Аналитикалық философия

Аналитикалық философия (analytic philosophy, немесе analytical philosophy)- екі мағынада айтылады.

Готлоб Фреге

Бірі, XX ғ-дың бастапқы мезгілінде Ағылшын тілді мемлекеттерде (бастысы Ұлыбритания және АҚШ, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия қатарлылар) пайда болған арнайы мақсат және әдістеме бойынша қалыптасқан философиялық ағым.

Енді бірі, бүгінге дейінгі филосоия зерттеуінің бір "үлгісі", "ерекше әдісі" ретінде кез келген бағыттағы философиялық ағым қолдануы мүмкін әдіснама. Екінші мағынадағы Аналитикалық философияда арнайы мақсат жоқ, ол қарастыратын мәселе алуан түрлі, кең ауқымды болып келеді.

Аналитикалық философия ағымыөңдеу

Аналитикалық философия ағымы бойынша заманауи Формальды_логиканы басшылыққа алып, "мәселеге жінтікті талдау жасау"(анализ) — философиялық зерттеуді іске асыратын өзекті міндет саналды. Бұл ағым ХХ ғ-дың басында шарықтау шегіне жетті. Бұл кезде Аналитикалық философия өкілдері тілдегі күңгірт ұғымдар тізбегіне талдау жасап, астыртын логикалық құрылымдарды аршуды дәріптеді.[1][2] Өйткені, логикалық құрылымға мән бермеу тілдің беткі қабатына шектелуден туатын түрлі адасушылдықтарды туғызады. Бұл түрдегі логикалық анализ әдіснамасы арқылы аналитикалық философтар философияның негізгі мәселесін шештік, егер шешілмеген мәселе болса, оның бәрін тілдің беткі қабатындағы алдамшылықтар туғызған деп есептеді. Олардың ойынша, мәселе не теріс қойылған "жалған мәселе" болуы, не белгілі бір тілдік формаларды қолдануға байланысты болуы, не философияға қатысы жоқ болуы мүмкін, немесе жеке ғылыми жолмен шешілуі мүмкін.[3] Олардың бұл пікірінің сенімдірек болуына көбінесе Рассел және Фреге қатарлы философтардың математиканы логикаға айналдыру жұмысының табысты болуы, әсіресе Расселдің Шектеулі сипаттама теориясы көмектесті.[4] Бұл мезгілдегі белсенді тұлғалар Карнап, Э. Мур, алғашқы кездегі Витгенштейн қатарлылар болды.[5]

Аналитикалық философия әдіснамасыөңдеу

Кезекте, "аналитикалық философия" сөзі арнаулы көзғарас пен жүйелі бағытты емес, бір түрлі зерттеу үлгісін, әдісін көрсетеді. Аналитикалық философтар өз дәлел-дәйектерін айқын және дәл етуге тырысады, логикалық амалдардан толық пайдаланады, эмоциялық бөліктерді жақшаға ала тұрып, нақты талдау жасауға көбірек мән береді. Кәсіп және білім саласында, олар өздерін әдебиетшілерге қарағанда ғалымдарға, әсіресе математикатерге жақынырақ санайды. Мұндағы аналитикалық философия көбінесе Еуропа құрлықтық философиясына (Continental philosophy) салыстырмалы айтылады. Кейінгісі, яғни, құрлықтық философия дегеніміз үлгі-өнегесі жағынан әдебилігі басым, формал логиканы тым ескере бермейтін, қоғамдық саяси, мәдени, адамзаттық, адам болмысындық мәселелерге көбірек назар аударатын филосоифия айтылады.[6][7]

Негізгі өкілдеріөңдеу

  • Фреге (Friedrich Frege)
  • Рассел (Bertrand Russell)
  • Э. Мур (GE Moore)
  • Витгенштейн (Ludwig Wittgenstein)
  • Карнап (Rudolph Carnap)
  • Куайна (Willard Van Orman Quine)
  • Дональд Дэвидсон (Donald Davidson)
  • Сол Крипке (Saul Aaron Kripke)
  • Джон Ролз (John Rawls
  • Майкл Даммит (Michael Dummett)
  • Питер Стросон (Peter Strawson)

Қатысты ұғымдарөңдеу

Дереккөздерөңдеу

  1. See, e.g., Avrum Stroll, Twentieth-Century Analytic Philosophy (Columbia University Press, 2000), p. 5: "[I]t is difficult to give a precise definition of 'analytic philosophy' since it is not so much a specific doctrine as a loose concatenation of approaches to problems." Also, see Stroll (2000), p. 7: "I think Sluga is right in saying 'it may be hopeless to try to determine the essence of analytic philosophy.' Nearly every proposed definition has been challenged by some scholar. [...] [W]e are dealing with a family resemblance concept."
  2. See Hans-Johann Glock, What Is Analytic Philosophy (Cambridge University Press, 2008), p. 205: "The answer to the title question, then, is that analytic philosophy is a tradition held together both by ties of mutual influence and by family resemblances."
  3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  4. Russell, Bertrand (1905). "On Denoting". Mind 14: 473–93. http://www.fh-augsburg.de/~harsch/anglica/Chronology/20thC/Russell/rus_deno.html. 
  5. A History of Western Philosophy (Simon & Schuster, 1945), p. 834.
  6. A companion to analytic philosophy / A.P. Martinich — Malden, Mass.: Blackwell, 2001. — P. 1–5. — ISBN 0-631-21415-1.
  7. Hales Steven D. Analytic philosophy : classic readings — Belmont, CA: Wadsworth/Thomson Learning, 2002. — P. 1–10. — ISBN 0-534-51277-1.


Дереккөздерөңдеу

🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау