Ілияс Жансүгіров

“Үш бәйтеректің” бірі, ақын, аудармашы, прозашы, Қазақ АКСР Жазушылар одағының алғашқы төрағасы

Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 26 ақпан 1938 жыл) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы.

Ілияс Жансүгіров
Туған күні

5 мамыр 1894 (1894-05-05)

Туған жері

№4 ауыл, Ақсу волості, Жетісу облысы, Ресей Империясы

Қайтыс болған күні

26 ақпан 1938 (1938-02-26) (43 жас)

Азаматтығы

 КСРО
Ресей Ресей Империясы (1894-1922)

Ұлты

қазақ

Қызметі

ақын
қоғам қайраткері

Жұбайы

Жәмилә
Аманша Берентаева
Бәтима Төребаева
Фатима Ғабитова

Балалары

Ұлдары:
Жәнібек (1923-1943)
Азат (1930-1997)
Саят (1930)
Болат (1937-2004)
Қыздары:
Үміт (1933)
Ильфа (1935)

Қысқаша өмірбаяны

  • Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.[1]
  • 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
  • Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
  • 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
  • 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі.
  • Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
  • 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді.
  • 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
  • 1938 жылы ату жазасына кесілген.
  • 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.[2]

Еңбектері

Көп томдық шығармалар жинағынан томдар (6 және 7). Бұл томдарға өтірік өлеңдері, аудармалары енді. Алматы, Қазығұрт, 2006.

Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.

Жансүгіров-Жандосовтар отбасы архивінен алынған сурет: Максим Горький, Фатима Ғабитова және Ілияс Жансүгіров. Мәскеуде КСРО жазушыларының съезінде болған кезінде М.Горькиймен оның саяжайында кездесу өтті.

Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.

Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.

Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.

Библиография

  • 1917 жылы - «Сарыарқа» және «Тілек» өлеңдері.
  • 1923 жылы - «Байшұбар».
  • 1926 жылы - «Балаларға тарту».
  • 1928 жылы - «Сағанақ» атты алғашқы шығармалар жинағы.
  • 1929 жылы - «Күй» поэмасы.
  • 1931 жылы - «Кек» және «Турксіб» пьесасы.
  • 1934 жылы - «Күйші» поэмасы.
  • 1936 жылы - «Исатай - Махамбет» пьесасы.
  • 1936 жылы - «Құлагер» поэмасы.

Оның сатира және сатиралық әңгімелері «Сөз Қaмысбаевқа!», «Ізет» ( «Құрмет»), «Шалғыбай» және т.б. «Ізет» жинағында жарияланды.[3]

Поэмалары

  • «Құлагер» - 1936 жылдың қараша айында "Социалистік Қазақстан" газетінің бірнеше шығарылымдарында жарияланды.
  • "Күй" - 1929 жылы жазылған.
  • "Күйші" - 1934 жылы жазылған.
  • "Дала" - 1930 жылы жазылған. Басында "Еңбекші Қазақ" газетінің бірнеше шығарылымдарына жарияланып, 1933 жылы Семейде және 1936 жылы Алматыда кітап болып басылды.
  • "Рүстем қырғыны" - 1926 жылы жазылғанмен, ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. 1960 жылы шығармаларының екінші томында жарық көрді.
  • "Исатай" - 1960–1964 жылдар аралығында жарық көрген ақынның 5 томдық шығармалар жинағының 2-ші томында жарық көрген.
  • "Мақпал" - 1920 жылдың басында жазылған.
  • "Байкал" - 1937 жылы жазылған.
  • "Кәнпеске" - 1920 жылы "Еңбекші Қазақ" газетінде жарияланды.
  • "Қолбала" - 1964 жылы Алматы облысы, Ақсу аудандық "Өмір нұры" газетінде жарияланды.
  • "Қуат" - 1932 жылы "Әдебиет майданы" журналында, 1933 жылы Ұжымдық жинақта жарияланған.
  • "Мәйек" - 1929 жылы жазылып, 1931 жылы кітап болып басылды.
  • "Бақытты Жамал" - 1930 жылы жазылған.
  • "Жорық" - 1935 жылы жазылған.[4]

Лирикалық өлеңдері

- "Әнші апама" (1909)

- "Күзгі гүлге" (1912)

- "Тілек" (1912)

  • 1915–1920 жылдары жарық көрген өлеңдер

"Бір соқыр баланың арманы" (1915–1916), "Жыбырлақ" (1915–1916), "Қалпымыз" (1915–1916), "Жаңылғаным" (1915–1916), "Мұңды құс" (1915–1916), "Қосылыс" (1915–1916), "Игілік" (1915–1916), "Ішім еріп" (1915–1916), "Жанды сөз" (1915–1916), "Талғамалар" (1915–1916), "Замандасқа" (1915–1916), "Бұбұлға" (1915–1916), "Алдымда" (1915–1916), "Жаз-құдаша" (1915–1916), "Маңым" (1915–1916), "Шым-шытырық" (1915–1916), "Не күйде" (1919), "Арыным" (1920), "Бейсембек "Болыс" (1920), "Ортақшыл партияға" (1920),

  • 1921–1924 жылдары жарық көрген өлеңдер

"Анам тілі" (1921), "Жас бұлбұлдарға" (1921), "Жарлылар ұйымының жетісі" (1921), "Жетім" (1921), "Ағынды менің Ақсуым" (1921), "Жалпы жасқа" (1921), "Қазақы қорытынды" (1921), () "Некешілдер" (1921), "Атадан да балаға ана жақын" (1921), "Тапанша" (1922), "Бұлт" (1922), "Жанартау" (1922), "Жастар ұраны" (1922), "Жазғы таң" (1922), "Жазғытұрым" (1922), "Жазғы шілде" (1922), "Егінші" (1922), "Күз" (1922), "Қыс" (1922), "Ақсабан" (1923), "Жауында" (1923), "Мезгіл суреттері" (1923), "Меніңше" (1923), "Жел" (1923), "Бөлек-салақ ойдан" (1923), "Жас жалшыға" (1923), "Тас" (1923), "Жайлау" (1923), "Көктемде" (1923), "Баспаханадағы қыр қазағы" (1923), "Кедей тойы" (1923), "Қойшы ойы" (1923), "Ұлы күн" (1923), "Май тойында" (1923), "Сапарда" (1923), "Жоқ" (1923), "Тұңғыш тоғысу" (1923), "Қосылыс" (1923), "Боранбай не ойлап жүр" (1923), "Ықшылбай" (1923), "Саудагер тамашасы" (1924), "Ит-ай" (1923), "Жарқынбай, Беркінбай" (1923), "Қырман" (1924), "Октябрь күні" (1924), "Орақ науқаны" (1924), "Ұлт отауын тіккендер" (1924), "Өк, көк өгіз" (1924), "Желді күн" (1924), "Бұлақ бойында" (1924), "Ойлану" (1924), "Саналы жастарға" (1924), "Көлге" (1924), "Біздің күз" (1924), "Ленин өлді" (1924), "Түн" (1924), "Ажырауда" (1924), "Лермонтов" (1924).

  • 1925–1930 жылдары жарық көрген өлеңдер

"Ленин тірі" (1925), "Беташар" (1925), "Желді Қарағай" (1925), "Сабын" (1925), "Саптыаяқ" (1925), "Көш-қон" (1925), "Коммуна" (1925), "Сұрау" (1925), "Жетісу суреттері" (1925), "Оқимын" (1925), "Саудың сандырағы" (1925), "Өтініш" (1925), "Көш-жөнекей" (1925), "Тас шешей" (1925), "Бөбек бөлеу" (1926),"Жауын" (1926), "Заман" (1926), "Майдан" (1926), "Ауылдың алды" (1926), "Жүдеу жүрек" (1926), "Күн шыққанда" (1926), "Күнгей" (1926), "Ресей жері" (1927), "Шал мен кеіні" (1928), "Қазақ қызы" (1928), "Қақпан" (1928), "Бүгінгі дала" (1928), "Мавзолей" (1929), "Алатау" (1929), "Домбыра" (1929), "Қазақстан" (1929), "Шоқпарға" (1929), "Кәне, шыдар қай майдан?" (1929), "Гималай" (1929), "Серт" (1930), "Алтын қазан" (1930), "Ақын мен Мақым" (1930), "Түс" (1930), "Апырым-ай, жан қысылды-ау" (1930), "Жүр ме екен Сәуле" (1930), "Жаным жылама" (1930),

  • 1931–1937 жылдары жарық көрген өлеңдер

"Тракторшыға" (1931), "Октябрь екпіні" (1931), "Жаңа тұрмыс" (1931), "Екпінділер мен прогульщик" (1932), "Социалды көмек" (1932), "Бесжылдықтың ерлері" (1932), "Бақыттымын" (1932), "Кавказ" (1932), "Үйге келем" (1934), "Үмітке" (1934), "Мәскеу-Қазақстан" (1934), "Тұлпарға" (1936), "Белорус халқына" (1936).

Сатиралары

"Ақым мен Мақым" (1930), "Бай бәйбіше" (1927), "Бақтың әдісі" (1923), "Басқа пәле тілден" (1935), "Борнабай не ойлап оқып жүр" (1923), "Газ емес, концерт" (1929), "Ит-ай" (1923), "Қуыршақ" (1929), "Құйрықты базар" (1927), "Құқ" (1928), "Өк, көк өгіз!" (1924), "Өлген молданың өсиеті" (1923), "Саясат қошқарлар" (1922), "Сұрпақпай Сұғанақ" (1928), "Сыншы-ақ" (1915), "Сонымен, кетіп барам..." (1929), "Сөз Қамысбаевқа" (1929), "Төрешілдіктің түрлері" (1929), "Шошқа" (1931), "Ұяның ұясы" (1928).

Жансүгіров есімін арқалап жүрген нысандар

Жетісу облысы Ақсу ауданында Ілияс Жансүгіров дүниеге келген ауылы өз атымен аталған (Жансүгіров ауылы). Бірнеше қалада мектептер мен көше атаулары Ілияс Жансүгіровтыі құрметіне аталған. Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университеті Жансүгіров есімін арқалап жүр. Сонымен қатар, Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

Отбасы

Ол 4 рет үйленді.

  • Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)[5]
  • Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
  • Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
  • Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.
Жансүгіров отбасы

Фатима Ғабитовадан туған балалары:

  • Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
  • Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
  • Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.

Фатима Төребаевадан туған балалары:

  • Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.

Асырап алған балалары:

Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.

  • Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
  • Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.

Қазақ әдебиетіндегі орны

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігершілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыр төбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Дереккөздер

  1. «Найман» этнонимі жəне найман тайпасының рулары жөнінде
  2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  3. І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті.Әдеби мұрасы. Мұрағатталған 9 мамырдың 2021 жылы.
  4. Ілияс Жансүгіров: энциклопедия Алматы. «Кітап» баспасы 2019. 256-268 бет.
  5. Святослав Антонов. Путь Ильяса: история жизни поэта Жансугурова. Vox Populi (8 октября 2015). Дата обращения: 8 октября 2015. Архивировано 4 августа 2016 года.

Сыртқы сілтемелер

🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау