырдария өзені
Су ағысы
БастауыҚаратау мен Талас Алатауының аралығы
 • Координаттары42°28′51″ с. е. 70°37′29″ ш. б. / 42.48083° с. е. 70.62472° ш. б. / 42.48083; 70.62472 (G) (O) (Я) (T)
СағасыСырдария өзенінің оң жағы
 • Координаттары42°46′43″ с. е. 68°13′50″ ш. б. / 42.77861° с. е. 68.23056° ш. б. / 42.77861; 68.23056 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°46′43″ с. е. 68°13′50″ ш. б. / 42.77861° с. е. 68.23056° ш. б. / 42.77861; 68.23056 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
АймақТүркістан облысы
 Басқа мағыналар үшін Арыс (айрық) деген бетті қараңыз.

Географиялық орныөңдеу

Түркістан облысындағы өзен. Ұзындығы - 378 км, алабының ауданы - 14900 км2.

Бастауыөңдеу

Ақсу-Жабағылы қорығына жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Түркістан облысы, Отырар ауданының Талапты ауылы маңында Сырдария өзеніне құяды.

Салаларыөңдеу

Басты салалары: Ақсу, Бадам, Қабылсай, Жабағылы, Боралдай.

Гидрологиясыөңдеу

Жоғарғы ағысы терең таулы аңғармен, орта және төмен ағыстарында жазықпен ағады. Төмен ағысының жайылмасы - 1,5-2,0 км, арнасы - 40-50 м шамасында болады. Алабында 11 шағын бөген және 3 СЭС салынған. Негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суымен толығады. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 40,2 м³/с-ке (Арыс темір жол бекетінің тұсында) жетеді. Егістік, бау-бақша, шабындық суаруға пайдаланады.

Арыс өзенінен тікелей 37 канал бастау алады. Ең ірісі - Арыс-Түркістан каналы (су ағынының мөлшері — 13,4 м³/с). Өзен суы тұщы, минералдылығы - 200-400 мг/л- ге (құйылысында) дейін өзгереді.[1][2]

Атау тарихыөңдеу

[[Ерте кездерде батысында Сырдарияның, шығысында Кіші Қаратау жотасын, оңтүстігінде Арыс өзенінің аңғарын, солтүстігінде Арысқұм, Арыс көлі арқылы Ұлытау, Көкшетау өңірлерінің аралығын ежелгі сақтың Арыс (арыстар, арсақтар) тайпасы мекендеген. Арыс тайпасының негізгі бөлігі б.д.д. 2-ші мыңжылдықта Еуропаға қоныс аударған. Әйгілі ғұлама Анарыс (Анахарсис) б.д.д. 8 ғасырда өзінің ата жұрты қазақ даласы туралы "Аримаслалар" эпосын жазып қалдырған. Анарыс туралы мағлұматтарды Т.Жұртбаев өзінің 1994 жылғы "Дулыға" атты тарихи шығармасында "Арыстар (Арыс тайпасы) туралы деректер көптеп кездеседі" деп жазады. Ә.Байпатша "Қазақ даласының ежелгі тарихы" атты кітабында Арыс тайпасының Сарыарқа, Жезқазғандағы тау-кен ісін меңгергендігі, Абайыл кен орнын тапқаны туралы құнды деректер келтірген. Қорыта айтқанда, қазіргі Арыс өзені, Арыс қаласы, Арыс көлі, т.с.с. атаулар осы тайпаның мекендеген жеріне атын қалдырған жер-сулар.[3] Бізге жеткен ең ежелгі шынайы əділеттілік ілімі Дала заңдары – «Білік», Арыс би дананың өсиеттері. Арыс би үш мыңдай жыл бұрын өмір сүрген. Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы берілген.]][4]

Дереккөздерөңдеу

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  3. Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы.
  4. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет. ISBN 9965-26-407-4
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау