Аристотель

Аристотель (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 жыл, Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 жыл 7 наурыз[1], Халкида, Эвбея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие[2][3].

Аристотель
көне грекше: Ἀριστοτέλης

Аристотель, б.з.д. 300ж. түпнұсқаның көшірмесі, мәрмәр, заманауи құралдармен өңделген
Жалпы мағлұмат
Туған күні

Б. з. д. 384

Туған жері

Стагир, Орталық Македония, Халкидики жартыаралы

Қайтыс болған күні

Б. з. д. 322

Қайтыс болған жері

Халкида, Эвбея аралы

Шығармашылығы
Мектеп/дәстүр

Перипатетиктер мектебін бастап, Арыстотельшілдіктің негізін қалады

Бағыты

Батыс пәлсапа

Кезең

Антикалық пәлсапа

Негізгі қызығушылығы

Саясат, Метафизика, Ғылым, Логика, Етика

Негізгі пікірі

катарсис, себеп, силлогистика, хрематистика

Ықпал еткендер

Парменид, Сократ, Платон, Гераклит

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерттеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көз тоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.

Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі Грек философиясының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.

Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.

Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.

Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.

Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизмге және Түркілер философиясына зор ықпал етті. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс Ортодокс шіркеуінің пәлсапасына және Рим-Католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы — Ниқомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель пәлсапасының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.

Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғасыр ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, пәлсапа ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын[4][5].

Аристотель Түркі-Парсы ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Түркі-парсыдан шыққан Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар шығыс перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен»[6] деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған[7]. Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның Метафизика, Этика секілді еңбектері аударылды.

Өмірбаяны және шығармашылығыөңдеу

Аристотель сөзінің грекше мағынасы «Ұлы мақсат» дегенді білдіреді[8].

Есімі "Ұлы мақсат" дегенді білдіретін Аристотель Солтүстік Македонияға қарасты Халкида түбегіндегі Стагира қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орыны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр[9]. Оның әкесі Солтүстік Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты[10]. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады[11]. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды.

18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы — б. з. д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Платон Аристотельді өте ұнатты деу қиын, Аристотель де Платонның негізгі көзқарастарына қарата өзгеше пікірде болған және Платонмен дауласып қалып отырған. Әрине, ол бүкіл өмірінде Платонға деген құрметінен айныған жоқ.

«Аристотель мен Ескендір: Аристотель сабақ беруде». Британ кітапханасы, мұсылман халықтары дәстүрінде

Платон қайтыс болған соң Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына Аристотель төзе алмай Афинадан кетеді[12]. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Гермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Одан туған қызды да Пития деп атады. Гермиас бір реткі бүлікте кездейсоқ өлтірілген соң Аристотель отбасымен Кіші Азиядан кетуге мәжбүр болады[13].

Сол кезде Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге (Македондық аты Александр) тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ берген[14]. Ол Ескендірді "Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға" үйретеді[14].

Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика, саясаттану және философия үйреткен. Аристотель өз қабілетінен пайдаланып Ескендірдің дүниетанымына үлкен әсер еткені анық. Дәл Аристотельдің әсерінде Ескендір ғылым-білімге құрмет етті. Ол мемлекет қазынасынан қомақты қаражат бөліп, қызметшілерді жұмылдырып, Аристотелдің көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуіне септесті. Дегенмен, Аристотель Ескендір құрған империяны да, Ескендірдің саяси көзқарасын да жақтамағаны кітаптарынан байқалады. Аристотельдің саяси көзқарасы түрлі басқару тәсілдерінің озық үлгілерін өзара тоғыстыру, әсіресе аристократия мен демократияны бірлестіру болғандықтан, Ескендірдің орталықтандырылған империясы жабайылыққа қайту есептеген.

Ескендірге бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін[15] Аристотель Афинаға қайтып оралды. Афинада оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагиралық Герпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотельден бір ғасыр бұрынғы Афина империясы картасы, б.з.д.431ж. Пелопоннес соғысы қарсаңы.

Б. з. д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін (лат. Lyceum) ашты. . Ликейде Аристотель сабақ беру мен шығармашылықты қатар қолға алады. Оның сабақ өту ерекшелігі өзгеше болды. Ол әдетте жүзім бараңдары мен бау-бақшада серуендеп жүріп, шәкірттерімен түрлі ғылым салалары туралы пікірлескен. Сондықтан оның мектебін "серуен философиясы" деп те атайды және Аристотелге ілесушіні серуенші (Перипатетик) деп атайды. Шығыс ойшылдар: Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн-Рушд қатарлы — Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар, «мұсылман перипатетиктері» деп аталады.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін[15]. Оның табиғат және физика туралы жаратылыстанулық және философиялық еңбектері Платон диалогтарына қарағанда күрделі болып келеді. Кейбір диалогтар жазғаны белгілі, бірақ ол диалогтарының аз бөлігі ғана сақталған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан, көпшілігі жалпы таратуға арналмаған.

Ғылым шынайы мағынада Аристотелден басталды, сол себепті кейінгі ғалымдардың бәрі Аристотельге қарыздар деп есептеледі[16]. Аристотель тұңғыш ғылымдарды түрге бөлуші, әрбір ғылымның нені зерттейтінін айқындаушы болды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомия, астрономия, экономика, эмбриология, география, геология, метеорология, физика, зоология салаларын зерттеді, философия саласында эстетика, этика, саясат, үкіметтану, метафизика, психология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиет, поэтика зерттеді. Оның осынау ғылым мен философия саласындағы кітаптары ежелгі заман ғылымын негізінен түгел қамтыған білімнің энциклопедиясы болды. Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған[17].

Ескендір қайтыс болғаннан кейін[18] Афинада македондықтарға қарсылық үдеді. Өздерін басқалардан мәдениетті (өркениетті) сезінген гректер "жабайы" (варвар) македондықтардың отары болуға онсыз да төзімсіздік таныту күйінде еді. Аристотель отаршылдардың ойшылы, ұлт сатқыны ретінде гректердің өзіне тым ұнай қойған жоқ. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айып тақты. Аристотель «Афиналықтарға философтарға қарсы екінші рет қиянат (Сократтың айыпталуы мен өлімге кесілуі) жасатпаймын»,[19][20]- деп, Ликейді перипатетик Теофрастқа (гр. Θεόφραστος) қалдырып, анасының Халкидадағы (лат. Chalcis) иелігіне бас сауғалап барды. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афиналықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі, яғни демократиялы Афина жағынан "жастарды аздырды, жалған Құдайға сенді" деп айыпталып, у ішіп өлу жазасына кесілуі болатын. Бірақ бір жыл өтпей (б. з. д. 323 жылы) ол Евбеяда ауырып қайтыс болды. Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады[21][22][23][24].

Аристотель өмірінің соңында қанша зерттесе де, зерделесе де теңіз суының тегі не үшін толқитынын түсіне алмай уайымға батып, ұйқысы қашып, содан қайтыс болыпты деген аңыз бар. Ол заманда айдың және күннің грвитациясы теңіз суын белгілі мерзімде тұрақты толқытатынын білудің тарихи орайы пысып жетілген жоқ болатын. Мұны тек кейін 2200 жылдан кейін ағылшын ғалымы Исаак Ньютон алғаш анықтады.

Аристотель терминологиясы (кейбірі)өңдеу

  • account: logos — «негіз»
  • art: technê — «өнер»
  • artisan: technitês — «шебер»
  • cause: aitia, aition — «себеп»
  • difficulty: aporia — «тығырық, парадокс»
  • essence: to ti ên einai — «болмыс»
  • form: eidos — «түр, эйдос, форма, идея»
  • generation: genesis — «түпнегіз»
  • goal: telos — «мақсат»
  • knowledge: epistêmê — «білім»
  • necessity: anankê — «қажеттілік»
  • principle: archê — «ереже»
  • substance: ousia — «субстанция, әуелзат»
  • why: dia ti, dioti — «неліктен»
  • wisdom: sophia — «даналық» [25]

Философияөңдеу

Толық мақаласы: Аристотель философиясы

Аристотель өзінің «Метафизика» еңбегінде тұңғыш сөзді «Адам табиғаты білуге құштар...» дегеннен бастайды. Бұл ақыл-парасат пен ғылыми білімнің адамзат үшін маңызын да, ғаламат құдіретін де, айырықша салмағын да аңғартса керек. Аристотельдің ойынша адам ғылым мен философияға тек табиғи қажеті қанағаттанып, қоғамның материалдық деңгейі толысып, бос қалған кезде (бос уақыты болған кезде) басталады және ол көбінесе таңырқауды алғашқы себеп етеді.

Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып, жаңа жүйеге келтіріп, түрлі ғылым саласынан көптеген құнды еңбектер жазып қалдырды. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, екінші бір деректер бойынша мыңға жеткен.

Философия туралыөңдеу

Афина мектебі, Рафаэль. Үлкен суреттің орталық бөлігі. Суретте кезекті пікірталас сәті бейнеленген: Платон (сол жақта) және Аристотель (оң жақта). Ұстазы Платон бір қолында «Тимей» кітабын ұстап, саусағымен аспанды нұсқап, бәрінен биік Идеяны, барлығының артында тұрған идеал рухты дәріптейді. Ал, шәкірті Аристотель бір қолына «Никомах этикасын» ұстап, алақанымен жер-әлемді нұсқап, осынау нақты шындықтарды, заттардың мәні мен қасиетін тәжірибелі зердемен тануды айтады. Бұл Платон мен Аристотельдің ең негізгі көзғарас айырмашылғы болатын.

Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Рух туралы», «Категориялар» және «Алғашқы және кейінгі Аналитика» деген шығармаларында жете пайымдалған.

Аристотель философияны "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім" деп бағалады. Бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарсы айтылған. Ұстаз да, шәкірт те философияны ғарышты тану деп түсінген. Бірақ ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеде екеуі екі бағыт ұстанды. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе[26]. Аристотель бұған келіспеді. Ол әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж етті. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Платон нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Аристотель тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептеді[27].

Аристотель бойынша, философияны зерттеу жеке заттардың қасиетіне бойлау арқылы заттардың ортақ қасиетін игеру деп есептесе, Платон бойынша философия баршаға ортақ жалпылық идеяны тану керек деді. Платон априори (тума білуді) негіз етсе, "Үйрену дегеніміз ұмытып қалған тума біліміңді еске түсіру" десе, Аристотель дедуктивті (жалпыдан жекеге өту, зерделеп білу) және индуктивті (жекеден жалпыға өту, тәжірибеге сай білу) логиканы негіз етіп логикалық ақыл мен тәжірибелік бақылауды басты назарға алды.

Аристотель ескерткіші, Фрайбург университеті, А. Берманн туындысы

Аристотель ғылым классификациясында онтологиялық философияны ең жоғары орынға қояды. Басқа ғылымдар болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттеумен шұғылданса, онтологиялық философия болмыстың жалпы табиғатын зерттейді деп есептеді.

Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады” (Метафизика, М., 1934, с 45).

Аристотель айтқан "Табиғат философиясы" сөзі табиғат дүниесіндегі қозғалыс, жарық, физика заңдары қатарлылы құбылыстарды зерттеуге қаратылады. Бұл араға бәлен ғасыр салып қазіргі заманның ғылымына, ғылыми зерттеу методикасына арқау болды және арнайы пәндер болып философиядан бөлінді.

Қазір философия десе көбінесе метафизика саласы көзде тұтылады, бірақ табиғат дүниесін ғылыми зерттеу айтылмайды. Өйткені табиғатты танитын ғылым әлдеқашан философиядан бөлініп кеткен. Аристотель заманында философия барлық білім қабатын түгел қамтыған болатын.

Негізінен айтқанда, Аристотель философия мен логикалық тұжырымдауды бір нәрсе деп есептеп, философияны ғылыми түсінді. Яғни, ғарыш туралы, не басқа туралы кез келген ойда ғылыми логикалылық болса, онда ол философия есептеледі. Бұл қазіргі ғылымдар философиядан бөлініп кеткен замандағы нақты ғылымдардың түрлі ғылыми әдістеріне ұқсамайды.

Аристотель бойынша, ғылым (логикалық тұжырым) дегеніміз не нақты, не қиялдауға болатын, не теориялық нәрсе. "Нақты" дегеніміз этика, саясаттану секілді қолданылу мағынасы бар екендікті білдірсе, ал "қиялдауға болатын" деген сөз поэтика, эстетика секілді тек елестету арқылы түсінуді көрсетеді. Ал теориялық дегеніміз физика, математика, және метафизика секілді терең зерттеу, толғаныс салаларын көрсетеді.

Метафизика мен философия Аристотельдің анықтамасы бойынша "пішінсіз затты тану", яғни "бірінші философия", "теориялық философия", немесе "ең жоғары дерексіз қабаты тану" деп атады. Ал, логиканы (анализдеу) осынау жоғары деңгейдегі философияны үйренудің алғашқы сатысы деп есептеді.

Аристотель Философияны 3 негізгі пәнге бөлді:

  1. Теориялық пәндер — математика, жаратылыстану ғылымы, метафизика деп аталған бірінші философия. Кейінгісі болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы туралы ілімдерді көрсетеді.
  2. Тәжірибелік пәндер — адамдардың іс-әрекеті турлы ілімдер, мысалы этика, саясаттану, экономика, стратегия және риторика.
  3. Поэтикалық пәндер — ақындық шығармашылық, сурет, музика қатарлылар.

Аристотель өз философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлді. «Метафизика» кітабында Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданды. Табиғат — бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз — форма және мән.

Метафизикаөңдеу

Әл-Фарабидің Компиляция кітабы, Kitab Al-majmu (Book of compilation), Bibliotheca Alexandrina, 222 бет.

Метафизика сөзі Аристотельден басталады. Яғни, физикалық денелер туралы кітаптарының ар жағына оның материалдық емес білім туралы жазбалары жайғасқан көрінеді. Яғни "физиканың кейіні" (гр. τὰ μετὰ τὰ φυσικὰ βιβλία) деген мағынада болған. "Мета" (гр. μετά) деген сөз "ар жағында", "астарында", "тұңғиығында" дегенді білдіреді екен. Демек, метафизика — физика шеше алмайтын, жоғары деңгейдегі бейфизикалық сырлы, күрделі, шүңет, дерексіз ең жалпылық мәселелер туралы ілімді көрсетеді. Кейін ортағасыр христиан ойшылдары метафизиканы тылсымдандырып, табиғат пен өмірден ажыратып, христиандық дүниетанымды растайтын схоластикалық философия жасап шығарды. Неміс ойшылы Фридрих Ницше метафизиканы Платонизм деп атады. Бұл Аристотель ілімін бұрмалаудың тамыры қайда жатқанын меңзеу болатын.

Аристотельдің өзі метафизика мен теологияны "Бірінші философия" деп те атаған. Рене Декарт осы мағынада өзінің әйгілі «Бірінші философия толғаныстары» (ағылш. «Meditations on First Philosophy») кітабын жазып, көптеген ойшылдарға бағалатып, "Мен ойлағандықтан менмін" (Cogito ergo sum) деген тұжырымды жақтап шықты.

Төрт себеп іліміөңдеу

Аристотель бойынша табиғат себептілік байланысы бойынша өмір сүреді. Бұл себеп байланысы жаңа дәуірде (ХVI-XVIII ғ.) дәріптелген себеп-салдар теориясына ұқсамайды. Себеп байланысы "не үшін?" деген сұраққа байланысты айтылған. Ал детерминизм болса «салдар», «нәтиже» дегенге салыстырмалы айтылады.

«Метафизика» еңбегінде және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді. Олар: Материал (құрамы) себебі, Форма (құрылым, пішін) себебі, Қозғатушы (келіп шығуы) себебі, Мақсат (көздеу) себебі.

  • 「Материал себебі」 (лат. Material Cause) — заттың неден құралғаны. Яғни, бөлшегі, мүшесі, материалы. Кез келген зат мәлім бөлшектен, құрамнан, алғышарттан, материалдар бірлестігінен құралады. Заттың құрылымы дәл осы құрамдарға қатысты болады. Құрамы қалай болса ол заттың сондай қасиеті болады. Осынау құрамдар арқылы бір бүтіндік (жүйе, құрылым, қалып, бірігу, толықтық, араласу) пайда болады. Мысалы, мүсінге пайдаланылған мәрмәр тас мүсіннің материал себебі есептеледі.
  • 「Форма себебі」 (лат. Formal Cause) — заттың құрамдарының ұйымдасып қандай пішін қалыптастырғаны. Затқа қалай анықтама беру оның пішіні, күйі, мәні, бүтіндігі, қалыптасу ережесі, заттың зат болуында негіз болған заң-қағидасына байланысты. Мысалы, мүсіннің жобасы мен дизайны мүсіннің форма себебі есептеледі.
  • 「Қозғатушы себеп」 (лат. Efficient Cause) — заттың қайдан пайда болғаны, не әсер еткені, неден жаралғаны, неден өзгеріп келгені. Ол заттар өзгерісінің себебін көрсетеді. "Не өзгертті?", "Қандай себеп оны осы күйге жеткізді" дегендей. Ол барлық затаралық дәнекерді де, органикалық және бейорганикалық заттардың қозғатушы себептерін де қамтиды.
  • 「Мақсат себебі」 (лат. Final Cause) — егер зат туралы болса оның қандай керекке жарайтыны, пайдасы, маңызы, құны, өнімі; ал егер адам туралы болса ол қандай мақсатпен өмір сүретіні, ертең кім болмақшы екені, оны жетелеп жүрген (қазіргі заман психологиясындағы "мотивация ілімі" секілді) арман, ерік, зерде, бейақыл, этика, ниет, қалау, талап, талпыныс, құлшыныс қатарлылар белгілі әрекетке алып барады. Зат атаулының өмір сүру себебі мәлім мақсат бойынша болады. Мысалы бір қашалып біткен мүсін мүсіншінің мақсатын көрсетеді. Дегенмен, Аристтотель де Сократтың ықпалына ұшырап, затта да адам секілді біртұтас мақсат болады және біртұтас мақсатқа талпынады, барша дүние ізгілікке талпынады деп есептеген. Бұл ғылымда телеология (мақсат ілімі) деп аталады.

Бұдан басқа, заттар ортасындағы өзара әсер нәтиженің қалыптасуына әсер етеді. Ешбір зат заттардан оқшау өмір сүре алмайды. Мысалы, тазалық жұмысы арқылы көркем тұрмыс жаратуға болады, болмаса керісінше нәтиже келіп шығады. Мұнда екі істің (тазалық пен көркем тұрмыс) ұқсас барысы және қасиеті болған жоқ, бірақ бірі бүкіл істің басталуы, екіншісі бүкіл істің нәтижесі.

Аристотель алғашқы кезде өзаралық, немесе айналымдық себеп байланысын ортаға қойып, заттар арасындағы өзаралықтың заттарға әсерін түсіндірді. Бірақ ұқсас істің мүлде кері нәтижесі болатынына да назар аударды.

Аристотель және Гомер бюсті. Рембрандт, 1653 ж.

Аристотель екі түрлі себеп байланысы моделін айқындады: дәстүрлі (қалыптасқан) себеп байланысы және кездейсоқ (өзгеретін) себеп байланысы. Мейлі дәстүрлі, мейлі кездейсоқ себеп болсын, бәрі түгел астыртын, не нақты, айырым, не жалпылық қасиетте болады. Бұл Жалпылық себеп, Айырым себеп, Нақты себеп, Астыртын себеп деген секілді маңызды ұғымдарды қалыптастыруға жол ашты. Шынтуайтында, себеп байланысы себеп пен нәтиже арасында "уақытты (уақытқа тән) өзара байланыс" сөзсіз болатынын көрсетпейді.

Себеп байланысын ішкерлей зерделеу арқылы түрлі себептер дәрежеге жіктелді. Мысалы, мақсат, қозғатушы, материал, форма тәртібі (Томас Аквинат осыны жақтады), немесе, барлық себепті байланыстарды материал және қозғатушы себеп арқылы түсіндіру, немесе, тек қозғатушы арқылы түсіндіру (Детерминизм (белгілеу теориясы)), немесе, біржүріс, бірқатар табиғат құбылыстарының өзара әсерлесуі (жаратылыстану ғылымдары заттардың қайдан, қалай пайда болғанын ғана түсіндіреді, ешқашанда не үшін пайда болғанын, пайда болғаннан кейінгі жағдайды түсіндірмейді).

Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет дей тұра, әсіресе форма мен материалдың байланысына айырықша мән берді. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстратын (құрамы, материалы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен мүсіннің эстетикалық сезімі қалай туатынын түсіну мүмкін емес. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді. Осыдан келіп: «Мүсіннің мүсін болуы неліктен?» — деген сұраққа Аристотель: «Формадан», — деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және жасампаз шығармашыл бастама деп сипаттайды. Аристотель форманы бірден-бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінді.

Аристотель айтуынша: «Табиғат — бұл материядан формаға өтудің бірінен кейін бірі келіп отыратын тізбегі». Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай қозғалыстың формасы болмасын, қайнар көзі — құдай деп білді. Құдай объективтік сипатта болды.

Субстанция, Әлеует және Нақтылықөңдеу

Мүсін қашауға арналған каррара мәрмәр тасы. Қазірдің өзінде мұнда қашалатын мүсін әлеует ретінде бар болғаны ма? Аристотель бұл сұраққа "иә" деп жауап береді. Әрі, бұл табиғаттағы себеп-салдар байланысының ғылым ылғи ұмытып қалатын шындығы деп есептеген.

Аристотель өзінің «Метафизика» кітабында субстанция, әлеует және нақтылық деген 3 ұғымды талдайды.

Субстанция (гр. Substance)өңдеу

«Метафизиканың» VІІІ-ші тарауында Аристотель субстанция ұғымын талдайды. Кез келген заттың субстанциясы, Аристотель бойынша, оның материалы мен формасының бірігуінен қалыптасады. Материал — құрайтын құрылым мен бөліктерді көрсетеді (мысалы сарай үшін кірпіш, тас, ағаш секілділер). Ал, форма болса сол сарайдың өз құрылысы, бірбүтіндігі. Материал құрамды көрсетсе, форма құралуды көрсетеді деген.

Заттардың өзгерісі (гр. kinesis) және себептік байланысын Аристотель мынадай түрлерге бөледі:

  1. өсу және сему, сандық шама өзгерісі;
  2. қозғалыс, кеңістіктің ауысуы, орын ауыстыру;
  3. өзгеру, бүкіл сапаның өзгеріске ұшырауы.

Форма мен сапа жорамалы арқылы Аристотель бұл жерде ықтимал әлеует (гр. dynamis, лат. potentiality) және шынайы нақтылық (гр. entelecheia, лат. actuality) деген ұғымдарды ажыратты.

Әлеует (гр. dynamis, лат. potentiality)өңдеу

Әлеует, Аристотель бойынша, сыртқы шектеме болмаған жағдайдағы нәрсенің өзіндегі өздігінен өзгере алу қабілеті және қуаты. Мысал үшін, атыздағы бидай тұқымы әлеуетке ие зат болып есептеледі. Егер оған сыртқы күш кедергі келтірмесе, онда ол сәтті түрде егіс дақылына айналып өсе алады. Әлеуетті зат "әрекетті" (гр. poiein) және "әрекеттендірілетін" (гр. paschein) болып бөлінеді. Оның әлеуеті әу-бастан табиғи бар, тума қалыптасқан, немесе кейін үйретілген, жетеленген, жетілген әрекет болуы да мүмкін. Мысалы, көзде заттарды көру әлеуеті (тума, әрекеттендірілу) бар; ал қобыз шалу әлеуетін адам үйрену арқылы (жаттығу, әрекеттену) қалыптастырады.

Нақтылықөңдеу

Нақтылық — әлеуеттің ықпалында іске асқан, орындалған мақсат есептеледі. Мақсат (гр. telos) барлық нәрсе өзгерісінің негізгі көздеу ережесі. Әлеует белгілі мақсатқа жету үшін қажет болады, сондықтан нақтылық - әлеуеттің жемісі болып есептеледі. Жоғарыдағы мысалға оралсақ, тұқымның дақылға айналып өсуі — нақтылану болып есептеледі.

Сарайдың "материалы" оның "әлеуеті", ал сарайдың "формасы" оның "нақтылығы". Сарайдың жоба нұсқасын ұсынған форма себебі (гр. aitia) мен әлеуеттің нақтыланып сарайға айналуы сарай салушының логосының (гр. λόγος — «ақыл», «жоспар», «ой», «идея»...) нәтижесі. Ал, салынып біткен сарай себеп-салдар байланысындағы мақсат себебі болып есептеледі. Аристотель бұдан нақтылық уақыт пен субстанция тұрғысынан әлеуеттен бұрын өмір сүреді деп қорытынды жасайды[28].

Субстанцияға (форма мен материалға) анықтама беру арқылы Аристотель зат неге және қалай өмір сүреді мәселесіне жауап қарастырды: не нәрсе адамзатты құрайды? Платон "идея" теориясы бойынша бұл мәселені екі нәрсемен түсіндірген: хайуанилық және екі аяқтың болуы. Бірақ бұлар адамды бірбүтін адам етіп құрауға жеткілікті емес. Аристотель бойынша, астыртын әлеует (материал) және шынайы нақты зат (форма) әрқашан бірге, бір құбылыстың ажырамас екі жағы деп есептеледі [29].

Жалпылық пен жекелік байланысы туралыөңдеу

Ескендірдің Буцефаланы үйретуі.

Аристотель жалпы мен жеке, ұғым мен түйсік, мән мен құбылыс диалектикасын ұштастыра түсіндіреді және бұл көбінесе Платонның идеализмін сынауға құрылған.

Аристотель ұстазы Платонның зат сол заттың артында тұрған идеяның көрінісі дегенге келіспей, әрбір затта жалпылық қасиет болады, ол бір болса сол заттың қасиеті, бір болса сол затпен басқа заттың байланысын көрсетеді деп есептеді. Мысалы, біз бір алма арқылы жалпы алманың формасы туралы талдау жасай аламыз. Яғни, әрбір жеке алма және алманың жалпы формасы. Немесе, егер алманы кітаптың қасына қойсақ, онда бұл екеуі жақын деп айтамыз және бұл алманы танудың тағы бір әдісі — басқы затпен байланыстырып тану болады.

Аристотельдің пікірінше, мәлім заттың жеке қасиеті емес жалпылық форма өмір сүрмейді. Мысалы, ешбір адамның қасиеті емес жақсы адам деген қасиет өмір сүрмейді, кез-келген жақсы адам деген қасиет міндетті түрде мәлім адамдікі болады. Демек жақсы адам дегеніміз шынайы жалпылық қасиет ретінде мәлім жеке адамның өмір сүруін алғы шарт етеді. Әрине, бұл пікірлер өте қарапайым көрінгенімен, әйгілі ғұлама Платонның жалпылық идея жеке заттарға тәуелсіз дербес өмір сүреді, заттар сол идея негізінде бар болады деген идеалистік пікіріне қарсы айтылған. Ол жалпылық дегеніміз иә заттың кешегі, бүгінге, не ертеңгі мәлім қасиеті ретінде, иә заттар ортасындағы байланыс ретінде ғана мәнді деп есептеді. Демек жалплықты тану заттардың нақты қасиеті мен өзара байланысын тану арқылы анықталады. Ешқашан ешбір заттың мәлім қасиеті, не байланысы ретінде болмаған жалпылық, ол өтірік жалпылық.

Аристотель сондай-ақ жалпылықтың орыны туралы пікірде де Платонмен келіспеді. Платонның ойынша мәлім бір форма әлемі бар, сол форма әлемінде барлық жалпылық орналасқан деп есептеді. Ал, Аристотель жалпылық мәлім бір форма әлемінде емес, әр нәрсенің ішінде, мысалы алманың жалпылық ерекшелігі сол алманың өз бойында деп есептеді. Бұл заттардың артындағы басқа бір форма әлемі бар дегенді жоққа шығарады.

Аристотельдің пікірінше, философия пәні жалпылықты тану бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) —статуя, мемлекет, т. б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады.

Платон академиясының мозаикасы, Помпей, І-ші ғасыр

Аристотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта толық көрмесек те, дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүретіні анық” деген пікірі сыртқы дүниенің рух пен санаға бағынбас шындығына күмән тудырмайды және әлем бізбен ғана шектелмейтінін айтады.

Жалпыны танудың шарты: Индукциялық қорытындылау. Ол өз ретінде сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес[30].

Орай және тосындық туралыөңдеу

Орай мен тосындық та заттардың өзгеріс себебін көрсетеді. Орай бір заттың өзгерісінде кездейсоқ, тосын жағдайы туғызушы, (бірақ тосындық орайдан келмейтініне назар аудару керек). Анығырақ айтқанда, Аристотельдің орай дегені "мөрті келу" секілді нәрсе. Бір адам мәлім мақсат үшін кейбір істерді жасайды, сондай-ақ ол бәлкім (ойламаған жерден) басқа нәрселерге де әсер етуі мүмкін. Егер бір іс қайталанбалы, дағдылы күйде болса, әрқашан солай болса онда оны орай деп атамаймыз.

Бірақ, орай тек адамзатта ғана болады және этика саласына тән. Аристотельдің айтуы бойынша, орай адамзаттың талғам қасиетін, шешім ету қабілетін (ойланып-толғану) қамтиды. Тек адам ғана екіойлы болып, ойланып шешім қабылдайды, "өздігінен әрекет ету қабілеті жоқ нәрседе орайға ие болу мүмкіндігі де болмайды"[31]

Өмірдің мақсаты – бақытөңдеу

Бақыт шаттыққа, даңққа, байлыққа, беделге, билікке... қатысты. Бірақ олар жеке түрде адамға бақыт бере алмайды. Бақыт адам мақсаты мен қабілетіне Байланысты болады, ал ол оның рухында жатады.

'«Біз бейне өз нысанын көздеген керемет садақшы секілді өз қалағанымызға қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар.»' (Аристотель)

Аристотель: жан дененің қызметіөңдеу

Барша тірі нәрседе түрлі деңгейде жан бар, өсімдік пен хайуанда да жан бар. Жан денеден бөлінбес, бөлінсе екеуі де өледі. Жан дененің қызметі, ұйымдастыруы, тірі іс көруге жұмылу қабілеті. Жан қолданған барллық білім бақылау мен жорамалдаудан басталады.

Аристотель сана бейне өрнек секілді деді. Суреттегі балауыз бен оның өрнегі бөлінбес. Жан денедегі сыртқы әлем туралы өрнектер ғана.

Жан физикалық дененің ережесі. Егер балтада жан болса, оның жаны шабу болар еді. Адам денесі сезіне алатын, ойлай алатын, түсіне алатын, талпына алатын жанға ие. Дененің, әсіресе мидың функциясе мен қабілеті – жан деп аталады.

Өсімдіктер – азықтанғыш жанға ие. Нәр жианап өсу, тұқым қалдыру, жарық пен суға, қоректікке талпыну.

Хайуандар – сезіну жанына ие. Олар дүниеде көп нәрсені ажырат алады, пайдалығы жақындап, зияндыдан қашады, ауру мен қуанышты ажырата алады.

Адам – ақыл-ойлы жанға ие. Ол түсіне алады, жоспарлай алады, түсіндіре алады.

'Дүниедегі ең қиын іс жан туралы сенімді білімге қол жеткізу.'

(Аристотель: «Жан туралы» (De Anima)

Жаратылыстануөңдеу

Аритотельдің ғылыми зерттеулеріөңдеу

Аристотель бюсті

Афинада тәлім-тәрбие ісімен айналысқан кезінде Аристотель сол заманның көптеген ғылыми зерттеулер ісіне жетекші болады, және бұл оның өмірінің кейінгілерге біршама таныс мезгілі есептеледі. Шынтуайтында, Аристотель бірден философиялық ой-толғанысқа емес, нақты ғылыми зерттеуге (күзету, бақылау, салыстыру, шағын деңгейдегі ғылыми экспримент жасау, анализдеу, қорытындылау...) айырықша мән берген және өмірінің көп бөлігі жаратылыстану салаларында ғылыми зерттеу жасаумен өткен. Оның метафизикалық шығармалырында санның мәні туралы ізденістер болса да, нақты математика саласында тың жаңалық (жаңа есеп, математикалық формула, ереже) қосқаны байқалмайды. Бірақ ол бәрібір ботаника, зоология, физика, химия, метеорология және басқа ғылым салаларында бірегей жаңалықтар ашқан.

Аристотельдің ғылымдағы үлесі математикалық емес, көбінесе теориялық болып келеді. ХІVғ. кейін ғалымдар ғылымды математикаластырған кезде, оның еңбектерінен біраз қателерді де тапты. Оның қателіктері көбінесе масса, жылдамдық, күш, жылу секілді ұғымдарға қатысты. Ол бұл шамаларды математикалық дәлдік пен байланыста тануға сонша мән бермегендіктен, нақты зерттегенде басқаша мән шығатын жалпылық жорамалдық тұжырымдармен шектелген.

Аристотель еңбектерінде көптеген ғылыми бақылау жасау мен естелік қалдырулар бар. Дегенмен онда да кейбір қателерге жол берген. Мысалы, оның «Жануарлар тарихы» кітабында "еркек хайуандарда ұрғашы хайуандарға қарағанда көбірек тіс болады" делінген. Сол секілді, ренессанс дәуіріндегі Италия ғалымы Галилео Галилей Аристотельдің ауыр дененің жерге құлауы мәселесіндегі қателігін ашып берген. Аристотель "ауыр зат пен жеңіл затты бір уақытта биіктен тастаса, олардың ауыры алдымен жерге жетеді" деп айтқан. Галилей бұған келіспеген. Ол, егер бұл екі затты бір-біріне байлап қойса, онда ауыры алдыға сүйреп, жеңілі кері сүйреп, әуелгісінің жартысындай қозғалуға мәжбүр болмай ма деген уәж айтқан. Бірақ ғалымдарда ол кезде "Аристотель айтса бітті, қате болмайды" деген ұстаным басым болып, Галилейді "Аристотельге қарсы шықпақшы!" деп күлкі еткен. Ақыры, Галилей әйгілі Пиза мұнарасынан қалың жұрттың көзінше нақты ғылыми тәжірибе жасаған. Ол салмағы 10 кг және 1 кг екі шар денені алып, мұнара басынан бір сәтте жерге тастаған. Екі шар еш ілгері-кейіндіксіз бір уақытта жерге түскен. Сөйтіп, Галилей Аристотельдің де қателесуі мүмкін екеніне ғалымдардың көзін жеткізген болатын. Бұл кейін тартылыс күштің (гравитация) жер бетінде заттарға біркелкі әсер ететінін анықтау болды.

Физика саласында Аристотель "заттар тек үздіксіз әсер еткен түрткі күш болғанда ғана қозғалыс сақталады" деп қарады. Ол және вакуум өмір сүрмейді, кеңістік қашанда затқа толып тұрады деп есептеді. Галилей болса "зат қозғалысы кедергіге байланысты болады, тоқтап тұрған нәрсе еш күш түспесе мәңгі тоқтап тұра береді, қозғалыстағы зат еш күш түспесе мәңгі қозғала береді" деген үдеудің жаңа тұжырымын жасады. Кейін ағылшын ғалымы Ньютон осы негізде инерция заңын ашты. Ньютон Аристотельдің "қозғалыстың себебі күш" ережесін сынап, "Күш қозғалыстың тіке себебі емес, ол тек қозғалыс шамасын өзгертуші ғана" — деп есептеді. Ньютонның классикалық механика теориясы ғылымға енуден бұрын батыс ғылымы Аристотельдің ғылымымен негізделген болатын.

Бірақ, Аристотельдің бұл секілді қателіктері оның ғылым саласындағы ғаламат үлесін еш кемітпейді. Әсіресе Логика, Биология секілді пәндер әлі де Аристотель салған сара жолды жалғастырып келеді. Ол ғылымның ең негізгі атау, ұғым, термин, түсініктерінің алғашқы жасаушысы есептеледі. Және бір маңызды мәселе, Аристотель ғылымның пайдасына да айырықша мән берді, қолданылмалы ғылымға Аристотельдің зор еңбегі бар. Аристотельдің «Физика» кітабының атын тіке аударса "Табиғат философиясы" болып шығады. Демек, ол зерттеген физика бүгінгі физикаға ұқсамайды. Аталған кітап философиялық кітап есептеледі, бірақ дәл «Метафизика» кітабы секілді таза философиялық емес, табиғат құбылыстары туралы жаратылыстану философиясы. «Физика» кітабы физикалық білімді де, химиялық білімді де, биологиялық білімді де, астрономия, жер туралы ғылым қатарлы салалардың білімдерін де қамтыған. Кітап табиғат әлемінің жалпы ережесі мен материялық әлемнің қозғалыс, өзгеріс жалпы заңдарын тұжырымдайды, сипаттайды. Бұл түрдегі құбылыстардан философиялық биіктікке жеткен тұжырымдар тудыру тәсілі мен идеясы, заттардың ортақ қасиетін тану әдіснамасы адамзат өркениетіне қосылған дәуір бөлгіш жаңалық деуге болады.

Бес элемент іліміөңдеу

Төрт элемент: от (fire) ауа (air), су (water), топырақ (earth), Төрт күй: ыстық (hot), суық (cold), құрғақ (dry), дымқыл (wet)

Аристотель "материядан бөлінген бостық болмайды", "зат ішінде бостық болмайды" деп есептеді. Дүние 5 түрлі элементтен құралады:

  1. Топырақ: суық және құрғақ. Қазіргі тілде "қатты дене".
  2. Су: Суық және дымқыл. Қазіргі тілде "сұйық дене".
  3. От: Ыстық және құрғақ. Қазіргі тілде жылу энергиясы.
  4. Ауа: Ыстық және дымқыл. Қазіргі тілде "газ дене".
  5. Эфир: Аспан шары мен аспан денесін (жұлдыз және ғаламшар) қалыптастырған қасиетті материя.

Жер бетіндегі төрт элементтің табиғи қасиеті бар. Жер шары ғарыштың орталығы, сосын су, сосын ауа, сосын от орналасқан. Бұл элементтер өзара ауысып, араласып, табиғи түрде қозғалады, сыртқы күшті қажетсінбейді. Сондықтан адам денесі суға батады, су буланып ауаға айналып, жаңбыр болып жауады, от ауада жанады, сөйтіп бұл элементтер өзара мәңгілік айналыста болады.

Қозғалыс туралыөңдеу

Аристотельдің ортағасырлық сипаттамасы, Рим 1457

Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек[32].

Таным және Логика туралыөңдеу

Аристотель «Метафизика», «Аналитика» және т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол объективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді. Аристотельде объективтік логика мен субъективтік логика араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да логиканың объективтілігіне мән беретінін байқатады.

Аристотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Оның нақты тәжірибеге мән беруі терең философиялық ақылға негізделген.

Таным туралы ілімінде Аристотель шынайы білімді болжамдық білімнен ажыратады. Бірақ тіл арқылы ол екеуі өзара байланыста болады деп есептеді. Тәжірбие Аристотельдің айтуынша болжамдық білімді тексерудің соңғы инстанциясы ғана емес. Себебі ақиқат сезім арқылы ғана емес, ақыл арқылы да танылады және тексеріледі. Білім іс-әрекет арқасында, фактілерді жинау нәтижесінде қалыптасады және ақылдық тұжырым арқылы дұрыс-қатесі айқындалып жүйеге түседі деп есептеді.

Категорияларөңдеу

Густав Адольф Шпангенберг: Аристотель мектебі (Ликей), Фреско 1883-1888

Ғылымның мақсаты затты анықтау, ал оның шарты дедукцияны дедукциямен біріктіру. Себебі, Аристотельдің айтуынша, барлық ұғымға предикат (баяндауыш) бола беретін ұғым жоқ. Сондықтан түрлі ұғымдар бір топқа біріге алмайды. Сол себепті Аристотель негіздік категорияларды (ерекше жалпы философиялық ұғымдар) ұсынды. Категориялар шынайы мәндердің басқа топтарын өзіне біріктіретін жалпы ұғымдар есептеледі.

Аристотель философиясының елеулі бір саласы сондай категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категориясы: Мән (субстанция), Сан, Сапа, Байланыс, Орын, Уақыт, Жағдай (күй), Шарт, Қозғалыс, Махаббат қатарлылар. Бұл категориялар аристотельдің Органонындаға «Категориялар туралы» кітабында тәптештеп түсіндірілген. Аристотель былай дейді: «Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы бірде мән (субстанция), бірде сапа, бірде сан, бірде байланыс, бірде орын, бірде жағдай (күй), бірде әрекет, бірде шарт, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді.» Категориялардың 9-ы мынандай сұраққа жауап береді: «Заттардың қасиеттері қандай?», ол құбылыс категориялары. Бір категория: «Болмыс деген не?» сұраққа жауап береді, ол мән (субстанция) категориясы[33]. «Егер де бастапқы мәндер болмаса — онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді», — деп көрсетеді Аристотель.

Аристотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Аристотель мен Платонның Эйдосы мен категориялары Стоиктерді қанағаттандырмады. Олар Платон мен Аристотельдің философиясынан өмірдің мәні мен өзгергіштігі туралы жауап таба алмады. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.

Аристотельден бұрын, шынтуайтында Логика саласында іздегендер жоқтың қасы[34]. Әрине, грамматика және лексика тақырыбы Аристотельден бұрын зерттеле бастаған. Әсіресе Гераклит, Пифагор, Парменид, Зенон, Протагор, Сократ, Платон, Демокриттер диалектикалық ойларымен логикаға еміс-еміс соғып отырған және философияны диалектика арқылы талқылаған. Дегенмен, бәрібір таза ғылыми мағынадағы логика ғылымы қалыптаспады. Тіпті Платонның логика зерттеулері де қайшылықты, кедергілі болды. Ол жалпылама тұрғыда біржүріс дедуктивті тұжырым желісін қалай жасау керектігін қарастырғанымен, бірақ логиканың ұланқайыр дербес аймағына аттап өте алмады. Ол оң және кері дәлелдеулерді, оқсамаған ой-тұжырым айтуларды қолданғанымен, оларды бір жүйеге жинақтап, жаңа ғылым саласы етіп жасай алмады. Платон бойынша, дедуктивті тұжырым тек жорамалдардан туады және соның ішіндегі анық, айқын пікірлер мен долбарларға мән береді, және сонысы арқылы дәлелденеді деді. Кейін Платон дедуктивті тұжырымның дұрыс тұжырым шығарудағы маңызын байқағанымен, оны сәтті түрде ашып көрсетіп бере алмады. Ол өзінің осы саладағы сынақ ойын әйгілі «Софист» еңбегінде айтады[35].

Логикаөңдеу

Аристотель логикасы болмыс туралы іліммен және ақиқат теориясымен тығыз байланысты. Логикалық формалар бойынан ол болмыс формаларын оқуға болады деп есептеді. Яғни, біздің ойлау қисынымызда дүние қисыны жатыр деген рационализм идеясын жақтады.

Ол формальды логиканың заңдарын ашты. Силлогизмді тұжырымдады. Аристотель ашқан логика заңдары:

  1. Дәлдік заңы;
  2. Қайшылықсыздық заңы;
  3. Өз-өзін терістемеу заңы қатарлылар.

«Аристотельдің логикасы» деп атағанымызбен, Аристотельдің өзі оны «Аналитика» деп атаған. Аристотель шығармаларындағы кейбір пікір-атаулар ұзақ тарих барысында өзгертіліп жіберілгені байқалады. Алғашында оның кітабын реттеуші шәкірттері өзгертсе, кейін оны көшірушілер өзгерткен көрінеді. І ғ-да Аристотельдің логикалық білімге қатысты кітаптары реттеліп, алты кітап етіп көшірілген.

Органонөңдеу

Органон (көне грекше: Ὄργανον — «құрал, әдіс») — Аристотельдің арнайы логикалық еңбектерінің дәстүрлі аталуы. Органон атауын Аристотель емес, перипатетик (Аристотель жолын қуушы) Андроник Родос (көне грекше: Ανδρόνικος; шамамен, б. з. д. 60 жж.) Аристотель еңбектеріне пікір жазу барысында алғаш қолданған.

Платон мен Аристотель пікірталасы. Флоренция, Италия, «Museo dell'Opera del Duomo» мұражайы.

Органон Аристотельдің алты логика кітабын қамтиды. Олар:

  • «Категория туралы» (гр. Κατηγορίαι; лат. Categoriae немесе лат. Praedicamenta) — Аристотельдің 10 категориясы пайымдалған: Мән (субстанция), Сан, Сапа, Байланыс, Орын, Уақыт, Жағдай (күй), Шарт, Қозғалыс, Маһаббат.
  • «Түсіндіру туралы» (гр. Περὶ ἑρμηνείας; лат. De interpretatione) — тірек ұғымдар мен тұжырымдар, растау, терістеу, жалпылық, ұғымара байланыс қатарлы тақырыптар сөз болған.
  • «Алғашқы аналитика туралы» (гр. Ἀναλυτικὰ πρότερα; лат. Analytica priora) — бұл еңбекте Аристотель силлогизмі, индуктивті тұжырым туралы паймдалған.
  • «Кейінгі аналитика туралы» (гр. Ἀναλυτικὰ ὕστερα; лат. Analytica posteriora) — бұл бөлімінде үлгі, анықтама және ғылыми білім туралы пайымдалған.
  • «Топика» (гр. Τοπικά; лат. Topica) – негізгі тақырып мәселесі талқыланып, мәселені талдау мен шешім етуде өнімді де, сенімді дәлел келтіру, тұжырым жасаудың ақылға қонымдылығы туралы пайымдаулар жасалды. Дәл осы еңбегінде предикабил турлы айтты және кейін порфир және схоластик логикашылдардың пікірталасына себеп болды.
  • «Софистикалық тойтарыс туралы» (гр. Περὶ τῶν σοφιστικῶν ἐλέγχων; лат. Sophistici elenchi немесе лат. Elenchi) — логикалық сандырақтар, өтіріктер, ой алдамшылықтары туралы талдаулар жасалып, Аристотель риторикасына бағыттайтын маңызды кілт болды.[36]

Алты кітаптың тәртібі және олардың оқытуға қолданылуы туралы нақты мәлімет жоқ. Алғашқыларында Логика білімдері қарастырылып, қарапайым ұғым, категорияларға түсіндірулер жасаса, келесі бөліктерінде зерттеу күрделілесіп, формал логиканың әйгілі заңы — силлогизм («Алғашқы аналитика туралы») және софистика («Топика», «Софистикалық тойтарыс туралы») зерттеледі. Бұдан басқа, Аристотельдің логика туралы басқа бір зерттеуі «Метафизиканың» ІV бөлімінде кездеседі, «Органонға» енбеген.

Аристотель логика нұсқаларына (модель) талдау жасау арқылы силлогизмді қорытып шығарады. Нұсқа белгілі бір бүтіндік қалыбы үлгісін көрсетеді, ал логика нұсқасы болса адам тани алатын "ақиқаттың қалыбын" айқындайды. Аристотель мүмкіндік пен сөзсіздік ұғымының айырмашылығына үңіліп, логика зерттеудің әдіснемасын жасады. Бұл күрделі мәселелерді шешудің логикалық әдіснамасы ретінде құнды есептеледі.

Аристотельдің "алғашқы" және "кейінгі" аналитикасының айырмашылығы айқындалған жоқ. Осылай бөліп атаған сол Андроник Родос өзі болса керек. Ал, «Софистикалық тойтарыс туралы»ны «топиканың» жалғасы деп есептеуге де болады

Органонның көптеген грекше көшірмелері жазылған, сондай-ақ арабша, латынша, сирияша және армянша аудармалары бар

Жаңа дәуір ағылшын философы Фрэнсис Бэкон «Жаңа органон» («Novum organon») (1620) деген кітабында өзінің индуктивті логикасын Аристотельдің дедуктивті логикасына қарсы қойып, барлық білімді ақылдық ой арқылы емес, тәжірибемен айқындап, дәлелдеуді дәріптеді.

Этикаөңдеу

Бақыт этикасыөңдеу

«Никомах этикасының» грек және латын тілдеріндегі тұңғыш басылымы, 1566ж.

Аристотельдің көптеген шығармаларында этика талқыланғанымен, бұл саладағы ең сүбелі ойлар оның ұлы еңбегінің бірі «Никомах этикасы» кітабында пайымдалады. Аталған кітаптың аты Аристотельдің әкесі Никомахтың құрметіне осылай аталған.

Аристотель бойынша этикалық білімді рухани білім деуге болмайды, этика да логика мен математикадан өзгеше сипатқа ие. Ол бейне азықтық және іс істеу, спорт білімдері секілді жалпылық білімдер мен ұстанымдарға құрылады. Мысал үшін, жақсы спортшы болу үшін теорияны жеттік білумен шектелмей, алдымен тәжірибеге, нақты жаттығу мен шынығуға мән беру керек.

Аристотель ізгі қасиеттің өлшемін бекітті. Ол алдымен адамның іс-әрекетті мақсатты болады деп есептеп, бұл мақсатты жақсылық деп атады. Ал, оның айтып отырған этиканың ең негізгі категориясы болған Ізгілігінің түп өлшемі — бақыт. (Грек тілінде eudaimonia деген сөзді тіке түрде "жақсы өмір сүру" деп аударуға да болады.)

Аристотельдің ойынша, бақыт сөзсіз түрде шаттықпен тең болмайды, немесе жай ғана атақ-бедел арқылы келе салмайды. "Адамзаттың түрлі арнайы іс-қимылдарын саралаған соң" Аристотель бақыттың қайнарын байқадым деп есептейді. Ал адам көңіліне талдау жасап үш бөлікті жіктейді: "Азықтану көңілі" (астық, жер, адамға тән), "Сезу көңілі" (хайуанда және адамда бар) және "Ақыл көңілі" (тек адамда ғана бар). Сондықтан, адамзаттың қабілет міндеті дегеніміз адам істеуге тиісті іске кірісу, адамға тән қабілетті пайдалану — ақыл қабілетіне жүгіну деп есептеді. Осындай іс істеген адам бақытты, өйткені ол Ақыл көңілінің мақсаты мен мәніне жетті және соны іске асырды. Адамның Ақыл көңіліне талпыну дәрежесіне орай адамзат баласы төрт дәрежеге бөлінеді, олар:

  1. ізгі;
  2. тежемді;
  3. тидаусыз;
  4. сұрқия.

Аристотельдің сенімі бойынша, күллі ізгілік атаулы "Әсіре" және "Кем" ортасындағы тепе-теңдікті сақтаудан туады. Бірақ, бұл Аристотельдің бейне Протагор секілді этика салыстырмашылдығы (релятивизміне) пікіріне салыну емес. Ол бірнеше көңіл күйді (кек, құрмет, қызғаныш) және бірнеше қимылды (қиянат, ұрлық, кісі өлтіру) түгелдей қатеге шығарып, олар мейлі қандай жағдайда туылса да ақтауға келмейді деп есептеді.

«Никомах этикасында» Аристотель үнемі түрлі салалардан екі ұшқары беталысты тауып шығып, соларды тепе-теңдікте ұстауды дәріптеді. Мысалы, әділет, батылдық, дәулеттілік секілділер сол екі қарама-қайшы ұшқарылықтың кемшілігі жойылған орташа мүмкіндікте тепе-теңдікті сақтау есептеледі. Мысалы, Батылдық қорқу мен өзіне сену ортасындағы тепе-теңдік, осы тепе-теңдікті сақтай отырып іс істеу (ерлік көрсету) есептеледі. Шектеусіз қорқыныш, тым аз өзіне сенімділік әлсіздікке, қорқақтыққа, шегіншектікке алып келеді. Сол секілді, тым аз қорқыныш және тым артық өзіне сеніп кету ақымақтыққа, бейбастақтыққа ұрындырады. Сөйтіп, Аристотель заттар ортасындағы, істер ортасындағы, көңіл күйлер орасындағы тепе-теңдік нүктесін тауып шығу бақыттың көзі, ізгіліктің ең биік нұсқасы есептеледі деп тұжырымдады. Осынау екі ұшқарылықтың арасындағы тепе-теңдік нүктесі әдетте "Алтын арқау" (Golden Mean) деп аталады.

Аристотель тағы әділет ұғымына тоқталды. Ол Әділетті екіге бөлді: Толық әділет және Бөлік әділет. Толық әділет Аристотель Аристотель армандаған тек идеал қоғамда ғана болатын әділет. Бөлік әділет болса айырым қылмыс пен әділетсіз істерді жазалау әділеті. Осы тұсқа келгенде Аристотель адамға "тәрбиеленген тұжырым қабілеті" керектігін, сол арқылы істің әділетті, не әділетсіз екенін анық ажырата алатын болуын дәріптеді. Аристотель дамытылған жақсы әдет пен дағды жақсы адамды, жақсы ұлтты, жақсы мемлекетті, жақсы адамзатты қалыптастырады. Ал, "Алтын арқау" ережесіне жаттығу адамды сау, көңілді, белсенді, бақытты етеді.

Софистерден өзгешелігіөңдеу

Аристотельдің этикасы алғашқы грек этикасын негіз етеді, әсіресе ұстазы Платонның, оның ұстазы Сократтың идеяларына мұрагерлік еткен. Сократ еш кітап қалдырмағаны белгілі. Платон жазған диалогтар жалпы көпшілікке бағытталған. Ал, Аристотель болса аз санды ғұлама-ғалым-оқымыстылар ғана түсінуі мүмкін ғылыми теориялық, логикалық пайымы күшті еңбектер жазды. Платонға ұқсамайтыны, Аристотель өзінің жалпы көзғарастарына қарата кесіп-пішіп айтудан сақтанды, қатып-семіп тұрып алмады, этика мәселесінде де дәл, дұрыс болуға тым күшеп кетпеді. Дегенмен олардың бірбүтін идеясы негізінен өзара сай келеді.

Сократ тұңғыш рет этикаға гректер назарын аударған ойшыл. Бұл оның әсіресе софистермен пікірталасы барысында еріксіз мән берген тақырыбы болса керек. Ол кезде шешендік риторика, моральдық релятивизм (салыстырмалы), дәстүрлі Афина дәстүріндегі Құдайға сенімге қарсы түрлі пікір айту дәстүрі күшейіп кеткен болатын. Софистер өз қоғамдарының қазығын шайқалтарлық көптеген мәселелерді көтерді, бірақ оған тұшымды жауап бере алмады.

Аристотель мектебі, Миезе, Солтүстік Македония

Сократ, Платон, Аристотель үштігі ұстанымы айқын этикалық жүйе құрды: адам ізгілікке талпыну арқылы бақытты және баяшат бола алады. Олар ізгілікті үйрету, жетелеу, тәрбиелеу арқылы жетілдіріп, этиканы ақылмен байытуға болады деп есептеді. Өйткені, оларша болғанда Ізгілік ақылды болудың негізгі мақсаты есептеледі. Бұл Протагор, Горгий бастаған ықпалды софистерден өзгешеленді. Софистер болса, ұқсамаған іс, ұқсамаған қоғамға, ұқсамаған адамға байланысты этика да ұқсамайды дегенге мән берді. БҰл екі күштің (ұстанымның) таласы бүгігі заманда да ашық және жасырын жалғасып жатыр.

Сократ, Платон, Аристотельдердің этикасындағы айырмашылық тек түсіндіру мен жетілдіруде ғана жатқаны байқалады. Әсіресе Сократ пен Платон "ізгілікті білген адам ізгі тұрмыс кешіреді, ізгілікті білмеген пасық тұрмыс кешіреді" дегенді дәріптеді. Аристотель болса, (кейінгілердің көбі бұл көзғараспен келісті) көптеген адамдар өз ісінің жаман екенін біледі, бірақ еркі әлсіз болғандықтан ағымға ілесіп, жамандықтан шыға алмай жүре береді деді. Платон өлшемді этиканы: парасатты, батыл, ұқыпты, әділетшіл этиканы тізіп көрсетті және дәріптеді. Ал, Аристотельдің тізіп көрсеткен ізгілік белгілері бұдан әлдеқайда көп, және ауқымды. сондай-ақ оған салсаңыз, Платонның айтып отырған ізгілігі де (тепе-теңдік сақталмаған жағдайда) пасықтықтың бір түрі болуы әбден мүмкін.

Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс Идея әлеміне тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагиралықтың пікірінше, мемлекет азаматы нақты сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген ынта-жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.

Саясаттану кітабында ол былай деп жазады:

Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді

.

Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздықта деп дұрыс анықтады. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты екені туралы жүйелі дәлелдер келтірді.

Саясаттануөңдеу

Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Ол жеке адамның этикасымен шектелмей, өз зерттеуін мемлекетті, қала мемлекетін (полис) және қоғамдық өмірді тануға кеңейтті. Ол этика мен саясаттың ара жігін тұңғыш рет анық ажыратқан адам болып есептеледі. Бұл тұрғыда «Саясаттану», «Никомах этикасы» т. б. шығармаларын айырықша атап көрсеткен жөн.

Мемлекеттің мақсатыөңдеу

Аристотель гректердің және басқада мемлекеттердің өмірі мен қоғамын суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді және олардан бағалы қорытындылар шығара білді. Аристотель «Саясаттану» кітабында мемлекеттің, отбасының шығу төркініне назар аударады. Оның пікірінше, мемлекет пайда болуына ең алдымен адамдардың бірігіп жұмыс жасауы, ұйымдасып жекелік әлсіздікті жеңу жігері себеп болған. Яғни, Аристотель мемлекеттің шығуын адамзаттық өмірдің табиғи даму талабы туғызды деп түсіндірді. Адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы — ой еңбегімен шұғылдануында болғандықтан және ұйымдасудың жаңа әдісін пайдаланғандықтан адам қоғамасып, ел болып өмір сүру деңгейіне міндетті түрде көтеріледі.

Аристотель, Теофраст және Лампкастық Стратон, (Афина унивреситеті - National and Kapodistrian University of Athens)

«Саясаттану» еңбегінде Аристотель ең алдымен мемлекеттің түпкі мәнін анықтаудан бастайды. Оның түсінуінше басқа қоғамдық ұйымдасу формаларынан мемлекеттің өзгешелігі — ол өз мүшелерінің бақыты үшін, игілікті өмірі үшін құрылады. Шаруашылықтың, басқа да бір істердің пайда әкелуі үшін ұйымдасу, одақтасулар бола береді, олар, бірақ, ұзақ әрі мәңгілік өмір үшін құрылмайды. Мемлекет басқа бір себептерден жоғалып кетуі мүмкін, бірақ құрылу мақсаты жағынан тек бақытты, қуанышты өмір үшін құрылады. Яғни, мемлекеттік тұтастықтың бақыты адамдардың бақыты бола алмайды дейтін Платонның қағидасына Аристотель түбегейлі түрде қарсы.

Мемлекет тек адамдар үшін. Бірақ адамдардың өзі, Аристотельдің ойынша, табиғи туа бітісінен әр түрлі. Біреулер табиғи бітісінен басқаруға қабілетті, екінші біреулер табиғатынан басқалардың билігінде болуға жаралған. Ондайлар тек құлдар. Құлдар пайымдау қабілетіне қатысы бар, бұйрықты түсіне алады, бірақ өз бетінше пайымдай алмайды. Құлдар тірі құралдар. Мемлекетті құрушы адамдарды Аристотель азаматтар деп атайды. Ерте дәуірде азамат ұғымын алғаш өзінше айқын анықтаған Аристотель деп айтуға болады. Құлдар, басқа тайпалардан келіп қоныстанғандар, жасы 18-ге жетпегендер, әйелдер азаматтарға жатпайды. Осы соңғысы, мысалы, Периклдің пікіріне қайшы. Периклден шығармалар қалмағанмен оның Афинада кіргізген заңдары мен тәртіптері хақында көптеген куәліктер бар, және ол тәртіптер Аристотель кезінен екі ғасырдай бұрын енгізілген болатын. Кейбіреулер, мысалы Хуан Гинес Сепулведа (Juan Gines de Sepulveda) Аристотельдің "құлдардың тума құл" идеясын пайдаланып, Еуропалықтардың Үндістерге жасаған зорлығы мен үстемдігін ақтауға тырысқан болатын.

Мемлекеттің басқару формасыөңдеу

Аристотель: мемлекеттік басқару формасы (ағылшынша)

Платон мен Аристотельді жақын ететін тағы бір нәрсе – олар мемлекеттің сол кездегі негізгі төрт формасын көрсеткен: патшалық, аристократиялық, олигархтық, демократиялық. Гректердің сол кездегі әрбір қаласы (полис) жеке мемлекет болып тұрғандықтан осындай ұсақ мемлекеттің азаматтарын түгел шақырып, халық жиналысын өткізуге болатын. Заңдық сипаттағы шешімдерді, басқа да мәселелерді халық жиналысы шешетін (демократиялық құрылымдарда). Бірақ мемлекеттің формалары өзгеріп, ауысып тұрған және өзінің түпкі мәнінен алыстап кетіп отырған. Мысалы, патшалық билік көбіне — тиранияға, аристократиялықолигархиялыққа және керісінше, демократиялық — олигархиялыққа немесе кейде — тиранияға ауысып кетіп отырған. Платон да, Аристотель де мемлекеттің осы төрт формаларын оның түпкі мәнінен ауытқыған деп есептеген, бірақ сол түпкі мәнді олар әртүрлі түсінді.

Аристотельдің айтуынша мемлекеттің басқару формасы оған кіретін әлеуметтік топтардың сандық т. б. арасалмағына байланысты. Қарапайым кедей топтар көпшілікті құраса, оларда көбінесе демократияға бейімділік басым болады. Ауқатты топтар біршама үлкен топты құраса, көпшілік болмаса да ықпалына сай олигархиялық сипаттағы форма орнайды, т. с. с. Бірақ, басқарудың қандай формасы болмасын ондағы топтардың мүдделері қорғалып, белгілі бір үйлесімдікте болуы тиіс. Онсыз мемлекетте тұрақтылық болмайды. Мемлекет үйлесімдікке құрылатындықтан, онда үстемдік болмауы тиіс. Өмірде үстемдік болып жатады, сондықтан да ондай мемлекетте тұрақтылық жоқ. Орта деңгейдегі ауқаттылар көпшілікті құраса, сондай мемлекет орнықтылау келеді. Аристотель мемлекетінің әртүрлі формаларына айырықша назар аударды. Ол Ұстазы Платон секілді демкратияны жамандаған жоқ. Бірақ тым қолдаған да жоқ. Ол мемлекет басқарудың дұрыс түрлері және бұрыс түрлері дегенді ажыратты және басқаруда дұрыс түрлерді өзара байланыстырып, ұштастыру керек деп есептеді.

Сол кездегі өмірде бар мемлекет формалары оның түпкі мәніне сай болмағандықтан Аристотель өзі полития деп атаған басқару формасын ұсынды. Ол — демократиялық жағы басым демократия мен олигархияның ұштасқан түрі. Біздің түсінуімізше мемлекеттің түпкі мәні де, содан шығатын басқару формалары да жалпы алғанда барлық мәдениеттер мен өркениеттер үшін бірдей. Тек кейбір жергілікті өзгешеліктері болды. Платон, әсіресе Аристотель талдаған формалар, кейінгі дәуірлерде де жалпы алғанда сақталды. Мысалы бүкіл Орта ғасырларда Шығыс болсын, Батыс болсын орнаған автократиялық, тоталитарлық формалардың жалпы түпкі сипаты бірдей, тек көріну формаларында өзгешеліктер бар. Демократиялық жүйелерде де сондай. Әртүрлі тұрғыдан болса да, Платон да, Аристотельде де тираниялық форманы ең жарамсыз түр деп қараған. Өйткені онда тиран тек өзінің өзімшілдігімен ғана билейді. Сол негізгі формалар қазіргі дүниеде де бар деп ойлаймыз.

XIVғасыр университеттеріндегі Аристотель ілімі туралы дәрісхана

Адамның саяси сипатыөңдеу

Аристотель тұңғыш рет жүйелі тәртіпке құрылған "полис" ұғымын еңгізді[37]. Полис табиғи ортақтастық және ол әулеттен, ал әулет жеке адамнан маңызды. Яғни, "қалыптасуы кейін болғандардың маңызы артығырақ болады" (1253a19-24). Оның "Табиғаты бойынша адам саяси жануар" (Men is by nature a political animal) деген әйгілі нақылы бүгінге дейін кең тараған. Аристотель саясатты механикалық емес, биологиялық бүтіндік ретінде елестеткені байқалады және оның әр бөлігі бүтіндік үшін пайдасыз жұмыс жасамауға тиіс[38].

Аристотель бойынша адамдар "өлтірілуден қорқып", "қиындықтан жалығып" табиғи күйін тастайды, саясиланады[39]. Егер адам саяси өмірден, әлеуметтік тұрмыстан оқшау қалып қалса, онда ол тағы хайуанға айналып кетуі әбден мүмкін.

Аристотель мемлекеттің түпкі метафизикалық негізін бүтіннің өз бөліктеріне үстемдігінен көрді. Аристотель үшін де мемлекеттік құрылым бүтіндік, ал адамдар — соған кіретін азаматтар — бөліктер[40].

Назар аударуға тиістісі, Аристотель мемлекетті Томас Гоббс айтқандай "қоғамдық келісімнің" емес, немесе, Макиавелли айтқандай "елдік саяси мүдденің" емес, "одақтасу" деп түсінді. Мемлекет әділетсіздік жасамайды деуге болмайды, экономикалық мүдде де бірден-бір маңызды іс болып кетпейді, ең бастысы мемлекет халқына жақсы тұрмыс кешірту үшін, ұлы мақсаттарды іске асыру үшін құрылады деп есептеді.

Саяси одақтастық құрметтелуі керек, ол тек бірігіп өмір сүруі үшін ғана емес, маңыздысы ұлы істерді тындыру үшін болады
Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игіліктер үшін бірігуі

Орта тапөңдеу

Аристотель орта тапқа айырықша мән берді. Ұлы ұстаздың пікірінше, ең бай адамдар өз байлығын көбейту мен қорғаудан басқаға артықша назар аудармайды, прогресске алып бармайды. Сондықтан ең бай адамдардан қоғамдық игілік пен бақытқа пайда аз болады. Ал, Ең кедейлердің санасы да, ісі де қара басынан аса алмайды. Олардың мүддесіне айырықша мән беру елдің шегіншектеп тұрып қалуын туғызады. Ендеше, ел үшін ең маңызды топ ол Орта Тап. Орта тап бір мемлекеттің орташа тұрғыны, олар кедей деуге болмайды, өзінідік кірісі, белгілі жұмысы, қоғамдық белсенділігі бар, ізденгіш, түрлі салада жұмыс жасайды. Оларды бай деуге де болмайды, олардың кірісі соншылық керемет жоғары болмайды. Сондықтан олар байлыққа, бақытқа талпынып көп жұмыстар істейді, жаңа идеялар туғызады, жаңа бастамалар жасайды. Мемлекет өз құрылу мақсаты бойынша осы орта таптың мүддесіне айырықша көңіл бөлу керек. Бұл идеясы бүгінгі мемлекеттер үшін де айырықша маңызға ие.

Географиялық детерминизмөңдеу

Сондай-ақ Аристотель мемлекеттердің географиялық жайласуы, климаты, суы, жемек-ішпегі секілді табиғи алғы шарттар ондағы адамдардың талғамына, мемлекеттік режимнің ерекшелігіне айырықша әсер ететіні туралы бірегей тұжырымдарын түрлі мысалдармен көрсетті. Әсіресе суық өңірдегілер мен ыстық, дымқыл өңірлердегі халықтарды салыстыра келіп, Аристотель қоңырсалқын өңірде даму біршама жақсы болатынын да тілге тиек етті. Аристотель тіпті суық өңір мен ыстық өңірдегі адамдардың психологиясына талдау жасап, олардың жауынгерлігі мен бейбітшілігінің себебін де тапқандай болды.

Ықпалыөңдеу

Беделіөңдеу

"Егер әр машина өздерінің бөлшектерін жасап, адамзат бұйырған жобаға сай жұмыс жасаса, ... егер тоқыма ұршығы өздігінен ары-бері ұшып-қонып қозғалса, күй ішектері өздері шертіліп, адамдардың қол еңбегінің қажеті қалмаса, онда жұмыста жұмысшыны басқарудың қажеті қалмайды, құл иесі де құлдарға бұйрық беріп жатпайды." [41]
Аристотельдің болашақты болжауы

Аристотель қалдырған шығармашылық мұра ежелгі заманнан жеткен ең толық, ең ықпалды филсофиялық-ғылыми жүйе есептеледі.[42] Оны Ғылымның атасы деуге де, "Бірінші ұстаз" деп атауға да жеткілікті негіз бар. Тіпті ол 2000 жыл бұрын болашақта жер бетінде Өнеркәсіп төңкерісі болатынын болжап кеткендей.

Орта ғасырдағы ағылшын ақыны Geoffrey Chaucer өз студенті туралы:
          "Қара және қызыл мұқабасы жалтырап,
            Жатады оның төсегінде тығылып,
            20 шақты Аристотель кітабы." - деп жырлайды.[43]

Ренессанс дәуіріндегі Италия ақыны Данте Аристотельді тозақтың бірінші қабатына орналастырады:
           "Көзім түсті түрлі өнер адамына,
           Философия шарбағында,
           Құрметім мен таңырқауым асқынды,
           Платон мен, сосын тағы Сократ
           Бір біріне өте жақын тұр екен."[44]

Немістің әйгілі философы Фридрих Ницше өз идеялары түгелге жуық Аристотельден келген деп есептеген болатын.[45] Тағы бір неміс ойшылы Мартин Хайдеггер өзінің әйгілі «Болмыс және Уақыт» кітабында Аристотельдің төрт себеп ілімін жете талдайды. Аристотельдің этикасы мен мораль ережесі қазіргі заман ойшылдарының (мысалы: Айн Рэнди) назарын қайта аударуда.

Беделінің салқыныөңдеу

Аристотель беделінің зор болғаны сонша, ғалымдар арасында оған көзсіз сену де белең алған екен. Жоғарыда Галилейдің Аристотельдің қателігін қалай ашып бергені айтылды. Мұнда тағы мынадай әңгіме бар:

Аристотель шығармаларының бірінде шыбынның сегіз аяғы бар деп жазыпты. Екі мың жылға таяу уақыт ғалымдар бұған күмәнсіз сеніп келген. Бірде жалғыз шыбын маза бермеген соң ғалымдардың бірі оны қағып түсіреді де, әзілдеп аяғын санайды. Сөйтсе шыбында не бары алты аяқ бар екен. Осыншама уақыт өткенше мұны тексеру неге ойға келмеген. Біріншіден, оған кінәлі Аристотельдің беделі болса, екіншіден ұлы ғалымның бұл пікірінің тым қарапайымдылығы болса керек.

Ұстазы және шәкірттеріөңдеу

Аристотель 20 жасында Платон академиясында тәлім алады. Ол өте сұңғыла, бірақ басқаларды сөзбен мысқылдағанды ұнататын даукестеу адам болған. Ол біртіндеп Платонның өзіне қарсы шығып, онымен сөз жарыстыра берген соң Платон оны "күшік" деп атапты, гректерде "сүтке тойған күшік иесін қабады" деген мақалына сай, Аристотель білімге тойып алып, мені қауып жатыр деген мағынада. Аристотель бұл қайшылық туралы былай деп жауап қайырған көрінеді:

Мен ұстазым Платонды құрметтеймін. Бірақ ақиқатты одан артық құрметтеймін
Charles Laplante: "Аристотель бала Ескендірге сабақ беруде", 1866, Чарльз Лапланте

Аристотель Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алады. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш — түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) — материя, яғни мазмұн деп қарады.

Ескендір Зұлқарнайын Аристотельдің шәкірті ретінде оған ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомахұлы данышпан Аристогтельге құдіретті Ескендір арнайды”. Сондай-ақ Ескендірдің: "егер мен патшаның баласы болмағанымда сөзсіз философ болар едім" дегені Аристотельдің даналығына айырықша тәнті болғанынан болса керек. Ескендір Аристотелге Афинаның Ликейінде сол замандағы зерттеу орталығын құруына көмек етіп, оның қасында сол заманның ғалымдары жұмыла зерттеу жұмыстарын жасауына мүмкіндік жасаған. Ол өзі жаулап алған елдерінде әлдебір ерекше зат болса, хайуанат түрі, жеміс, кез келген мәдени мұра, жазба шығарма болса Аристотельдің зерттеуіне жіберіп беріп отырған.

Философиялық толғаныс, Рембрандт сызған.

Аристотельдің ілімін дамытып, шығыс пен батыста қайта дәріптеліп, мән берілуіне ұлы шәкірттерінің бірі (Аристотель жолын қуушыларды Перипатетик деп атайды) Отырардағы түрік-қыпшақ ұлысы әулетінен шыққан ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр Әл-Фараби болды. Аристотель қазіргі ғылым деп жүргеніміздің көпшілігінің негізін қалап, олардың нені зерттейтініне дейін жүйелі нұсқау жасап, алғашқы оқулығын жазып кеткендіктен, ғылымның атасы ретінде "І ұстаз" деп қастерленсе, Ғылымдарды екінші рет қайта түрлерге бөліп, көптеген жаңа ғылым түрлерін айқындап, Аристотель қалдырған даналық жолымен жүрген Әл-Фарабиді "ІІ ұстаз" деп атайды.

Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола береді, тың мағынада үздіксіз қайта оқыла береді.

Кітаптарының сақталуы мен жоғалуыөңдеу

Аристотель

Аристотель көптеген мақалалар мен диалогтар жазса да (Цицерон оны "Алтын өзен" деп сипаттаған[46]) көбі бүгінге дейін жетпеді, ал жеткендерінің растығы да түрлі күмән туғызады. Аристотель кітаптары бірде жоғалып, бірде табылып отырған көрінеді. Қазіргі бары оның шығармаларының 5 тен 1 бөлігі ғана екен.[47].

Аристотель кітаптарының тағдырын Страбон өзінің «География» және «Плутархтың ғұмырбаяны» еңбектерінде айтады. Оның айтуынша, Аристотель қайтыс болған соң оның еңбектерінің әуелнұсқасы Теофрастқа тапсырылған. Кейін әуелнұсқа оның шәкірті Нелейге (Neleus) тапсырылады. Нелей оны Афинадан алып шығып Скепсиске (Scepsis) апарады. Нелей өлген соң оның ұрпағы әуелнұсқаны жертөлеге қояды. Бірақ, жертөледе Аристотельдің жазбасы шіри бастайды. Әуелнұсқа б. з. д. І-ші ғасырда ғана Теостан (Teos) келген сақтаушы Апелликонға (Apellicon) ұшырап, Апелликон оны сатып алып Афинаға қайта алып барады. Осы айтылымда Апелликонның жертөледе шіріген кейбір жазбаларды қалпына келтіруге, өзгертуге тырысқаны туралы да айтылады. Бірақ әріпте көптеген қате жіберген көрінеді.

Сулла

Б. з. д. 86-шы жылы Сулла (Lucius Cornelius Sulla) Афинаны басып алады және ол Апелликон сақтаған әуелнұсқаны Римге апарады. Сөйтіп б. з. д 60-шы жылы грамматик, хаткер Амисус (Tyrannion of Amisus) жағынан кітап болып басылады. Кейін перипатетик (Peripatetic) философ Андроник (Andronicus) жағынан да кітап болып басылып шығады[48][49].

Аритотель бюсті

Аристотель кітаптарының тағдыры туралы бұл әңгіме перипатетиктердің б. з. б. ІІІ-ші ғасырдан бастап тез құлдырағанын түсіндіруге, Аристотель еңбектеріндегі білімдердің Афинада кең таралмауын түсіндіруге, сосын Аристотель ілімінің б. з. б І-ші ғасырда кенет қайта құштарлық туғызуын түсіндіруге жарайды.

Бірақ, зерттеуші Карнес Лорд (Carnes Lord) оқиғалардың дәл осылай өрбігеніне күмән келтіреді. Оның айтуынша, сонша ұзақ ғасыр сақталған қолжазба шіріген болса, оны Апелликон сыртқы техника арқылы қалпына келтіре алмас еді деп есептейді. Оның дәлелдеп көрсетуінше, Аристотель кітаптары жертөлеге қамалудан бұрын да Афинада көптеп таралған. Сосын, Аристотель қолжазбасының жариялану мезгілі мен осы айтылған әңгімедегі Андрониктің басып шығарған мезгілі сай келмейді. Ежелгі кітап түрлері туралы деректердегі Аристотель кітаптарының басылып шығу мезгілі де бұл әңгімедегі уақыттан ерте. Карнес Лорд «Саясаттану» қатарлы кітаптардың мазмұны Аристотель ағымының мүшелері жағынан өзгертілсе де, осы шығармасы салыстырмалы түрде бүгінге толық жеткен нұсқа есептеледі дейді[50][51].

Екінші ұстаз — Әл-Фараби

Римдік кезең ақырласқан соң, Аристотель кітаптары батыста екінші реткі жоғалу мезгілін бастан кешіреді. Идеологиясы Католик шіркеуі үстемдігіне түгелдей бағынышты болған батыс Еуропа көне Гректердің философиясы мен ғылыми жетістіктеріне, Аристотель секілді ғұламаларға өте суық қарады. Тіпті олардың ізін жалғастырып, даналық пен ғылымға ден қоюшыларды "азғындар", "дін сатқындары", "күнәһарлар" ретінде қатал жазалаудан, тіпті тірідей отқа өртеуден тайынған жоқ. Бірақ, бұл рет шығыстағы Араб, Парсы, Түркі мұсылмандарынан шыққан оқымысты ойшылдар Аристотель шығармаларын сақтап қалды және оны зерттеуді жалғастырды. Әсіресе, Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд қатарлы ғұламалар Аристотель кітаптарын тіке зерттеп, кейінгі шығыс-батыс мәдениетіне ықпал еткен көптеген трактаттар жазып қалдырды. Аристотель кітаптары Мұсылмандардың Фалсафа қозғалысының негізгі тірек нүктесі болды.

Мұсылмандық философия қозғалысының әсері батысқа жеткенде Кремондық аудармашы Жерар (Gerard of Cremona) Аристотель кітаптарын аудара бастады. Мербекелік Уильям да біраз кітаптарды латын тіліне аударды. Құдайдың бар екеніне әйгілі бес дәлел келтірген әйгілі Томас Аквинат өзінің теологиялық кітаптарын жазған кезде осы Мербекелік Уильямның аудармаларын оқыған екен. Сөйтіп ары қарай Аристотельге деген құштарлық батыста қайта өршіп, Еуропа Аристотель шығармаларымен сусындай бастайды.

Әл-Фарабидің ұстазы Аристотельдің қазақ тілінде кезекте "Менатфизика" кітабының 12 кітабы, «Үлкен этика», «Саясаттану» деген еңбектері толық аударылып, Мәдени Мұра бағдарламасы бойынша жеке кітап етіп басылып шықты. Сарапшы М.Сәбит, аударғандар Қ. Ә. Әбішев, А. Сағиқызы, Т. Рысқалиев, Ә. Қодар[52].

Аристотель еңбектеріөңдеу

Еңбектерінің тізіміөңдеу

Аристотельдің еңбектері «Аристотель жинағында» (лат. Corpus Aristotelicum) бес түрге бөлінген. Төмендегі шығармалар тәртібі Оксфорд университеті аударған нұсқалардағы ережеге сай жасалған[53]. Бұлар арасындағының кейбірінің растығына әлі де таластар көп[54]. Кейбір кітаптарда Аристотельдің бейнесі, кітаптағы ой-пікірлер мен пайдаланатын сөздері ұқсай бермейді[55][56][57]. Кей шығармасы, мысалы «Афина саясатын» көп санды зерттеушілер Аристотель ағымындағылар Аристотельдің ұйымдастыруымен жазған деп есептейді. Басқалары, мысалы «Рең туралыны» оның шәкірттері жазған болуы мүмкін. Ал кейде Теофраст жазған деген дерек айтылады. Кей шығармасы, мысалы «Өсімдік туралы» деген еңбегін Аристотель атымен басқа біреу жазған болуы да мүмкін. Бұл тізімде оның атына орта ғасырда қосылған астрология (жұлдызнама), магияға (сиқыр) қатысты кітаптар аластатылды. Өйткені ол шығармалар танымал болу үшін ғана Аристотель атына тіркелген[58]. Төмендегі тізімде * белгісі қойылғандары растығы біршама таласты кітаптар есептеледі.

Логика еңбектері
Толық мақаласы: Органон
  • Органон - Аристотельдің алты логика жәйлі кітабын қамтиды. Олар:
  1. Категория туралы (көне грекше: Κατηγοριῶν / лат. Categoriae)
  2. Түсіндіру туралы (көне грекше: Περὶ ἑρμηνείας / лат. De interpretatione)
  3. Алғашқы аналитика туралы ( көне грекше: ἀναλυτικά πρότερα / лат. Analytica priora)
  4. Кейінгі аналитика туралы (көне грекше: ἀναλυτικά ὑστερα / лат. Analytica posteriora)
  5. Топика (көне грекше: Τοπικῶν / лат. Topica)
  6. Софистикалық тойтарыс туралы ( көне грекше: Περὶ τῶν σοφιστικῶν ἐλέγχων / лат. De sophisticis elenchis)
Физика және ғылыми кітаптары
  1. Түйсік және түйсіну (көне грекше: Περὶ αἰσθήσεως καὶ αἰσθητῶν / лат. De sensu et sensibilibus)
  2. Жады туралы (көне грекше: Περὶ μνήμης καὶ ἀναμνήσεως / лат. De memoria et reminiscentia)
  3. Ұйқы туралы (көне грекше: Περὶ ὗπνου καὶ ὶγρηγορήσεως / лат. De somno et vigilia)
  4. Түс туралы (көне грекше: Περὶ ἐνυπνίου / лат. De insomniis)
  5. Ұйқы сиқыры туралы (көне грекше: Περὶ τῆς καθ΄ ὕπνον μαντικῆς / лат. De divinatione per somnum)
  6. Ғұмырдың ұзын-қысқалығы туралы ( көне грекше: Περὶ μακροβιότητος καὶ βραχυβιότητος / лат. De longitudine et brevitate vitae)
  7. Сәби, қария, тіршілік, өлім және тыныс алу туралы (көне грекше: Περὶ νεότητος καὶ γήρως καὶ ζωῆς καὶ θανάτου / лат. De juventute et senectute, de vita et morte et de respiratione)
Метафизикалық еңбектері
Этика
Эстетика

Еңбектерінің жинақтарыөңдеу

Дереккөздерөңдеу

  1. That these undisputed dates (the first half of the Olympiad year 384/383 BC, and in 322 shortly before the death of Demosthenes) are correct was shown already by August Boeckh (Kleine Schriften VI 195); for further discussion, see Felix Jacoby on FGrHist 244 F 38. Ingemar Düring, Aristotle in the Ancient Biographical Tradition, Göteborg, 1957, Үлгі:P.
  2. Guardian on Time Magazine's 100 personalities of all time.
  3. Ranker.com - The most influential people of all time.
  4. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  5. Emily Kearns, "Animals, knowledge about," in Oxford Classical Dictionary, 3rd ed., 1996, p. 92
  6. Cicero, Marcus Tullius Academica Priora (106–43 BC). — «veniet flumen orationis aureum fundens Aristoteles»  Тексерілді, 25 қаңтар 2007.
  7. Jonathan Barnes, "Life and Work" in The Cambridge Companion to Aristotle (1995), Үлгі:P..
  8. Campbell, Michael Behind the Name: Meaning, Origin and History of the Name "Aristotle". Behind the Name: The Etymology and History of First Names. www.behindthename.com. Тексерілді, 6 сәуір 2012.
  9. McLeisch, Kenneth Cole Aristotle: The Great Philosophers — Routledge, 1999. — P. 5. — ISBN 0-415-92392-1.
  10. Anagnostopoulos, G., "Aristotle's Life" in A Companion to Aristotle (Blackwell Publishing, 2009), Үлгі:P..
  11. Biography of Aristotle. Biography.com. Тексерілді, 12 наурыз 2014.
  12. Carnes Lord, introduction to The Politics by Aristotle (Chicago: University of Chicago Press, 1984).
  13. See Shields, C., "Aristotle's Philosophical Life and Writings" in The Oxford Handbook of Aristotle (Oxford University Press, 2012), Үлгі:Pp.. Düring, I., Aristotle in the Ancient Biographical Tradition (Göteborg, 1957) is a collection of [an overview of?] ancient biographies of Aristotle.
  14. a b Peter Green, Alexander of Macedon, University of California Press Ltd. (Oxford, England) 1991, Үлгі:P.
  15. a b Bertrand Russell, A History of Western Philosophy, Simon & Schuster, 1972.
  16. Encyclopædia Britannica The Britannica Guide to the 100 Most Influential Scientists — Running Press, 2008. — P. 12. — ISBN 9780762434213.
  17. Neill Alex The Philosophy of Art: Readings Ancient and Modern — McGraw Hill. — P. 488.
  18. Peter Green, Alexander of Macedon, University of California Press Ltd. (Oxford, England), 1991, Үлгі:P. and 459.
  19. Jones W. T. The Classical Mind: A History of Western Philosophy — Harcourt Brace Jovanovich, 1980. — P. 216. — ISBN 0155383124.
  20. Vita Marciana 41, cf. Aelian Varia historica 3.36, Ingemar Düring, Aristotle in the Ancient Biographical Tradition, Göteborg, 1957, T44a-e.
  21. Aristotle's Will, Aufstieg und Niedergang der römischen Welt by Hildegard Temporini, Wolfgang Haase.
  22. Aufstieg und Niedergang der römischen Welt by Hildegard Temporini, Wolfgang Haase Aristotle’s Will
  23. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  24. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  25. Аристотель және себептілік
  26. Rose Lynn E. Aristotle's Syllogistic — Springfield: Charles C Thomas Publisher, 1968.
  27. Bocheński I. M. Ancient Formal Logic — Amsterdam: North-Holland Publishing Company, 1951.
  28. Aristotle, Metaphysics VIII 1043a 10–30
  29. Metaphysics VIII 1045a-b
  30. Jori Alberto Aristotele — Milano: Bruno Mondadori Editore, 2003.
  31. Physics , 2.6
  32. Sachs, Joe (2005), "Aristotle: Motion and its Place in Nature", Internet Encyclopedia of Philosophy, http://www.iep.utm.edu/aris-mot/ 
  33. “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.
  34. Боченски, 1951
  35. Rose, 1968
  36. Rutherford Donald The Cambridge Companion to Early Modern Philosophy — Cambridge University Press, 2006. — P. 170ff. — ISBN 9780521822428.
  37. Ebenstein Alan Introduction to Political Thinkers — Wadsworth Group. — P. 59.
  38. Ebenstein Alan Introduction to Political Thinkers — Wadsworth Group, 2002. — P. 59.
  39. For a different reading of social and economic processes in the Nicomachean Ethics and Politics see Polanyi, K. (1957) "Aristotle Discovers the Economy" in Primitive, Archaic and Modern Economies: Essays of Karl Polanyi ed. G. Dalton, Boston 1971, 78–115
  40. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАСЫ ЖАЙЫНДА, Қажымұрат Әбішев, http://e-history.kz/media/upload/72/2013/09/05/f936d22c8af5e1698ab33ea470fb8c48.pdf
  41. Durant Will The Story of Philosophy — United States: Simon & Schuster, Inc., 1926 (2006). — P. 82. — ISBN 9780671739164.
  42. Durant Will The Story of Philosophy — United States: Simon & Schuster, Inc., 1926 (2006). — P. 92. — ISBN 9780671739164.
  43. Geoffrey Chaucer, The Canterbury Tales, Prologue, lines 295–295
  44. vidi 'l maestro di color che sanno
    seder tra filosofica famiglia.

    Tutti lo miran, tutti onor li fanno:

    quivi vid'ïo Socrate e Platone

    che 'nnanzi a li altri più presso li stanno;
    Dante, L'Inferno (Hell), Canto IV. Lines 131–135
  45. Durant Will The Story of Philosophy — United States: Simon & Schuster, Inc., 1926 (2006). — P. 86 fn. — ISBN 9780671739164.
  46. Cicero, Marcus Tullius "flumen orationis aureum fundens Aristoteles". Acadmeica (106BC-43BC). Тексерілді, 25 қаңтар 2007.
  47. Ammonius On Aristotle's Categories — Ithaca, NY: Cornell University Press, 1991. — ISBN 0-8014-2688-X. p. 15
  48. Ancient Rome: from the early Republic to the assassination of Julius Caesar – Page 513, Matthew Dillon, Lynda Garland
  49. The Encyclopedia Americana, Volume 22 – Page 131, Grolier Incorporated – Juvenile Nonfiction
  50. Lord Carnes Introduction to the Politics, by Aristotle — Chicago: Chicago University Press, 1984. — P. 11.
  51. Anagnostopoulos, G., "Aristotle's Works and Thoughts", A Companion to Aristotle (Blackwell Publishing, 2009), p. 16. See also, Barnes, J., "Life and Work", The Cambridge Companion to Aristotle (Cambridge University Press, 1995), pp. 10–15.
  52. Әлемдік философиялық мұра: Аристотель филсофиясы, Жиырма томдық. 3-том. Алматы, Жазушы, 2005. 568 бет. Құрастырғандар: Қ.Ә.Әбішев, Т.Ы.Әбжанов, Сарапшы М.Сәбит, Аударғандар: Қ.Ә.Әбішев, А.Сағиқызы, Т.Ырысқалиев, Ә.Қодар
  53. The Complete Works of Aristotle, edited by Jonathan Barnes, 2 vols., Princeton University Press, 1984.
  54. Magee Bryan The Story of Philosophy — Dorling Kindersley, 2010. — P. 34.
  55. Jonathan Barnes, "Life and Work" in The Cambridge Companion to Aristotle (1995), p. 12; Aristotle himself: Nicomachean Ethics 1102a26–27. Aristotle himself never uses the term "esoteric" or "acroamatic". For other passages where Aristotle speaks of exōterikoi logoi, see W. D. Ross, Aristotle's Metaphysics (1953), vol. 2, pp. 408–410. Ross defends an interpretation according to which the phrase, at least in Aristotle's own works, usually refers generally to "discussions not peculiar to the Peripatetic school", rather than to specific works of Aristotle's own.
  56. Aristotle (Greek philosopher) – Britannica Online Encyclopedia. Britannica.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 сәуір 2009. Тексерілді, 26 сәуір 2009.
  57. Durant Will The Story of Philosophy — United States: Simon & Schuster, Inc., 2006. — P. 92. — ISBN 978-0-671-73916-4.
  58. Lynn Thorndike, "Chiromancy in Medieval Latin Manuscripts," Speculum 40 (1965), pp. 674–706; Roger A. Pack, "Pseudo-Arisoteles: Chiromantia," Archives d'histoire doctrinale et littéraire du Moyen Âge 39 (1972), pp. 289–320; Pack, "A Pseudo-Aristotelian Chiromancy," Archives d'histoire doctrinale et littéraire du Moyen Âge 36 (1969), pp. 189–241.

Сыртқы сілтемелерөңдеу

Уикидәйекте бұған қатысты дәйексөз жиынтығы бар:
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Аристотель
🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау