Географиялық координаттар


Географиялық координаттар (лат. со – бірге, ordinatus – реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер.[1] Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді.

Бойлық сызықтар перпендикуляр, ал ендік сызықтар экваторға параллель.

Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді.

Солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда – теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.

ДереккөздерӨңдеу

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
🔥 Top keywords: Ермұхан Бекмаханұлы БекмахановАбай ҚұнанбайұлыҚожа Ахмет ЯсауиДНҚКөне түркі жазбаларыАхмет БайтұрсынұлыТүрік қағанатыҰлы Жібек жолыБасты бетӘбу Насыр Әл-ФарабиЛай суға май бітпес қой өткенге...Географиялық ақпараттық жүйеҚазақстанҚаныш Имантайұлы СәтбаевЭпитетМетафораҚазақстан қорықтарының тізіміҚыз ЖібекОғыз мемлекетіМәдениетҚарлұқ қағанатыАрнайы:ІздеуАстанаСақтарСаңырауқұлақтарЖасушаТөле биҚазақ хандығыӨркениетБатыс Түрік қағанатыДиуани хикметБотай мәдениетіПроцессорТүргеш қағанатыҚазақ ұлттық киімдеріҚола дәуіріАлаш партиясыҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМіржақып ДулатұлыСемей полигоныТалас шайқасы18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыЕсік Алтын адамыАқпараттық қауіпсіздікЖерЖерді қашықтықтан зондтауКүлтегінҚимақ қағанатыҚарахан мемлекетіКөмірсуларСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Алып Ер ТоңаАқпан төңкерісіГеографияҚашықтықтан зерделеуКүлтегін ескерткішіGoogleНеолитДауыссыз дыбыстарӘйтеке биГеографиялық зерттеу әдістеріЕсептеуіш техника тарихыГенетикаҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерОперациялық жүйелерҚырғи қабақ соғысыШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҒұндарҚорықтарАлтын ОрдаҚаңлылар1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісШыңғыс ханОралхан БөкейОрхон жазба ескерткіштеріГеографиялық картаҚазыбек биЖоңғар шапқыншылығыМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚорқыт атаМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚызыл кітапСалт-дәстүрТас дәуіріАллитерацияҚырықжапырақтәріздестерЕртісКартографияМүктәрізділерМетонимияЫбырай АлтынсаринСын есімАфрикаҮйсін мемлекетіКапиталЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарПерифразПрокариоттар