Албания

Координаттар: 41°21′00″ с. е. 19°59′00″ ш. б. / 41.35000° с. е. 19.98333° ш. б. / 41.35000; 19.98333 (G) (O) (Я)

Албания (алб. Shqipëria), толық ресми атауы — Албания Республикасы (алб. Republika e Shqipërisë [ɾɛpuˈblika ɛ ʃcipəˈɾiːs]) — Еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағын мемлекет. Солтүстігінде Черногория және Сербиямен, оңтүстік-шығысында Грекия және Солтүстік Македониямен, шығысында Косовомен шектеседі. Халқы — 2,8 млн. адам.

Албания Республикасы
алб. Republika e Shqipërisë
БайрақЕлтаңба
Ұран: «алб. Ti, Shqipëri, më jep nder, më jep emrin Shqiptar

Сен, Албания, маған абырой бересің, маған албандық бересің
»
Әнұран: «Hymni i Flamurit» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні28 қараша 1912 жыл (Осман империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліалбан тілі
ЕлордаТирана
Ірі қалаларыТирана, Дуррес, Влёра, Эльбасан, Шкодер
Үкімет түріУнитарлы парламенттік республика
Президенті
Премьер-Министрі
Парламент спикері
Байрам Бегай
Эди Рама
Линдита Николла
Мемлекеттік дініИслам діні - 59 % және Христиан діні - 17%
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 140-шы орын
28 748 км²
4,7
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

2 876 591[1] адам (130-шы)
2 821 977[2] адам
98 адам/км² (63-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

38,315 млрд.[3] $
13,330[3] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

15,121 млрд.[3] $
5,261[3] $
АДИ (2018) 0,785[4] (жоғары) (68-ші)
Этнохоронималбаниялық, албандар немесе албандықтар
Валютасылек
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.al
ISO кодыALB
ХОК кодыALB
Телефон коды+355
Уақыт белдеулеріUTC+2,

Албания албандардың тұратын жалғыз мемлекет емес, олар Косово және Солтүстік Македонияда тұрады.

Мемлекеттік құрылымыөңдеу

Елбасшысы - Президент. Елдің Парламенті бірпалаталық Кувенди деп аталады. Оны Премьер-министрі басқарады. Аталған кеңесте 140 депутат бар, олардың 100 депутаты можаритарлық система бойынша бірмандаталық округтерде сайланады. Қалған 40 депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады. Барлық депутаттар 4 жылға сайланады.

  • 2009 жылдың сәуір айынан бастап Албания НАТО мүшесі болуда.
  • 2009 жылдың 29 сәуірінде Албания Еуропа Одағына ресми түрде аталған Одаққа мүше болу туралы өтінішін жіберді.

Әкімшілік бөлінісіөңдеу

Толық мақаласы: Албания әкімшілік бөлінісі

Албанияның 12 облысы (алб. qarqe, qarqet), 61 муниципалитеті (алб. bashki, bashkitë) және 373 коммунасы (алб. komuna, komunat) бар.

Албания облыстары
ЕлтаңбасыОблысыОрталығыАумағы (км²)Халық саны
БератБерат1,802193,855
ДибраПешкопия2,507191,035
ДурресДуррес827247,345
ЭльбасанЭльбасан3,278366,137
ФиериФиери1,887384,386
ГирокастраГирокастра2,883114,293
КорчаКорча3,711266,322
КукесКукес2,373112,050
ЛежаЛежа1,581159,792
ШкодерШкодер3,562257,018
ТиранаТирана1,586601,565
ВлёраВлёра2,706193,361

Географиясыөңдеу

Албания Балқан түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстігінде Грекиямен, солтүстігінде Черногория мен мойындалмаған Косовомен, шығысында Солтүстік Македониямен және батысында Ион мен Адрия теңіздерімен шектеседі. Басқа Жерорта теңізімен шектесетін мемлекеттерден айырмашылығы: Албанияның аралдары аз, тек 7-10. Аралдардың көбісі өте майда және оларда адам тұрмайды; мысалы Сазани және Стилло аралдары. Осыған қарамастан арал үстіндегі тарихи аумақтар да бар: Звернец аралындағы 13-ші ғасырғы монастырь және Бутринт аралындағы Әли Паша қамалы.

Албания жерінің 70 пайызы таулы және тек 25 пайызы ауыл шаруашылығы мен егіншілікке келеді. Албанияның халқының 47.8% ауыл шаруашылығымен айналысады. Жемістерден басқа тағы Албанияда темекі өсіріледі.

Жердің көп бөлігі тау жоталары мен үстіртті аймақта орналасқан. Таулы аңғарларынан құлай аққан тасқынды өзендер теңізге қарай құлаш ұрады. Бұл өзендер Адрия теңізін жиектей 150 км-ге созылып жатқан құнарлы жазық алқап арқылы өтеді. Алқаптың ені 15 км-ден 35 км-ге дейін барады. Бұл жактың ауа райы жұмсақ. Таулы аудандарда сәл қаталдау. Қыста жиі боран соғып, аяз 20 градусқа дейін барады.

Халқыөңдеу

Статистикаөңдеу

Халық саны 2 831 741 (2011 жылғы халық санағы бойынша)[5], ал 2001 жылғы халық санағы бойынша халық саны 3 069 275 адам: он жыл ішінде халық саны 7,7%-ға азайды. Халық санының азаюының негізгі себебі – ауқымды көші-қон және туу көрсеткішінің төмендеуі. Албанияның туу көрсеткіші Еуропаның ең кіші көрсеткіштерінің бірі болып келеді.

Тұрақты халық: 1 421 810, соның ішінде ерлер – 50,2%, және әйелдер – 49,8% құрайды. Жылдық өсім – 0,3% (елдегі эмиграцияның деңгейі жоғары).

Қала халқы - 53,7% (2011 жылғы санақ), ауыл халқы - 46,3%. Санақ тарихында алғаш рет (2011) албандар ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда көбірек тұратын.

Этникалық құрамыөңдеу

Этникалық құрамы: албандар – 95%, гректер – 3%, басқалары (румындар, сығандар, сербтер, македондықтар) – 2%.

1990 жылдың сәуірінде елдегі яһуди диаспорасы өмір сүруін тоқтатты: соңғы 11 еврей Израильге кетті.

Тіліөңдеу

Толық мақаласы: Албан тілі

Албан тілі – Еуропаның ең ерекше тілдерінің бірі болып келеді. Үнді-еуропалық тіл болғанымен, оның ешқандай басқа туыстас тілі қалмаған.

Албан тілінен басқасы тағы этникалық азшылықтардың өздерінің тілдері де бар: гректердің грек тілі, румындардың румын тілі, т.б..

Дініөңдеу

Албания халқының шамамен 60%-ы зайырлы мұсылмандар және шамамен 20%-ы христиандар (католик немесе православ). 1945-1992 жылдардағы коммунист билігінде Албания ресми дінін атеизм қылған тұңғыш мемлекет болғанымен, қазіргі күні дін сақталған.

Тарихыөңдеу

1900 жылғы Тирана қаласындағы базар

Албания — орта ғасырлардың атау. Гректер осы мемлекет "Albaētia" немесе "Arbanētia" деп атады. “Алба” сөзі иллирийше “төбе” мағынаны білдіреді.

Ерте тарихыөңдеу

Албанияда адамның алғашқы іздері орта және кейінгі палеолит дәуірлеріне жатқызылады және олар Дзарре ауылында (Сарандадан алыс емес жерде) және Дайти тауында (Тирана маңында) табылды.[6] Дайти тауында ориньяк мәдениетіне ұқсас тас құралдары табылған.

Албания бірінші Грекияның, ал сосын Рим Империясының провинциясы болған. 395 ж. Рим империясы екі мемлекетке бөлінді (Батыс Рим және Византия).

1912 ж. албандар Османлы империясынан шығып өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Бірақ 1939 ж. Италияның фашисттері Албанияға кіріп – аннексия жасайды.

1944 ж. партизандар өз мемлекетін жауыздан босатып, 1946-1976 жж. Албанияны – Албан Халық Республикасы деп атайды. Албанияны Энвер Ходжа басқарады.

1976 ж. социалистер Албания Социалистік Халық Республикасы деп жариялады.

1991 ж. бастап Албания демократиялық республикасы.

Экономикасыөңдеу

Елдің өнеркәсіп және мәдениет орталығы, Албанияның елордасы – Тирана. Мұнда көп зауыт-фабрикалар орналасқан. Албания шаруашылығының басты саласы – ауыл шаруашылығы. Құнарлы жері бүкіл территориясының тек қана бір бөлігін алып жатқандықтан, албандар батпақты жерлерді құрғатып, тау төскейлерін бақ отырғызыға пайдаланады. Олар бидай, күріш, арпа, сұлы егеді, бұршақтар тұқымдасты өсімдіктер, лимон, жүзім сондай-ақ зәйтүн ағашын отырғызынады. 2005 жылғы деректерге сәйкес Албанияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 6,9 млрд еуро құраған. Адам басына шаққанда - 1 900 еуро. Албания Еуропаның ең кедей мемлекеттерінің бірі.

ЖІӨ экономика құрылымындағы пайызы:

  • ауыл шаруашылық саласы - 22%;
  • өндіріс саласы - 15%;
  • құрылыс саласы - 10%;
  • сауда, туризм, қызмет көрсету сферасы - 19%;
  • транспорт және байланыс - 13%.

2008 жылдың деректеріне сәйкес ауыл шаруашылық саласында жұмысшылардың 58% істеген, өндіріс саласында - 15%, қызмет көрсету саласында 27%. Жұмыссыздық деңгейі 12,5% тұрақталды. 2008 жылы экспорт — 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Сыртқы саудасыөңдеу

Басты сатып алушы елдер — Италия 57%, Грекия 11,8%, Қытай 5,8%. 2008 жылы импорт — 4,9 млрд АҚШ долларын құрады. Басты импорт жіберуші елдер — Италия 30,7%, Грекия 12,5%, Түркия 6,9%, Германия 6,3%, Швейцария 4,6%, Ресей 4,2%.

Мәдениетіөңдеу

Рәміздеріөңдеу

Киелі Ндойт шіркеуінің қабырғасында салынған екі басты қыран

Албания мемлекетінің және халқының рәміздері оның тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Осыған мысал ретінде қара және қызыл түстерін, қыранын, мерекелерде киілетін фустанела, кече, опинга сияқты киімін және зәйтүн мен көкнәр сияқты өсімдіктерін айтуға болады.

Албания байрағы — ортасында қара қыран салынған қызыл ту. Қызыл албан халқының батылдығын, күшін және айбынын, ал қара қаһармандығын мен бостандығын білдіреді. Қыран құсы албандардың рәмізі болуын Орта ғасырларда бастады, ол Арберия мемлекетінің және оның бірнеше династияларының рәмізі болатын. Екі басты қыран османдарға қарсы күрескен Ескендір Бейдің да ту мен мөрінде бейнеленген болатын.

Әдебиетіөңдеу

Толық мақаласы: Албан әдебиеті

Мемлекеттік мейрамдарыөңдеу

Ресми мейрамдарыөңдеу

Төмендегі кестеде Албанияның ресми мейрамдары және 2022 жылы олардың тойлану күні көрсетілген (кейбір мерекелердің датасы өзгеруі мүмкін).

КүніҚазақша атауыАлбанша атауыЕскерту
1–2 қаңтарЖаңа жылViti i Ri
14 наурызАлбания Жаз күніDita e Verës2004 жылы Албания парламентімен қабылданды
22 наурызНаурыз мейрамыDita e Nevruzit
17-18 сәуірКатолик ПасхасыPashkët Katolikeәр жыл өзгереді
24-25 сәуірПравослав ПасхасыPashkët Ortodokseәр жыл өзгереді
1 мамырБірінші мамырDita Ndërkombëtare e PunonjësveЖұмысшы күні
2 мамырОраза айтBajrami i Madh (Fitër Bajrami)Рамазан айының соңы, әр жыл өзгереді
9 шілдеҚұрбан айтBajrami i Vogël (Kurban Bajrami)Зул-Хиджа оныншы күні, әр жыл өзгереді
5 қыркүйекТереза ана күніDita e Nënë TerezësРесми және ұлттық мереке болып Албания Парламентымен қабылданды
28 қыркүйекТәуелсіздік күніDita e Pavarësisë
29 қыркүйекАзаттық күніDita e Çlirimit
8 желтоқсанҰлттық Жастар күніDita Kombëtare e Rinisë2010 жылы Албания парламентімен қабылданды
25 желтоқсанРождествоKrishtlindjet

Ресми емес мейрамдарыөңдеу

Төмендегі кестеде Албанияның ресми емес мерекелері көрсетілен

КүніEnglish nameAlbanian nameRemarks
6 қаңтарБогоявлениеUji i Bekuar (Epifani)ресми емес – жұмыс күні
2 наурызЛежа Лигасы күніDita e Besëlidhjes së Lezhësресми емес – жұмыс күні
7 наурызМұғалім күніDita e Mësuesitресми емес – жұмыс күні
1 маусымБалалар күніDita Ndërkombëtare e Fëmijëveресми емес – жұмыс күні
15 тамызМәриям алыну күніDita Shën Marisë or Pashka e Vogëlресми емес – жұмыс күні
22 қарашаӘліппе күніDita e Alfabetitресми емес – жұмыс күні
12 қарашаКосово Азат ету Әскері күніDalja në skenë e UÇK-sресми емес – жұмыс күні
28 қарашаКонституция күніDita e Kushtetutësресми емес – жұмыс күні
6 желтоқсанӘулие Николас күніDita e Shën Kollitресми емес – жұмыс күні
24 желтоқсанРождестволық сочельникKrishtlindjetқалауынша жұмыс күні

Киіміөңдеу

Изополифондық ән шырқап жатқан фустанела киген албандар

Албанияның әр мәдени және географиялық регионының өзінің киім стилі, түсі және материалы өзгеше. Қазіргі заманда албан ұлттық киімдері тек ұлттық рәсімдер, мерекелер және тойларда киіледі. Кейбір қарттар күнделікті өмірлерінде де ұлттық киімдерін кие береді. Киімдер жергілікті материалдардан жасалады: зығыр, жүн, жібек, кендір талшығы және былғары. Албан киімінің ең танымалының ішінен фустанела киімін, джублета белдемшесі, кече ерлер бас киімін, капица әйелдер бас киімін және опинга аяқ киімін айтып кетуге болады.

Асханасыөңдеу

Толық мақаласы: Албан асханасы

Албан асханасы оңтүстік пен солтүстік региондарында ерекшеленеді. Бұның себебі ерекшеленетін топографиясы және климаты болып келеді.

Дәстүрлі тағамында албандар лимон, апельсин, інжір және ең бастысы зәйтүн жемістерін қолданады. Жемістердің албан асханасында ерекше рөлі бар. Тағы гүлшетен, базилик, жалбыз, жұпаргүл, лаванда және жебір сияқты қоспалар және де сарымсақ, пияз, бұрыш, картоп, қызанақ және бұршақты дақылдар сияқты көкөністер де жиі қолданылады.

Теңізге (Адрия мен Ион) тиетін региондарында балық пен шаянтәрізділердің тағамға қосылуын байқауға болады. Албанияның христиандарына да, мұсылмандарына да қой еті ас үлестеріндегі ең басты ингридиенттерінің бірі болып келеді.

Тава коси албандардың басты тағамы болып саналады. Ол қой етінен (кейде тауық еті де қолданылады) және йогурт пен жұмыртқа қоспасымен пісірілген тағам. Ол тағы Грекияда, Солтүстік Македонияда және Түркияда танымал, сол елдерде оны Элбасан қаласынын атымен Элбасан тава деп атайды.

Сәулет және бейнелеу өнеріөңдеу

Баштова бекінісі ЮНЕСКО Әлемдік мұра Алдын ала тізімінде жазылған.

Албанияның сәулет және бейнелеу өнері көптеген түрлі мемлекет пен халықтардын әсерін көрген. Сурет салу, құмыра өндіру, скульптура, керамика жасау және архитектура — барлығы да түрлі стильдерді қамтиды және албан халқының бай тарихын баяндайды.

Византия мен Осман империясы мемлекеттерінің өсуі албан сәулет өнеріндегі христиандық және исламдық өнердің әйгіленуіне әсер етті. Бірнеше ғасырдан кейін Албан Ренессансы заманында албан өнерінде импрессионизм мен романтизм стильдерінің танымалдылығын байқауға болады. Албанияның ең іргелі және танымал суретшілерінің қатарына икон жазушы Онуфрий, Кола Идромено, Давид Селеница, Константин Шпатараку және Зографи ағайындылары сияқты тұлғаларды қосады.

Албания архитектурасы Антикалық дәуірден басталады. Қазіргі Албания қалаларында түрлі замандардың, түрлі стильдердегі ғимараттарды табуға болады. Ірі қалаларының көбісі бекініс пен қамалдардан бастау алған, осыны тұрғын үйлерде, діни және коммерциялық ғимараттарда байқауға болады. Ғасырлар бойы қалалардың келбеті сол заманға сай өзгере беретін. Алайда 20-ғасырдың коммунистік кезеңінде ежелден келе жатқан діни ескерткіштер жаппай бұзылды.

Ежелгі архитектураны Билис, Амантия, Фойнике, Аполлония, Бутринти, Антигония, Шкодер қалаларында табуға болады. Шығыс Рим империяның ұзақ билігінің әсерінен Албания жерінде қамал, рабат, шіркеу, монастырь, тасқа сурет салу мен фреска түсініктері пайда болды. Албанияның оңтүстігіндегі Корче, Берат және Джирокастер қалалары осыған мысал бола алады. Осман империясының жаулауынан кейін мешіттер құрылысы басталады, бұл әсіресе Берат пен Джирокастер қалаларында байқалады.

Музыкаөңдеу

Албан халық музыкасы албандардың сәйкестігінде үлкен рөл атқарады және заманауи албан музыкасына үлкен әсер етеді. Халық музыкасын жиі үш топқа бөледі: солтүстіктегі Гег диалектінің музыкасы және Лаберия мен Тоск диалекттерінің музыкалары. Оңтүстіктің әндері дөрекі істелітімен және солтүстіктің әндері байсалды үнімен танымал.

Тағы қараңызөңдеу

Дереккөздерөңдеу

  1. 404.
  2. Population and Housing Census 2011. INSTAT (Albanian Institute of Statistics). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 тамыз 2017.
  3. a b c d Report for Selected Countries and Subjects. IMF (20 October 2018).
  4. Human Development Report 2018. United Nations (2018). Тексерілді, 15 қыркүйек 2018.
  5. http://census.al/
  6. Ф. Пренди, "Албанияның ерте тарихы", Кембридж Ежелгі тарихы,https://books.google.com/books?id=vXljf8JqmkoC&pg=PA187 Уэйбәк машинасындағы мұрағатталған нұсқасы
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау