Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 234 782 мақала бар.
Қымыз

Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.
Қымыз — түркі және моңғол көшпелі халықтарының бірнеше мыңжылдықтан бері пайдаланып келе жатқан сусыны.
Қымыз ашыған күні қымыздың алды ауыл адамдарына беріледі. Жазғытұрымда бие байланған кезден бастап, қазан айының басына дейін (бие ағытылғанша) қымыз үзілмейді. Қымыздың жақсы болуы ыдысына, ашытылуына, ұсталу бабына байланысты болады. Қымыздың шипалық, емдік маңызы зор.
Бие сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар — қазақтар, қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген. Оны даярлау әдістерін ежелгі скифтер де білген екен. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот, көшпелі скифтер бие сүтінен қымыз даярлаған, деп жазды.
Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910, Көлбастау – 10 маусым 1982, Алматы) — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы.
Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() | Ортаққор Ашық файлдар қоры | ![]() | Уикисөздік Ашық сөздікқор | ||
![]() | Уикидерек Ашық дерек базасы | ![]() | Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры | ||
![]() | Уикихабар Ашық жаңалықтар | ![]() | Уикидәйек Дәйексөз жинағы | ||
![]() | Уикиқайнар Ашық кітапхана | ![]() | Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі | ||
![]() | Уикисабақ Білім қоры | ![]() | Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы | ||
![]() | MetaWiki Жобаларды үйлестіру | ![]() | МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама |
Білгенге маржан

- Қазақстанда Өлеңті деп аталатын 2 өзен бар, біреуі Жайыққа, екіншісі Ертіске құяды.
- Шекспирдің сонеттерін қазақ тіліне екі белгілі ақын жеке-жеке аударған.
- Әл-Фарабидің атақты трактаты ағылшынның утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болған.
- «Робот» сөзін ойлап тапқан жазушы Карел Чапек бірнеше рет Нобель сыйлығына номинация алған еді.
- Процедуралық драмалардың әр сериясы басы-аяғы бар сюжетті ұсынады (суретте — медициналық драманың логотипі).
- Қымызынай Саумалкөлден біршама шығысқа қарай орналасқан.
Жаңалықтар

- 20 қыркүйек — Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді
- 19 қыркүйек — Әзірбайжан Таулы Қарабақта әскери операциясын (суретте) бастады.
- 12 қыркүйек — Даниэль дауылынан туындаған Ливиядағы су тасқынынан 11 500 адам қаза тапты.
- 9 қыркүйек — Мароккода жер сілкінісінен 2000-нан астам адам қайтыс болды.
- 30 тамыз — Қырғызстан TikTok әлеуметтік желісін бұғаттады.
- 30 тамыз — Габонда әскерилер президентті тұтқындап, лауазымынан босатты.
28 қыркүйек

Гвинея, Референдум күні
Қытай Республикасы, Ұстаз күні
Армения, Әскер күні
Оқиғалар
- 1618 — Брюссель қаласында әлемдегі бірінші ломбард ашылды.
- 1821 — Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды.
- 1937 — Екінші дүниежүзілік соғыс: Варшава капитуляциясы.
- 1958 — Францияда референдум нәтижесінде Бесінші Республика Конституциясы қабылданды.
Туғандар
- 1841 — Жорж Клемансо (1929), француз мемлекеттік қайраткері, Франция Премьер-министрі.
- 1803 — Проспер Мериме (1870), француз жазушысы.
- 1852 — Анри Муассан (1907), француз химигі, 1906 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1897 — Мұхтар Омарханұлы Әуезов, қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым
- 1910 — Диосдадо Макапагал (1997), Филиппин мемлекеттік қайраткері, Филиппиндер президенті.
Қайтыс болғандар
- 1859 — Карл Риттер (1779), неміс ағартушысы, қазіргі географияның негізін салушы.
- 1891 — Герман Мелвилл (1819), американды жазушысы.
- 1927 — Виллем Эйнтховен (1860), голланд физиологы, 1924 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1989 — Фердинанд Маркос (1917), Филиппиндер президенті.
- 1927 — Уильям Боинг (1881), американдық авиақұрастырушысы.
Қыркүйек айына ортақ жұмыс
Барлық қатысушыларды мына мақалаларды толықтыруға және бастауға шақырамыз:
Сондай-ақ cіз келесі мақалаларды аудару арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз;
Аударылмаған мақалалар саны: 8
Машиналық аудармалар саны: 48
Біріктіруге ұсынылған мақалалар: 0