Алтын Орда тарихы

Алтын Орда құрылуыөңдеу

1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.

1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.

Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

Алтын Орда өзін билеген хандарыөңдеу

Бату -1243-1255 жж, Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.

Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары – ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.Монғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған әкімдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты, монғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ. Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды монғол шенеуніктері қадағалап отырды.

Қазақстан жеріне монғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын «Ясыларын» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін әрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндеттелді. Бүкіл халықтан хан әулетіне сыбаға тиіс деп есептелді және оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер копчур деп аталатын салық төлеуге тиісті болды, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды-әрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж(жер салығы) алынды. Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, монғолдар белгілеген салықтың кемінде 20 түрін атап көрсетеді.

Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әртүрлі, экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасындағы хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алды. Бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін іштегі алауыздық жегідей жеді. Тек 1357 -1380 жылдар арасында Алтын Орда тағында 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі өрістеді. ХIV ғасырдың аяқ кезінде Мәуереннахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380 жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған монғол әскерлерін талқандаған орыс княздары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Алтын Орда Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Сөйтіп экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы) факторлар нәтижесінде Алтын Орда мемлекеті күйреді.

Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтар мен елдердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор шығын әкелді. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы, қала мәдениеті мен егіншілігі гүлденген аудандары тапталды. Қалалар мен елді мекендер Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент сияқты ірі орталықтар қиратылып, Жетісу бойындағы қалалар құрып кетті.

Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді.Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған.Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІΥ-XΥ ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.

Ақ Ордаөңдеу

Ақ Орданың дербестікке ие болуыөңдеу

Алтын Орданың күйреуімен монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздікке ие болып Қазақстан жерінде жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. 1227 жылы Жошы ханның қайтыс болуымен билік оның екінші ұлы Батудың қолына өтті. Бұл туралы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» мынадай дерек кездеседі: «Жошы ханның өлімін естіген Шыңғыс хан қайғы жамылып, аза тұту жариялады. Ол Отчигинге Дешті Қыпшаққа аттанып, Жошы ханның орнына Сайын хан деген лақап атпен белгілі, оның екінші ұлы Батыны сайлап, оның бұл дәрежесін ағалары мен бүкіл әмірлеріне мойындатуды бұйырды... Бәрі бірауыздан оның билігін мойындады». Мұрагерлік мәселесіне қатысты бұл шешім жөнінде Рашид ад-дин «Орда інісі Батының хан тағына отыруын қолдап, әкесінің тағына оны өз қолымен отырғызды», - деп жазды. Бату Шығыс Еуропаға жасаған жорығынан оралған соң өз ұлысын әке ордасынан бөліп алды. Өз ордасының батыс шекарасын Жайықпен шектеп, одан шығысқа қарайғы жерлер ағасы Орда Ежен билігіне өтті. Ақ Орданың негізін қалаған да осы Орда Ежен. Рашид ад-дин: «кімде-кім Орда ұрпағынан келіп, Баты ұрпақтарының орнына хан болып отырмайтын, өйткені олар бір- бірінен алыста болды және әрқайсысы өз ұлысының жеке билеушілері саналды», - деп көрсетеді. Ақ Орда алғаш құрылған кезде Алтын Ордаға формальды түрде тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды.

Жер аумағы және этникалық құрамыөңдеу

Ақ Орданың шекарасы батыста Жайық өзенінен шығыста Ертіске, солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ Алтайдан қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды.

Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесіне сүйенсек онда он бір хан билік құрған. Оларды билеген уақытына қарай мынадай ретпен тізеді:

  • Орда Ежен,
  • Күнқыран,
  • Қоныш,
  • Баян,
  • Сасы-Бұқа,
  • Ерзен,
  • Мүбарак,
  • Шымтай,
  • Ұрысхан,
  • Қойыршақ,
  • Барақ.

Ішкі және сыртқы саясаты. Шаруашылығыөңдеу

Ақ Орданың әскери-саяси күшінің шырқау шегіне жетіп күшейген мезгілі Шымтайдың мұрагері Ұрыс ханның тұсы. Осы кезде Алтын Орда тағы үшін болып жатқан билікке таластан Ақ Орда билеушілері де шет қалмады. Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Мүбарак хан 1327-1328 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғаларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, 1376 жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Бірақ осы кезде Маңғыстау Үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй Хожаның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялады. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ, осыдан кейін ол Әмір Темірдің қамқорлығынан босануға тырысады. Бірақ 1388, 1391 және 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда құлдырады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті. Оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді.

Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан Х1Vғ. соңы –ХV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреді. Барақ хан ішкі талас-тартыстар мен сыртқы шабуылдарды тоқтата алмады. 1428 жылы Барақтың өлімінен кейін маңғыттық Едіге ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтың біраз бөлігіне өз билігін таратса, солтүстікте шайбаниліктер бас көтере бастады. Шайбанилік Әбілқайыр хан XΥ ғ. ортасында Ақ Орданың біраз жерлерін басып алды. Биліктен айырылған Орыс хан ұрпақтары оңтүстікке, Сыр бойына қарай ығысты. 1446 жылы Әбілқайыр Ақ Орданың астанасы болған Сығанақты басып алды.

Моңғолстан мемлекетіөңдеу

XIV ғасырдың ортасында Шағатай әулеті мемлекетінің ыдырауымен, оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.) еді. Моғолстан тарихы бойынша құнды дерек көзі «Тарих и- Рашидиде» бұл туралы мынадай мәлімет бар: «Моғол тілінде (шежіреде) ханды әмір Поладшы он алты жасында әкелді деп айтылады. Он сегіз жасында (Тоғылық Темір) хан болды, 24 жасында мұсылман болды, ал 34 жасында өлді». Дегенмен деректер негізгі саяси билік дулат тайпасының өкілі әмір Поладшының қолында болды деп көрсетеді.

Моғолстан Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы-тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты. «Моғолстан» тарихи термині «монғол» атауынан шыққан. «Монғол» есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындыларда «моғол» деп айтылып жазылатын болған.

XIV-XV ғасырларда Моғолстан құрамына Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аймақтары кірді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың көрсетуінше, Моғолстан аумағы төмендегідей болды: «Қазіргі уақытта Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті сегіз айлық жол болады. Оның шығыс шекарасы қалмақтардың жері Барыскөл, Емел және Ертіске тіреледі. Солтүстігінде Көкше теңіз (Балқаш), Бум Лиш және Қараталмен, батыс шекарасы Түркістан мен Ташкент және оңтүстігінде Ферғана, Қашқар, Ақсу, Тұрфанмен шектеседі. Осы төрт шекаралас аймақтың ішінен мен Моғолстанның оңтүстік аймағын көрдім. Ташкенттен Әндіжанға дейін он күндік жол. Әндіжаннан Қашқарға дейін жиырма күн, ол жерден Ақсуға шейін он бес күндік жол... Қалған үш жағын көрген жоқпын. Сол жаққа барып келіп жүргендерден есіттім, олардың айтуынша ол шекаралар ұзындығы жеті сегіз айлық жол...». (Карта қою керек)Ол жергілікті түрік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі еді. Оған кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Сонымен XV ғасырдың орта шенінде Жетісу, Қырғыз жерлерін қамтып жатқан Моғолстан мемлекетінің құрылуы Дешті Қыпшақты біріктірген Ақ Орданың пайда болуымен қатар жүзеге асқан Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болғаны даусыз. Моғолстан ордасының орталығы - Алмалық қаласы болды.Тоғылық Темір мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдаған. Ханның бұйрығы бойынша исламды қабылдамаған әмірлер мен бектер өлім жазасына кесілген.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық билік жүргізуді көксеген Тоғылық-Темір Мәуереннахр өлкесін Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп ол 1358 жылы астыртын кісі жіберіп Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін Мәуәреннахр бірнеше тәуелсіз облыстарға бөлініп кетті. Бұл жағдайды пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір 1360 жылы оларды бағындыруға кірісті. Бұл кезде Орта Азияның болашақ әміршісі Ақсақ Темір өзінің шағын тобымен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрген болатын. Тоғылық Темір Кешті алып, оны басқаруды Темірге тапсырды.1361 жылы Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық Темір оған билеуші етіп баласы Ілияс-Қожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Ілияс-Қожа Моғолстанға оралды. Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды.Ілияс Қожаның Моғолстанға қайтуын пайдаланған Әмір Темір Мәуереннахрдағы билікті өз қолына алу үшін Ілияс Қожаға қарсы шығады. Алғашқы қақтығыстарда моғол ханы жеңіліске ұшырайды. 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болады. Кескілескен шайқаста екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылады. Бұл шайқаста Ілияс Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады. Осы жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанады. Самарқан халқы ерлікпен шайқасады. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен моғол ханы кейін қайтуға мәжбүр болады.

XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстанға бірнеше дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болады.1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болды. Хандық билік үшін талас оның балалары Жүніс пен Есен Бұға арасында өрбіді. 1433 жылы Есен Бұға дулат әмірлерінің қолдауымен хан тағына отырады. Ол 1462 жылға дейін билікте отырды.Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абд ар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады.

Моғолстан мемлекетінің билеушілерін мынадай ретпен беруге болады: Тоғылық Темір – 1348-1362жж., Ілияс Қожа – 1363-1365жж., Әмір Қамар ад- дин – 1365-1389жж., Қызыр Қожа – 1389-1399жж., Шами Жахан – 1399-1408жж., Мұхаммед – 1408-1416жж., Нақш Жахан – 1416-1418жж., Уәйіс хан – 1418-1433жж., Есен Бұға – 1433/34-1462жж., Дос Мұхаммед 1462-1468/69жж., Жүніс – 1469- 1487жж.. Жүністен кейін Моғолстан бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды келесі сұлтандар басқарды: Ахмет сұлтан, Махмұд сұлтан, Хадид сұлтан, Мансұр сұлтан, Саид сұлтан. Одан әрі Моғолстан біржола Қазақ хандығының құрамына енді.

Егер қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен қазақ хандығының құрылуына XIV-XV ғасырларда өмір сүрген этносаяси қауымдастықтардың тікелей қатысы бар десек, мұның Моғолстанға да байланысты болғандығы. Біріншіден, Моғолстан мемлекеті оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағын қамтыды, екіншіден, оның негізгі халқы қазақ этносын құраған басты тайпалар үйсін, дулат, қаңлы, албан, суан, жалайыр, т.б. болды және Қазақ хандығы ретінде құрылған қазақ мемлекетінің шаңырағы да осы жерде қайта көтерілді.

Дереккөздерөңдеу

1. Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. (көне дәуірден) А., 1995.

2. Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. А., 1993. 400-бет.

3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1, 2 томдар. А., 1997. 542- бет., А., 1998.

4. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы, 1996.

5. Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий. СПб., 2005.

Санаты: Қазақстан тарихы

🔥 Top keywords: Басты бетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыҚазақша жыл санауҚазақстанЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАуызашарҚазақ хандығыҚаныш Имантайұлы СәтбаевАхмет БайтұрсынұлыНаурыз мейрамыМұхтар Омарханұлы ӘуезовАлланың есімдеріАбай жолы (роман)Шоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүсіп БаласағұниМұхаммедАрнайы:ІздеуОғыз мемлекетіСалауатҮш Жүз партиясыКүнделік.кзҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зәр шығару жүйесіТыныс алу жүйесіАс қорыту жүйесіІлияс ЖансүгіровЖүрекТехасҚант диабетіЖарапазан2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазан төңкерісіҚимақ қағанатыНаймандарСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСайлау жүйесіФотосинтезӘл-Фатиха сүресіАуыз бекітуТуберкулезЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыОразаны бұзбайтын жағдайларЕкінші дүниежүзілік соғысИсламКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚұрмалас сөйлемӘбу Насыр Әл-ФарабиМіржақып Дулатұлы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісПневмонияҚарахан мемлекетіАқ Орда (мемлекет)Әскери коммунизм саясатыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақ хандарыСыбайлас жемқорлықЖүрек ауруларыЖасушаМиТүркістан автономиясыҚанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСемей полигоныҚан топтарыСанат:Қазақтың ұлттық ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАбылай ханШыңғыс ханСаяси партияМұнайII ЕлизабетСүреҚұндылықМәдениетАсқорыту мүшелеріСабақтас құрмалас сөйлемСәкен СейфуллинҰлы Жібек жолыҚазақстан Республикасының КонституциясыЕтеккірСын есімҚазақ ұлттық киімдеріПортал:Абай Құнанбайұлы/Қыс өлеңіБірінші дүниежүзілік соғысБесін намазыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөкжөтелЕсімдікБұлшық етСақтарЖүсіпбек АймауытовТарауих намазыШылау